Өлеңдер ✍️

  11.05.2023
  161


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Кен қазына байлық ізденуші

Небір қарбаласты да,
Небір ауыртпашылығы мол азапты да,
Аз емес көп жыл,
Бір басымнан өткердім.
Кедейшілік – одан асқан жоқ қиыншылық,
Алтын жиһаз маған бәрінен де қымбатты!
Тағдырыммен бәстесіп, шешімге келдім,
Қазына байлық қайтсем де мен табамын – деп,
«Сол үшін күйіп-жанамын!» – деп.
– Қасық қаныммен серт жасадым.
Сиқырлап дөңгелетіп орнын сызып,
Бар ғылымның жолын тердім,
Адыраспан жағып жалбарынып,
Жаратқанымнан байлық бер деп мен тіледім.
Табиғаттың құдіретіне көзім жетіп,
Бар жолдардың болмысын ойладым мен.
Дәл осы жерден кен қазына байлықты табармын деп;
Тас қараңғыға жолықтым кеп.
Бір кезде алыстан келіп жап-жарық сәулесі түсіп,
Жарық жұлдыздың сәулесіндей,
Айналам түгел анық көрінді.
Түннің ортасы болғанмен,
Жап-жарық болып нұрланып,
Жабайы бұтақ өсіп шықты.
Қараңғы қоюлана дөңгеленіп ол биіктеніп,
Бұйраланып гүл шоғындай көрінді,
Күн нұрының сәулесі жаңа түскендей,
Ерекше бір құбылыс,
Ыдыстар тола жайылған.
Алдымнан бір көркем бейне көргенде,
Небір ойға кеттім –
Жын, шайтандар ау осы жіберген,
Жанымды менің алуға келген, – деп.
«Алдыңа қойған құмыраны ішіп қой,
Ақылыңа ақыл толар,
Сонда саған да сабыр берер,
Бекерден бекер жатқан байлық –
Гауһар-маржан, алтындар да –
Қиялыңнан мүлде кетер.
Еңбексіз байлықтың келмесіне көзің жетер!
Күйбең тіршілікпен – күнде өтер!
Қуаныш-күлкі – бос уақытта!
Терлеп тепшу, тер төгу – апталықта!
Мереке – досыңа! –
Болашағыңда болар сенің күндесің».

1797




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу