Өлеңдер ✍️

  11.05.2023
  70


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Шах Бехрамгер...

Шах Бехрамгер,
Өлең-жырдың, тәтті бал-шырынын ашып бізге,
Көңілі қалап оның тілін тапқандай.
Бойжеткен қыздың ерекше бір қуанышты,
Нәзік сезіміндей.
Құрбысы оның өлең-жырларымен,
Төгілте бір жауап қатар.
Соған ұқсап, сен де маған, қымбатсың,
Дабыл қағып жұмбақ сөздер ашылып,
Бехрамгөрге қызғанышты тудырмай,
Өз патшалығымды мен құрдым.
Өлеңіңмен көңілімді хош еттің.
Әндетіп, шіркін жүрек төрінен,
Үнменен үндер бірлесіп,
Көздермен көздер кездесіп,
Бәріне де жауап қаттың бар өміріңмен.
Жолдаймын өзіңе арнап туындымды,
Алыс жерге –
Жоғалғанмен дауысы, сөзі жетер.
Жарық жұлдыздар сөнгенменен ішіндегі,
Махаббат жер бетінде өлмес мәңгі.

1815




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу