Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2023
100
![](/uploads/shorttexts/author_image/author-1309173220.jpg)
Кеткен жанға
Өңімде де түсімде де көрінбестен,
Қоштаспастан кеттің бе сен?
Сенің берген уәдеңді, сөзің менен дауысыңды
Есімде сақтап, бүгінде ұмытпадым.
Ия, сенің алдыңда менің еш айыбым жоқ.
Шексіз алыс сапар шегер жолаушыдай,
Түсіп тұңғиықтың көмескі жолдарына тұнжырап бір қарадың.
Таң ата жарғанаттың
Төбеде өзі көзге көрінбестен,
Еміс-еміс дыбыс әні естілген.
Шыдамым менің тауысылып жолыңа қарауменен,
Көзқарасым – қадала өтіп –
Алыстарға барып жоғалғандай.
«Қайтыңдар! – адаспаңдар – қайтыңдар!» - деп,
Жырға қосып үн қатамын.
1788
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter