Өлеңдер ✍️

  09.05.2023
  82


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Белинде

О, не үшін мені бар бақытқа бөлейсің,
Көпшіліктің ортасында, төрінде?
Мен бе едім сол балалықтың шағында,
Қуанышымды сезбеген?
Сүйетінім ерекше бір
Айлы түнді бейбітшілік күндерін,
Сәулесі ағып төмен сорғалап,
Тура бір түс көргендей.
Бақытты, таза, терең түсімде,
Бар арманыма жеткендеймін.
Сол бір тас қараңғы түнек ішінен,
Аққұба жүзің көрінген.
Мен емес пе едім,
Сол бір айқай-шу, жарық-нұр боп елестеген.
Өзге жандар арасында
Ең болмаса сенімен бірге ойнап-күліп,
Жаныңда өзіңмен бірге жүрсем,
Қуанышымда менің шек болмас еді!
Жоқ, көктемнің жарқыраған шуағында да емес,
Көкорай шалғын даласында да емес,
Көктемім сен жүрген жерде,
Бар табиғатым да өзің, періштем менің.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу