Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2023
231
Жабайы Раушан гүлі
Көкорай кең далада,
Балақай раушан гүлін көрді де,
Оның жанына жетіп келді де,
Жұпар-хош иісіне жұтына мас болып,
Керемет сұлулығына шексіз мәз болды.
Раушан, раушан, қызғалдақ гүл,
Раушан көкорай, кең далада!
«Көкорай кең далада,
Раушан, сені мен үзіп алам!»
«Сен мені есіңде сақтағын деп,
Балақай, тікенегімді түйреп алам!
Маған зәбір жасағанды ұнатпаймын».
Раушан, раушан қызғалдақ гүл,
Раушан көкорай, кең далада!
Ол, қорқынышты ұмытып,
Жұлып алды,
Роза гүлін көкорай, кең даладан!
Құтыла алмастан қиянаттан,
Қан ағылды саулап бойынан.
Раушан, раушан, қызғалдық гүл,
Раушан көкорай, кең далада!
1771
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter