Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2023
95
Түнгі жыр
Жұм көзіңді, аймаласын өлеңім,
Қалғыдың ғой, сәулем, енді бұйықпа.
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Айналады ай сәулесін құйып та.
Айналады ой тербетіп өлеңім
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Оймен бірге мен де жүйткіп желемін,
Қараңғы жер жатсын мейлі тұйықта.
Толқын тартып көкте қалқып келемін,—
Не бар тәтті бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Қараңғыда қалдырып жер белеңін,
Мінгізген сен ақ қанатты иыққа.
Күбірлейсің ертегінің өлеңін,—
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Күбірлейсің ертегінің өлеңін,
Ұйқы басты, енді сәулем, бұйықпа.
Жап кірпікті, жырға сені бөледім,
Не бар тәтті бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter