Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2023
103
Көл үстінде
Жұттым мен рахат лебін, өмір лебін,
Бой сергіп, кеңіп кетті төңірегім.
Табиғат, ләззәтіңа бас иемін,
Ақ төсің — тәжім етер төрім менің.
Ескектің ырғағымен есіп қайық,
Су шіркін әлдилейді төсін жайып,
Бұлттардың күңгірт басқан аржағында,
Азулы асқар таулар болды ғайып...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter