Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2023
101
Иілмейтін қыз
Таң сәріде орманға,
Түскенде арай жарқырап,
Бақташы қыз сол маңда,
Масайрады ән шырқап: —
Әләу — ләлә, ләләлә!
Бір сүюге сал жігіт,
Қос қозымды ал депті.—
Сырлы көзін сәл бұрып,
Қыз бетінше әндетті:
Әләу-ләлә, ләләлә!
Бірі иіп жүрегін,
Бірі шашпау силамақ.
Алмады қыз біреуін,
Қайтсын ондай си қалап?
Қыз сүйгенге бір ғана;
Әләу ләлә, ләләлә.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter