Өлеңдер ✍️
Қара құрдым
Жанымдағы бос орынды бостандық деп атасаң,
Кеудемдегі қара құрдым естіртпейді өкірді.
Жанымда сәл сәтке де шыдай тұрып, қала алсаң,
Ішімдегі ауыруым көрсетпекші өмірді.
Бос кеуде, күнді күнде дем алатын, көтеріліп.
Бірақ, қайта түсе қалса, сезінетін жауынды.
Жаралыны түзетпессің, үмітсіздікке беріліп,
Қанша жерден атпасаң да өз жүзіңді жалынды.
Терең ішкі дүниеме түсе қалды бір сызат.
Мен өзімді шимайлаймын, сүйегімді сындырып.
Түні бойы өз-өзіме баяндайтын сол бір зат –
Сезімімді оята алмай, қымтанып та, жырылып.
Сен мені жетеледің тек алға да, тек алға,
Тек жақсыға, тек жарқынға, тек өмірдің балына.
Мен артыңда қалғым келді, сүйеніп өмірдің жасына.
Әлі де отырмын көлеңкеде, жете алмай сенің қасына.
Жапа шектім жалғыздықтан, сана жақта түнеген.
Адам толы бөлмелерде жалғыздық қылғындырар.
Қысып ұстап тұр жүрегімді, сол қолымен, мен өлген
Сәттерімді ұмыттырмай, есіме салып тұр ажар.
Өз-өзімді бір қинадым, енді маған тиіспе,
Жоламашы, өтінемін, сындырғың келіп те тұрса.
Өз қолымнан бір сынармын бақытсыздық иіспен.
Жалғыз жасым домалайды, бір өзенді де құрса...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter