04.05.2023
  79


Автор: Қуаныш Ермахан

Неге көрікті, әдемі қыздар көп жағдайда алкоголик, наркоман, быдло, қызды адам ретінде көрмейтін жігіттермен бірге болады?

 


Наркоман, алқаш әкені көріп өскен, психологиялық травмасы бар қыздардың тура әкесіне ұқсаған жігіттерді тартатыны белгілі, оларға тоқтамай-ақ қояйық 


Өмірде бірнеше рет өзім де көрдім, естідім… Өте сұлу, көрікті 7-8 балдық қыздар, қайдан тауып алатыны белгісіз, екі сөзінің бірі мат, қақырып-түкіріп, жатып ішер, ұры-қары болған, бір сөзбен айтқанда, қоғамда ең төменгі сатыда болған жігіт сымақтардың жанында жабысып жүреді.


Қыздардың осындай таңдау жасауының себебі неде? 


Әрине, ол қыздың қате тәрбиесінде, яғни қыздың тәкаппарлығында (эго). Үрленген эгосы мен әдемі түрі бар, сымбатты фигурасы бар қыздың артынан қаншама жақсы, тәрбиелі, қалталы жігіттер жүгіреді, көп внимание береді. Осындай тегін вниманиеге тойып алған қыз, өзін өте жоғары қымбат бағалайды.


Бірақ бір күні, қыздың құнын көк тиын қылып, қызды аспаннан жерге құлататын жігітті (быдлоны) кездестіргенде олардың үрленген нәпсісіне өте ауыр тиеді. Ондаған жігіт мен үшін бәріне дайын болып жүргенде, қалай қайдағы жоқ біре мені бағаламай тұр, менсінбей тұр, менің айтқанымды жасап, маған ғашық болмай тұр деп қиналады.


Яғни қыздың басында ана жігіттің быдло екені, оған қыз емес арақ пен пиво қызықты болып тұрғаны емес, қыздың эгосы рөл ойнап кетеді. Міне, осы сәттен бастап қыз автоматты түрде быдло жігітті өзіне қарату үшін барын салады. Басында қыздың ниеті өзінің түсіп кеткен самооценкасын көтеру, быдлоға өзін дәлелдеу болатын, бірақ кейін келе-келе ортасында қыз байқамай ғашық адамның әрекетін жасау арқылы соңында өзі ғашық болып, жоғарыда айтқандай бір алқаштың жанынан кете алмай қалады. Осыдан да болар, қыздар бұзық жігіттерді жақсы көреді деген сөдің шығуы... 


Бірақ мұндай отношения қаншалықты дұрыс екен…?)


*пайдалы болса өз ойыңмен бөлісіп, реакция қалдыр 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу