Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.05.2023
999
Асыл әке
Сөзін жазған Айтбек Әліпов,
Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозыбақов.
Қуанған сәттерімде,
Мұнайған сәттерімде,
Есімде тұрдың,Әке,
Көңілдің шақ төрінде.
Асылым кемеңгерім,
Сағым ой тереңдегі.
Жанарым жасқа толып, 2-рет
Келер деп елеңдедім.
Өмірің өнеге еді,
Даналық кемел едің.
Болмысың қарапайым,
Біз үшін ерен едің.
Кезіксе белестерім,
Сағым боп елестедің.
Жолыма бағыт берген, 2-рет
Өміршең кеңестерің.
Бойыма көрік еттім,
Адал іс серік еттім.
Мен аққан бір арнаңмын,
Өткелден талай асу.
Сүйеніп сенім еттім.
Тарқатып мұңын, Әке,
Жыр төкті бүгін, Әке,
Алладан рақым сұрап, 2-рет
Дұғада ұлын, Әке!
Сағыныш іште жатқан, 2-рет
Ақтарған сырым, Әке!
Астана қ. 30.04.2023ж.
1 нұсқа
2 нұсқа
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter