Өлеңдер ✍️

  02.05.2023
  1015


Автор: Жеңіс күні

Ұмытылмас күндердің

Ұмытылмас күндердің бейнесіндей,
Есік ашқан жарқырап Жеңіс күні.
Отан үшін жан қиған аталарым,
Сезбедің-ау кеп жеткен Жеңісті үнді.

Тоғызыншы мамырда есік ашқан,
Бұл Жеңіс күн шуағына бөлеген.
Батыл жүрек ардагер аталарым,
Жауларына бір адым жер бермеген.

Жеңіс күні келгені, аталардың,
Арқасында екенін білеміз біз.
Әр жыл сайын еске алып ерліктерін,
Тағзым етіп оларға жүреміз біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу