Өлеңдер ✍️

  30.04.2023
  758


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Әке

 


Өмірдін тәтті сәттері,


Мұң салмайды көңілге.


Алыстап бізден кетсе де,


Шықпайды естен бір сәт те.


            Еріксіз көзге жас алам,


            Мәңгілік торлап көңілді.


            Сағынам әке өзінді,


            Сағыныш кернеп көңілді.


Әр апта құран бағыштап,


Алладан рақым сұраймын.


Шын бейілімен мойынсұнып,


Бес уақыт намаз оқыған.


Адалдықты жаңына серік ет деп,


Сертіме берік болып келем әке.


Өмірде талай асу асқанымыз,


Сен менің шыннан аққан бұлағымсын,


Мен сенің сылдырап аққан бір арнанмын.


 


Айтбек Әліпов, Астана қ. 30 сәуір 2023ж.


           


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

17.05.2023 10:16
Болат Байқос
Болат Байқос 02.05.2023 12:53
Беееу, шіркін! Сезімнің қылын шертіп әкелеріме деген сағынышты ояттыңыз. Марқұм әкем де, атам да осы аптада дүние есігін ашқан еді. Жырмен жұбатқандай болдыңыз. Тамыршыдай тап басып білетін қасиетіңіз бар қадірлі Айеке!
Бақберген
Бақберген 02.05.2023 00:44
Айтбек Рымбекұлы, соңғы жылдары ФБ, ватсап, болмаса басқа ақпарат құралдарында Сіздің жазған өлеңдеріңізді жиі кездестіретін болдық. Үнемі оқи жүре, бүгін бір пікірімді білдіретін деп едім... Жақсы жазасыз, ойыңыз ұшқыр, оқырман талабына қажет тақырыптарды таба білесіз - отбасы, тәрбие, ата-ана, туған жер, т.б.дегендей Осы жолдан таймаңыз! Қалауыңыз ұшталып, жазар тақырыптар аясы кеңи берсін. Бүгінгі өлеңге келсек, ол бәрімізге қамқор бола білген, азамат болып өсуімізге жетелеген әкелерге арналыпты. Жақсы әсер алдым. Рымбек ақсақалды өз басым көріп, танушы едім. Жаны жаннатта, топырағы торқа болсын.

Пікір жазу