Әңгімелер ✍️
ТАРИХИ РОМАНДАРДАН ҮЗІНДІЛЕР
Н.Г.ЧЕРНЫШЕВСКИЙ, НЕ IСТЕУ КЕРЕК? романы, «Жазушы» баспасы, Алматы, 1978 жыл.
318-320 беттер. «...Өмiрiн бағдарлы өткiзетiн адамның уакыты үшке бөлiнедi: еңбек ету, рахаттану және демалу, яғни көңiл көтеру. Рахаттану да, еңбек ету сияқты, демалуды тiлейдi. Еңбек еткенде, рахатттанғанда жалпы адамға тән қасиет жеке адамның басындағы ерекшелiгінен басым болады: еңбек еткенде адамды көбiнесе сыртқы рационалдық тiлек-қажеттер жетектеп отырады: рахаттанғанда адам екiншi бiр, ол да адам табиғатынан туатын, жалпы-тiлектердiң арасынан шыға алмайды. Ал демалу, көңiл-көтеру кезiнде адам күнделiктi өмiрде қорын тауысып отыратын өмiрге қажет материалдың есесiн толтырып, бойына күш-қуат жинауды iзденедi: бұл, адамның өмiрге өз бетiмен енгiзетiн, оның өзiне тән ерекшелiктерiнен туатын, өз басына қолайлы жағдайды iзденумен шығатын нәрсе. Еңбек ету де, рахаттануда адамды адамға жуыстырып, оларды бiр-бiрiне тартатын сыртқы бiр жалпы күш болады, рахаттану да ол күш организмнiң барлығына бiрдей тiлектерден туады: адамның жеке басындағы ерекшелiктерiнен - еңбектен пайда iздеуiнен бұл күш әрi басым, әрi жоғары тұрады. Демалуда олай емес. Адамның жеке басындағы ерекшелiктердi бiр қалыпқа келтiрiп отыратын сыртқы жалпы күштiң бұған қатысы жоқ: адамның нағыз жеке өз басына тән iсi осы демалу болады, демалғанда адам барынша еркiншiлiктi тiлейдi, оның ерекшелiктерiнiң де, мiнез құлқының да ең айқын байқалатын жерi осы оның қалайша демалып, ненi ұнататындығы болады.
Осы жағынан қарастырғанда адам үлкен екi топқа бөлiнедi. Бiр топқа жататын адамдар өзiнiң демалысының көппен бiрге өткiзiп, басқа адамдармен бiрге жүрiп, көңiл көтерудi сүйедi. Кiм болса да оңаша болуды тiлейдi: бiрақ бұл топқа жататын адамдар үшiн ондай оңашалық оқта-текте ғана керек, олардың жалпы ережесi - өмiрдi басқа адамдардың екiншi топтiкiнен анағұрлым көп, ал екiншi топқа жататындардың тiлегi бұған тiптi қарама-қарсы болады: олар көп ортасындағылардан гөрi оңашада бой жазып, емiн-еркiн қанат жаяды. Бұл айырмашылықты жұрт та байқаған, бiреулердi көпшiл деп, бiреулердi саяқ жүретiн тұйық адам деп келедi. Мен саяқ жүретiндерге жататын, ал Вера болса – көпшiлiктi тәуiр көретiн адам. Бiздiң оқиғамыздың бар сыры мiне осында. Екеумiздiң қайсымызды болса да бұл жөнiнен сөгуге болмайтындығы анық сияқты. Бұл жағдайды болдырмауға ешқайсымыздың да шамамыз келмегендiгiн ешбiр сөгуге болмас: адам өзiнiң табиғатын өзгертуге дәрменсiз.
Кiмге болса да өзге адамның басындағы ерекшелiктi түсiну қиын тиедi: кiм болса да өз тұрғысынан қарайды. Маған керек болмаған нәрсе, менiң ойымша, басқаларға да керек емес, адамды өзiнiң түсiнiгi, мiнез-құлқы осылай ойлауға жетектеп отырады: басқаша ойлайтын болу үшiн тым көзге түсiп айқын бiлiнiп тұратын белгi болу керек. Адамның осылайша ойлауынын табиғи болып көнуi - Вера екеумiздiң жаратылысымыздағы айырмашылықты кеш байқауыма кешiрiм болар. Бұл қатенiң ұласып кетуiне себеп болатын тағы бiр нәрсе - екеумiз бiрлесiп өмiр сүре бастаған кезде, ол менi өзiнен тым жоғары ұстады: ол менi өте құрметтеумен болды: менiң өмiрiм оған бiр үлгi өнеге болып көрiнедi, жеке басым ғана тән нәрсенi ол жалпы адам баласына тән қасиет деп бiлдi, бiраз уақыт соған елiктеп, менiң әуенiме түсiп кеттi. Мұнан басқа да, анағұрлым күштi тағы да бiр себеп бар едi. Ой-санасы өсiп жетiлмеген адамдар кiсiнiң iшкi өмiрiне қол сұкпау дегенге жөндi мән бермейдi. Үй-iшiндегiлер, әсiресе үлкендер, сiздiң iшкi өмiрiңiзге қымсынбастан-ақ сөлекет қолын сұққыш келедi. Мұндағы мәселе сiздiң құпия сырыңыз ашылатындығында емес: құпия сыр деген адамның азды көптi артық бағалайтын нәрсесi, оны көзге түсiрмей сақтай да, тасалай да бiлесiң: және құпия сыр дегеннiң өзi елдiң бәрiнде бiрдей бола бермейдi де көпшiлiк адамның жақындарынан жасырарлық та ешнарсесi болмайды. Бiрақ әркiмнiң-ақ бiр өзiне ғана арналған бөлмесi болғанын жақсы көретiнiндей, iшкi өмiрiнде де көрiнген кiрiп шыға бермейтiн бiр бұрыштың болғанын тәуiр көредi. Санасы жетiлмеген адам оған да қарамайды».
276-277 беттер: «Рахметов 16 жасында Петербургке келгенде, ұзын бойлы, дене бiтiмi мықты бала жiгiт болатын, бiрақ айта қаларлықтай күштi екенi сезiлген жоқ: он құрбсының екеуi оны оп-оңай жеңiп кете беретiн едi. 17 жасқа аяқ басқан кезде ол күш байлығына ие болуды көздеп, денесiн шынықтыра бастады. Гимнастикамен жан-тәнiн салып шұғылданды, бұл жақсы ғой әрине: бiрақ гимнастика, бар болғаны материалды ғана шындайды, ал Рахметовке алдымен сол материалдың (қайраттың) өзi керек қой, сондықтан ол бiраз уақытқа дейiн күнiге бiрнеше сағат күшке келетiн қара жұмысқа түстi: су тасыды, отын әкелдi, отын жарды, жер қазды, темiр соқты: iстемеген жұмысы қалмады, сол жұмыстардың түрiн жиi-жиi өзгертiп отырды, өйткенi жұмыстың әрбiр жаңа-түрiне көшкенде, жаңа бiр бұлшық ет шыңдала түспек қой. Ол боксер iшетiн тамақты iштi: өзiн-өзi күштеп, тек дене күшiн шынықтырарлық тағамдарды iштi, көбiнесе бифштекс жедi. Шынында да ол өзiн өзi аямай жүрiп, керемет күшке ие болды, сол күштi шыңдай түстi. «Ең жақсысы - осы, - дедi ол: - сонда ғана қарапайым адамдар сенi жақсы көрiп, кұрметтейтiн болады. Мұның пайдасы да көп, бiрде болмаса бiрде кәдеге жарап кетуi мүмкiн».
Бұл оның басына 16 жарым жасында мықтап орнаған ой едi, өйткенi сол кезден бастап оның өзгешелiгi де өсе бастаған. 16 жасында Петербургке келгенiнде ол курс бiтiрген қарапайым ғана қайырымды, адал жасөспiрiм гимназист едi, жас студенттер сияқты, алғашқы үш-төрт айда да сол қарапайым қалпында жүрiп өткiздi. Бiр кездерде ол студенттердiң арасында басқалардан өзгеше ойлайтын, өзгеше ақылды жiгiттердiң бар екенiн есiттi, сондай адамдардың бесеуiнiң аттарын да бiлiп алды, ол кезде ондай студенттер тым аз болатын. Рахметов соларға қызығып, қайткенде де танысудың орайын iздедi: ақыры Кирсановпен жақын-жуық болып алды, сөйтiп оның болашақ Никитушка Ломовка, ригориске, өзгеше адамға айналуы басталды. Алғашқы түнi ол Кирсановтың айтқан сөздерiн бар ықыласымен тыңдады, ара-тұра жылап алды, күнi өшетiн, өлетiн нәрсенiң бәрiне қарғыс айтып, өмiр сүретiн нәрсенiң барлығына алғыс айтып, Кирсановтың сөзiн одағай сөздермен бөлiп отырды. – «Қандай кiтаптарды ең алдымен оқығаным жөн» - деп сұрады: Кирсанов оқуға тиiс кiтаптарын айтып бердi. Келесi күнi ертеңгiсiн сағат 8-ден ол немiстiң, я француздың қандай кiтап магазинi бұрын ашылар екен деп, Нева проспектiсiнде, Адмиралтейский мен Полицей көпiрдiң арасында арлы берi кезiп жүрдi, ақыры керек кiтабын сатып алып, қатарынан үш тәулiк бойы оқыды, бейсенбi күнгi ертеңгi сағат 11 ден жексенбi күнгi кешкi сағат 9 ға дейiн, небәрi 82 сағат кiтаптан басын алған жоқ: алғашкы екi түнде мүлде көзiн жұмған емес, үшiншi түнде ең уытты деген кофенiң сегiз стаканын iштi, төртiншi түнге ешқандай кофе медет бола алмады, жантайып еденге құлай кеттi де, сол жатқаннан оянбай, 15 сағат ұйыктады. Бiр апта өткесiн ол Кирсановқа қайтадан келiп, тағы да жаңа кiтаптар көрсетуiн, кейбiр түсiнiктер беруiн сұрады: Кирсановпен дос болып алды, сол арқылы Лопуховпен де достасты. Жарты жылдан кейiн, Рахметовтың жасы 17 де ғана, ал өздернiң жасы 21 де екенiне қарамастан, Кирсанов пен Лопухов оны жасөспiрiм деп санауды қойды, сөйтiп Рахметов өзгеше адам болды».
СОФЫ СМАТАЕВ, ЕЛIМ-АЙ «Жазушы» баспасы, Алматы, 1978, 348-бет.
«Күн артынан күн өтті. Кешегi соғып өткен қасiрет дауылынан кейiн қайта бас көтерген қазақ халқы елдiгiн, бiрлiгiн қорғап қалу үшiн жорыққа дайындала бастады. Сай-сайдан тарам-тарам боп ағып келiп бiр жерде қосылып, ұлы, арналы өзенге айналар қуат пен қажыр ел құдiретi деген ат тапқан. Ендi мiне, найзаларының үшкiр масағы мен дулығаларын күн көзiнде жарқыратып лек-лек кетiп бара жатқан қол ұшы-қиыры жоқ кең далада шалқыған кек шалқарындай сезiледi. Осы қасиеттi кегінің ширығуындай болып, қол үстiнде аң қалықтайды. Ұрпақтан ұрапаққа жетер, ел бiрлiгiн, iргелiлiгiн дiттеген жiгерлi «Елiм-ай» «қалың әскердi майдан даласына бастап барады».
Қаратаудың басынан көш келедi,
Көшкен сайын бiр тайлақ бос келедi.
Ел-жұртынан айырылған жаман екен,
Екi көзден мөлтiлдеп жас келедi, Елiм-ай! Елiм-ай!».
IЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН, «ЖАНТАЛАС» романы, «Жазушы» баспасы, Алматы, 1973 жыл, 204-бет.
Ел билеу? Ел билеу оңай тисе, халық тiзгiнi қолында болған адамның бәрi де ел аузында қалмас па едi? Қазақ тарихында жүздеген хан менен мыңдаған сұлтандар өттi. Солардың халық жадында калғаны саусақпен санап аларлықтай. Хан тағына жету кейде оңай болғанмен, хан тағында отыру әрқашан қиын түскен. Өйткенi оған тек қана күш емес, ақыл, айла саясат керек. Бұл қасиеттер бiреуде бар, бiреуде жоқ...
Абылай ел билеу iсiнде көбiне Есiм хан тәсiлiне көңiлiн көбiрек аударатын. Тiкелей оның жолын ұстамағанмен, кей тәсiлдерiне өз iсiнде қолданып отыратын. Бұған да себепкер болған бәз-баяғы Бұхар жырау. Ол бiр күнi Абылайдың бесiншi атасы Есiмханның тарихын оған айтып берген:
- Хан тағдыры - халық тағдыры емес, - деген Бұхар жырау, - кейде жауы бiр, тартысы бiр болып, қан майданда бiрге қаза тапқан күнде де, жатар моласы бөлек. Тек тарихтан азды-көптi iсi халық ойынан шықса, сондай ханды ғана қазақ елi есiнде қалдырған. Соның бiрi - Есiм хан.
Хаджири есебi бойынша бiр мың сегiзiншi жылы, яғни бiздiңше бiр мың алты жүзiншi жылы, - деген Бұкар жырау Абылайға, - Тәуекел ханның орнына қазақ елi жиырма екi жасар Есiмдi хан көтердi».
А.НҰРШАЙЫҚОВ, «Ақиқат пен аңыз», «Жазушы» баспасы, Алматы, 1992 жыл, 337-338 беттер.
«Ол осылай деп этажеркада тұрған өз кiтаптарын иегiмен нұсқады.
«Советтiк коғамның әскери ой қазынасына қосқан өз үлесiм». Баукеңнiң бұл сөзi менiң көз алдыма әбден сарғайып кеткен газет қиындысын елестеттi.
Беттiң жоғарғы жағындағы «Полковник Момышұлының әскери жазбалары» деген үлкен заголовок көзiме оттай басылды. Әдеттегi тек мақаланың биiктiгi елу жол болады. Ал мынау жалпақ алты бағанның әрқайсысы ұсақ әрiптермен терiлген жетпiс жолдан тұратын шiреме етек мақала екен. Аяғына: «А.Кривицкий» деп қол қойылған.
...Көк дәптердiң иесi не жазса да, не туралы толғанса да оның ойы әскери тақырыпқа, өзiнiң офицерлiк мамандығына келiп тiрелiп отырады. Мiне, оның «әскери тәрбиенiң мақсаттары» деген конспектiсi. Мұнда ол «Әскери психологиядағы ұлттық сәттер» деген жайға тереңдей үңiледi. Ол былай деп баяндайды:
«Жауынгердi жау жүрек етiп тәрбиелеуде халықтың өткендегi жауынгершiлiгi де, оның ең мәртебелi ұлттық дәстүрi де маңызды екенiне менiң өз тәжiрибемде көзiм жеттi.
Жас адамды тәрбиелеудiң негiздерi. Үлкендi құрметтеу, борышын бұлжытпай орындау, арын таза сақтау, қоғамдық тәртiптi бұлжытпай орындау, заңга бағыну - жас адамға қажет iзгiлiк белгiлерi осы. Мұны бiз: Отанын, халқын, семьясын сүю деп те атаймыз. Мұндай инабатты тәрбие алған адам - нағыз жауынгер. Оның қасиетi - адалдық, арлылық, тәртiптiлiк.
...Батырлық - табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшiн өзiңдi-өзiң қауiпке қарсы саналы түрде зорлап көндiрудiң нәтижесi. Мұндай да адам өз достарым тек игiлiктi ғана емес, сонымен бiрге қатердi де бөлiсе отырып, жауды жою арқылы өзiн және отандастарын қауiпсiздендiруге тырысады, өзiнiң азаматтық ары мен намысын ессiздiктен, масқаралықтан корғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерiн ашып көрсете түседi».
БИБЛИОГРАФИЯ
1.Н.С.Ашукин, М.Г.Ашукина, Крылатые слова, Москва,1987
2.М.А.Булатов, Крылатые слова, Москва,1958
3.С.В.Максимов, Крылатые слова, Москва,1954
4.Н.И.Кондаков, Л.А.Кленовская, Крылатые аргументы, Москва,1989
5.А.С.Шофман, Древний мир в лицах и образах, Казань,1991
6.Русские пословицы, поговорки и крылатые выражения, Москва,1988
7.Словарь крылатых латинских слов, Москва,1981
8.Б.Алдамбаев, Халық даналығы,Алматы,1976
9.Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер.Алматы,1977
10.Б.Хасанов, Қанатты сөздер,Алматы,1972
11.Н.Төреқұлов, Нақыл сөздердiң тәрбиелiк мәнi, Алматы,1971
12.Словарь античности, Москва,1990
13.Мифологический словарь, Москва,1990
14.Әйгiлi гректер, Алматы,1977
15.А.А.Брагина, Русское слово в языках мира, Москва,1978
16.Э.А.Вартаньян, Путешествие в слово, Москва,1987
17.М.Горбаневский, В мире имен и названий, Москва,1987
18.И.Можейко, Әлемнiң 7 және 37 кереметi, Алматы,1988
19.Ю.В.Откупщиков, К истокам слова, Москва,1973
20.Е.Г.Ковалевская, История слов, Москва,1968
21.Б.Б.Кудрявцев, Биография великана, Москва,1967
22.Н.М.Шаинский, В мире слов, Москва,1985
23.Книга для чтения по истории, Москва,1987
24.Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945,Москва, 1987
25.Е.Б.Агибалова, Г.М.Донской, Орта ғасырлар тарихы, Алматы,1980.
26.Х.К.Кожахметова, Р.Е.Жайсакова, Ш.Кожахметова «Қазақша-орысша фразеологиялық сөздiк», Алматы, «Мектеп», 1988 жыл
- В.О.Ключевский, Сочинения в девяти томах Москва, «Мысль», 1990
- 28. Көңiлашар,(Кұрастырған !.Есхожин), Алматы, Қайнар, 1993
- І.Кеңесбаев, Фразеологиялық сөздік, «Арыс», Алматы, 2007
- Саяси түсіндірме сөздік, (Құрастырушылар Е.Саиров, Б.Әбдіғали, Т.Жабелова, Д.Әлібек) «Жүйелі зерттеулер институты», Астана, 2007
- Л.К.Байрамова, П.Н.Денисов, Фразеологический словарь языка В.И.Ленина, Издательство Казанского университета, 1991
- Н.Т.Бабичев, Я.М.Боровский, «Словарь латинских крылатых слов» , Издательство «Руский зык», 1980)
- 33. Энциклопедический словарь крылатых слов и выражений, Автор-составитель В.Серов, 2-ое издание, Москва, Локид-Пресс, 2005 г.
- М.Кемел, Ақыл қалта, Астана, «Аударма» баспасы, 2007)
- Ә.Нұршайықов, Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог, «Жазушы» баспасы, 1992 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter