Шығармалар ✍️
Қазақстан елім менің
Әрбір ұлт өкілдерін бауырына басқан, татулық пен ынтымақты берік ұстанып, сыйластықты жоғары қойған ол әрине — Қазақстан менің елім. Жүректері «Отаным», «елім» «жерім» деп соғатын әрбір Қазақстандық ұлт өкілдері халықтар достығының кепіліне айналып отыр. Оған дәлел әрбір жылы есік ашып келетін, төрімізге енетін, қуанышын беретін ол әрине 1-ші мамыр — «Бірлік күні». Бұл күн елімізде мекендейтін түрлі ұлттардың ынтымақ пен бірлікте, сыйластықта өмір сүріп жатқандығын, бір-біріне деген ыстық ыұыластарын көрсететін күн. Яғни дәл осы күні Халық арасындағы достастықтың деңгейі тағы да бір сатыға көтерілгенін байқаймыз. 1-ші мамырда түрлі іс-шаралар болып, Қазақстандық басқа ұлт өкілдері салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарын ұсынып жатады. Бір-біріне деген құрметтері мен ізеттерін, ризашылықтарын білдіріп жатады.
Ұлтаралық келісімді сақтап, бір-біріне деген, салт-дәстүрдеріне деген құрметтерін көрсетіп, тыныштық пен татулықта, алға қойған бір шаңырақ астында бір мақсат-мүддесі бар ұлттар арасында , елдікті орнықтыру жолында өмір сүруден басқа қандай бақыт керек десеңізші?!
Осындай, Қазақстандай елде туып, осында оның жанға жағымды ауасын сезініп өмір сүрудің өзі бір ғанибет емес пе?! Осындай бірлігі мен тірлігі жарасқан, бауырым деп әрбір жанды бауырына тартып, құшағына басқан, өзге ұлттардың салт-дәстүрлері мен ұлттық нақыштағы киімдеріне, ұлттық тағамдарына құлақ асып, қолдай білген Қазақстан еліміз бар, мен елімді мақтан етемін. Осындай көп ұлтты елде туғаныма қуанамын. Кеудеңді елің үшін мақтаныш сезімі кернейді. Отанымыздың демократиялық қоғамның жоғары идеалдарын құруға ұмтылу бағытын, ұлттар арасындағы бір-біріне деген құрмет пен достықтың, мәдениеттің өзара байланысы еліміздің саясаты дұрыс бағытта жұмыс жасап жатқандығын көрсетіп отыр дей аламыз.
Бүгінде ұзақ жылдарға ұласқан түрлі ұлттардың достастығы жарасып, үйімен үйі көршілес жандар бір-біріне туған туыстардай қарайласып, жиындарда бір-бірімен қоян қолтық араласып кеткен. Балалары бірге өсіп,, өздері қызметтес болып бір жерде жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдерін өгейсітпей, ортақ Отанға біріктіру егемендікті орнықтырудың өзіндік бір мақсат-мүддесін айқындап отыр. Бұл әрине ұлттар арасындағы достастықтың, ынтымақ пен бірлігінің жоғарғы деңгейін көрсетеді.
Ойымды қорытындылай келе, барша Қазақстандықтарды татулықтың символына айналған 1-ші мамыр «Бірлік» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің тұғыры биік, бірлігі мен ынтымағы жарасым таба берсін!
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter