Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.04.2023
456
Қандай бақыт...
Құс болып кетсем екен ұша алған,
Жүрегім жарасыз таза болған.
Сезімсіз өтсем екен бұл жалғаннан,
Сезіммен жүрегім жараланған.
Кім бар еді мына мені ардақтаған,
Жүрексіз жүріп келем қараланған,
Бір саған қолым жетпей әлі күнге.
Күндерді сені ойлаумен тамамдаған.
Поэзияға айналсам ғасыр жарған,
Жыр дастанды жазбасам таңым атқан.
Бір сенімен өмірім аяқталмас,
Сендей адам енді менде бола алмас!
Қандай бақыт сені көріп құшақтаған,
Жаныңда бірге жүріп теңің болған,
Жүрегіммен жылу беріп жылыта алған.
Сенің жылы сезіміңді сезе алған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter