19.04.2023
  954


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 1 бөлім

Сәлем бердім көпшілік қауым. Оразаларыңыз қабылболсын! Гүлжайна ханым, мен сіздің көптеген әңгімелеріңізді оқып, өз қателігім мен негізі қателік емес «қатыгездік десем дұрыс болар» бетпе бет келдім. Осы күнге дейін мен өзімді алдап «Мен кінәлі емеспін. Мені осылай қатыгез еткен өздері» деп, өз-өзімді жұбатып келдім. Бірақта сіздің әңгімеңізді оқып отырып бүкіл жасаған күнәларым көз алдымнан өтіп, көзімнен жас тоқтамай кеудемді жұдырығым мен ұрып отырып бір сағаттай жылай бердім. Бұл күнде ер жетіп, бой жетіп қалған ұл қыздарым, бір кездері аналары қаншама адамның өмірін ойран еткенін қайдан білсін. Менің өкіріп жылағаныды көріп жаныма жүгіріп келіп « Мама не болды? Мама ауырып қалдыңыз ба? Мама бәрі дұрыс па?» деп сұрақтарды қарша жаудырды. Тек күйеуім ғана менің не үшін жылап тұрғанымды түсініп тұрған болатын. Дереу телефонымды қолыма алдым да абысыныма қоңырау шалдым. Сол бұрынғысынша «ало» деген үн шыққан жоқ. Ол кісіні ренжіткенім соншама маған бір ауыз сөз айтпайды. Тіпті бетіме де қарамай қойған. Бұрынғыша «ұл-қыздарым білсе аналарын жек көріп кетеді-ау, демедім.
Оған жасаған қиянатымның бәрін ешкімнен қысылмай ішімдегінің бәрін ақтарып баяндап салдым. Тоқтаусыз кешірім сұрай бердім. Телефонның арғы жағынан абысынымның да күйініп жылап тұрғанын оның қысылып әрең тыныстап тұрғанынан ақ сезініп тұрдым. Мені үнсіз тыңдады. Бәрін айтып соң оның жауабы мені есеңгіретіп тастады.
«- Иә, мен бәрін де білемін...» деді де тұтқаны қоя салды...
Ұл қыздарыма қарасам менің істеген істеріме арланып, жүздері қызарып тұр. Құшағымды кең жайып шақырып едім, еш бірі маған жоламай орындарынан тұрды да бөлмелеріне кетті де қалды. Қу тіземді құшақтап қара басын ғана ойлаған мен сорлы өкіріп жылап қала бердім. Біраз уақыттан соң үлкен қызым жақында ғана өзі тоқып бітірген әдемі иыққа салатын орамалын көтеріп шықты. Одан кейінгі қызым үсті басы ұн-ұн болып бірдеңе пісіріп жүр. Қарасам торт пісіріп жатыр екен. Бір сәтте бірі тортын, бірі тоқыма орамалын алып, ұлым болса гүл алып келіпті.
- Мама, осылай жылап отырғаннан бірдеңе өзгереді ме?.
- Мені кешіресіңдер ме?
- Кешірімді бізден сұрамаңыз. Тұрыңыз кеттік.
- Қайда барамыз?
Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу