Әңгімелер ✍️
Енесі мен абысынын дуалаған келін - 6 бөлім
Үйге келген кісілер де, енем де абысынымды мақтап отыратындықтан бойымды қызғаныш билеп алды. Менің келгеніме бір жылдай болса да құрсақ көтере алмадым. Ал абысыным үшінші перзентіне жүкті болып, жүктілігі өте ауыр жағдайда өтті. Баласы төмен орналасып, түсіп қалуға шақ жүрді. Бетін тыржыйтып жаны қиналғанын көрсетіп жүрсе де бар шаруаны өзі жасап жүре берді.« Адам өзі қандай болса, өзгелер жайлы да солай ойлайды» деген рас екен ау. Сол кезде абысыным тірліктен қашып жүктілігін пайдаланып жатып демалмақшы деп ойладым. Неткен ақымақпын? Шын мәнінде оның жаны қалай қиналғанын қазір ойласам жүрегім езіледі. Жүктілігі алтыншы айға жеткенде есіктің алдындағы бақшаны шауып жүріп, сол бақшаның ішінде екі бүктеліп құлады да қалды. Менің ойым өзгермеген, тәубеме келмеген кезім. Өтірік қойылым көріп тұрғандай ешқандай аяныш сезімім болған жоқ. Жедел жәрдем келіп алып кетіп, құрсағындағы сәбиінен айырылып қалғанын естігенде ғана оның шын мәнінде қатты қиналып жүргенін түсіндім. Бірақ бұл аяушылық сезімім менің бойымдағы қызғаныш отын сөндіре қойған жоқ. Көзбен көріп, қолына ұстамаса да ана үшін барлық ьаласы бірдей жақын емес пе? Баласынан айырылған абысыным біршама уақыт күйгелектеніп жүрді. Енем асты үстіне түсіп бар жағдайын жасады. Үйде жағдайы болмай дене қызуы мен қан қысымы көтеріліп кете берген соң оны төркініне аз уақыт болса да күтініп қайтуға жіберді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter