19.04.2023
  265


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 14 бөлім

Бірінші күні жемеген мен кейін жей бастады. Ол айлық алғанша азық түлік жетіп, айлық алған күні тағы да келесі айға жететіндей етіп азық түлік алып қойдым. Қалған ақшаны газ, жарыққа төлеп ол жақтағы қарыздарымыздан да құтылдым.
Жүктіліктің алтыншы айында қатты ауырып балам түсіп қалардай болып жүрдім. Сол кезде не бары жеті жасар абысынымның қызы Еркеқыз келіп үйімді сыпырып, шаңын сүртіп, ыдысымды жуып беріп кететін. Тағы да қүр қол келмейді ғой. Абысыным нан жауып, бауырсақ, самсасын пісіріп, айран, сүт, ет беріп жібереді. Сол кезде өздері жер алып үй тұрғызып жүрген. Сондада қолдарынан келгенін аяған жоқ. Тұңғыш қызымды босанып перзентханада жатқанымда қасымдағы келіншектерге туыстары ыстық тамақ, анау мынау алып келіп жатқанын көріп ішім ашып, қызғаныштан өзегім өртенетін. Мені күйеуімнен басқа ешкім іздеп келмейді. Бір сәтте санитарка апай тегімді атап тола-тола екі пакет тастап кетті. Екі литрлік банка тола майлы қайнатпа сорпа, май пәтір, сүт, айран тағы да басқасы бар. Одан бөлек өзі тоқыған қызыма шұлық, киім кешек бәрін әкеліпті. Абысыным келгенін бірден ұқтым. Үйге шықсақ үйдің іші тап таза. Қызыма арнайы көрпеше тігіп жаялықтарын төсеп, адыраспан түтетіп, ыстық шай тамақ дайындап өзі кетіп қалыпты. Сол кезде алтындай қымбат адамның бағасын білмей, қадіріне жете алмаған өзімді өзім жек көріп кеттім. Сол кезде абысынымның айтқан ақылдары есіме түсіп өзегім өкініштен өртенді. Емізіп отырған қызымның жүзі көз жасыма жуылды. Солай солай бір бірімізді көрмесекте, бір бірімізге жақсылық жасап жүрдік. Бірақ жүзіне тіке қарап, кешірім сұрауға бата алмай жүрдім. Шыны керек « кешірмеймін, сені көргім келмейді» деп айтады ма деп қорықтым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу