Әңгімелер ✍️
18 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1906 жылы Марков республикасы құлады;
1939 жылы Украинаның Канев қаласындағы Тарас Шевченко зиратында ескерткіш орнатылды;
1953 жылы Жапонияның Татикава қаласында америкалық "C-124" әскери ұшағы апатқа ұшырап, 129 адам қаза тапты;
1972 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон маңында "Трайдент" ұшағы құлап, 118 адам көз жұмды.
18 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы КСРО-ның Түркістан әскери округі таратылды;
2006 жылы таңғы сағат 4.44-те Байқоңырда байланыс және хабар тарататын "ҚАЗСАТ" атты тұңғыш геостационарлық жер серігі ғарышқа ұшырылды;
2009 жылы Оралда б.з.д. VІ-ІІ ғасырларға жататын археологиялық қазбалар табылды;
2013 жылы Астанада (Нұр-Сұлтан) Talan Towers көпбейінді кешенінің құрылысы басталды;
2014 жылы қазақстандық ғалымдар туберкулез ауруына қарсы тиімді күресетін дәрі ойлап тапты;
2015 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында натрий цианидін шығаратын жалғыз зауыт Talas Investment Company кәсіпорны іске қосылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter