Әңгімелер ✍️
17 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1970 жылы америкалық ғалым Эдвин Лэнд Polaroid камерасын патенттеді;
1985 жылы Discovery каналының кабельді желісі пайда болды;
1989 жылы Берлинде "Ил-62" ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 22 адам қаза тапты;
1990 жылы Киевте "Чернобыль" одағы құрылды.
17 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы "Ана тілі" баспасы Ахмет Байтұрсынұлының "Тіл тағлымы" атты кітабын басып шығарды;
1993 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институты құрылды;
1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының алдында ұлы композитор, Қазақстан әнұранының авторы, халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды;
2011 жылы Ресейдің Астрахань облысында Бөкейхан мавзолейінің құрылысы басталды;
2015 жылы Атырау облысы Индер ауданының Теректі жерінде ортағасырлық жауынгердің қорымы табылды;
2016 жылы Ақтөбеде қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанованың құрметіне көше аталды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter