17.04.2023
  125


Автор: 365 күн

10 маусымда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар  

1895 жылы америкалық киноактриса Хэтти Макдэниел дүниеге келді. 1940 жылы "Унесенные ветром" фильміндегі рөлі үшін қара нәсілді актерлер арасында алғаш болып "Оскар" жүлдесін алды;

1922 жылы америкалық актриса және әнші Джуди Гарленд дүниеге келді. 1999 жылы ұлы америкалық киножұлдыздар тізіміне енгізілді ("Волшебник страны Оз", "Звезда родилась" фильмдері);

1957 жылы кеңестік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы (1988) Андрей Букин дүниеге келді. 4 дүркін әлем чемпионы (1985-1988), 5 дүркін Еуропа чемпионы (1983, 1985-1988). КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1984);

1983 жылы ресейлік әнші және музыкалық продюсер Максим (МакSим) дүниеге келді, шын есімі Марина Абросимова. Қарашай-Черкессия еңбек сіңірген әртісі (2013), Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі(2016).

10 маусымда Қазақстанда кім туды 

1906 жылы эпидемиолог дәрігер, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Мұхамедрақым Тілеуғабылов дүниеге келді;  

1928 жылы жазушы Рысты Шотбаева дүниеге келді;

1936 жылы Қазақстанның кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткері Зақаш Камалиденов дүниеге келді;

1950 жылы жазушы, журналист Дидахмет Әшімханұлы дүниеге келді.

1982 жылы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, грек-рим күресінен 2010 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Әсет Мәмбетов дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу