17.04.2023
  127


Автор: 365 күн

7 маусымда әлемде және қазақстанда туған танымал тұлғалар

1502 жылы Рим папасы Григорий XIII дүниеге келді. Ол күнтізбелік жүйеге өзгеріс енгізіп, тарихта қалды. Қазір Григориан күнтізбесі деп аталады;

1952 жылы түрік жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памук дүниеге келді;

1952 жылы ресейлік жазушы, тележүргізуші, түрлі әдеби премиялардың лауреаты Дарья Донцова дүниеге келді;

1970 жылы бразилиялық футболшы, Бразилия құрамасындағы екі дүркін әлем чемпионы Маркус Эванжелиста ди Мораес (Кафу) дүниеге келді;

1981 жылы ресейлік теннисші, фотомодель Анна Курникова дүниеге келді.

7 маусымда Қазақстанда кім туды

1917 жылы Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры Жанғазы Молдағалиев дүниеге келді. 1943 жылы қарашадағы ұрыс кезінде өз денесімен жау дзотын жауып, қаза тапты. Есімі Семейдегі көшеге және ол жерленген Елизаровка кентіндегі мектепке берілген;

1947 жылы жазушы, ақын Иран-Ғайып (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы) дүниеге келді. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, талай конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. "Махамбет" трагедиясы үшін "Әдебиет" номинациясы бойынша Қазақстан республикасы меценаттар клубының "Тарлан" сыйлығына ие болды;

1956 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айжан Нұрмағамбетова дүниеге келді. Қостанай облысының Сарыкөл ауданында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика бөлімін, республикалық эстрада-цирк колледжін бітірген;

1960 жылы Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу