17.04.2023
  69


Автор: 365 күн

7 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1929 жылы бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел Ватикан мемлекеті құрылды;  

1960 жылы Сауд Арабиясында әйелдерге білім алуға рұқсат берілді;

1965 жылы Sony корпорациясы бағасы $ 995 болатын тұңғыш үйдегі видеомагнитофонды таныстырды;  

1967 жылы израильдықтар Иерусалимдегі әйгілі жылау қабырғасын өзінің бақылауына алды.

7 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1812 жылы Орал қаласының іргесіндегі Хан тоғайында Бөкей сұлтан ресми түрде Ішкі орданың ханы болып жарияланды. Осылайша, Алшын елі екі дербес әкімшілік-аумаққа бөлініп, Ішкі орда және Кіші жүз хандығы қалыптасты;

1994 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың "Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы" жобасы баспасөзде жарияланды;

1997 жылы Павлодарда "Таза алюминий" деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті;

2014 жылы Қазақстанда алғашқы "Дүниежүзілік бокс академиясы" спорттық-оқыту кешені ашылды;

2017 жылы белгілі боксшы Геннадий Головкин өзінің атындағы спорт кешенін ашты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу