17.04.2023
  87


Автор: 365 күн

7 маусымда қандай айтулы оқиға болды

7 маусым күні жыл сайын Норвегия тұрғындары Швециямен одақтың ыдырау күнін атап өтеді. Бұл күні барлық мемлекеттік мекемеде ту көтеріледі. Швеция мен Норвегия арасындағы 1814-1905 жылдар аралығында мемлекеттік-құқықтық бірлестік болған. 1814 жылы Норвегия мен Швеция арасында соғыс басталды. Нәтижесінде норвегиялықтардың тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен Финляндиядан айырылған Швеция ортақ ымыраға келді. Елдер арасындағы байланыс 1815 жылдың 6 тамызындағы "Мемлекеттік актімен" реттелді. Құжатты екі елдің парламенті қабылдады.

Сондай-ақ, бүгін Краудфандинг күні. Бұл ағылшын тілінен аударғанда халықтық қаржыландыру дегенді білдіреді.  Интернет арқылы белгілі бір жобаға халықтың, көпшіліктің қаржы жинап беруі. Мұндай қолдау түрлі мақсаттарға арналуы мүмкін. Мәселен, табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек, спорт командасына жанкүйерлерінің көрсеткен қолдауы, түрлі саяси науқанға қолдау білдіру, стартап-компанияларды немесе кіші бизнесті қаржыландыру.

7 маусым азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күні. 2018 жылдың желтоқсан айында БҰҰ бас ассамблеясының резолюциясы қабылданды. Мереке сол кезден бері аталып өтеді. Оларды өсіру кезінде қолданылатын тыңайтқыштар мен өндірістің қауіпсіздігі қатаң сақталуы тиіс. Мамандардың айтуынша, адамзаттың тұрақты дамуы дұрыс тамақтанумен тікелей байланысты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу