Әңгімелер ✍️
5 маусымда қандай айтулы оқиға болды
1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні бекітілген болатын. Дәл осы күні Стокгольм конференциясында тиісті резолюция қабылданды. Осы құжатқа сәйкес, әрбір адам қоршаған ортаны үздіксіз қорғауы тиіс.
Дәл осы күні Қазақстан мен Ресейде "Эколог күні" аталып өтеді. Қазақстан республикасы бұл мейрамды 2011 жылы бекітіп, мерекелер туралы заңға ресми түрде енгізді. Алайда эколог күні демалыс күні болып саналмайды.
1849 жылдан бері Дания корольдігінде ұлттық мейрам - Конституция күні аталып келеді. 1848 жылы аталған мемлекетте төңкеріс болып, билікке ұлтшыл либералдар келді. Бір жылдан кейін VII Фредерик конституциялық басқаруды енгізуге келісті. Ал 5 маусымда осы елдің жаңа конституциясына қол қойды. Осылайша, Данияда Ригсдаг – екі палаталы заң шығарушы орган енгізілді. Содан бері елде конституциялық монархия орнады. Дания - Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан ең кішкентай мемлекет.
1977 жылы Сейшель аралдары республикасының ұлттық мейрамы - Азаттық күні бекітілді. Сейшель аралдары мемлекеті Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында, Үнді мұхитындағы аралдарда орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан 23 округке бөлінеді. Астанасы - Виктория қаласы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter