Өлеңдер ✍️
ДОСТАН ХАБАР КІМ ӘКЕЛЕР?
(2-нұсқа)
Кім әкелер
Достан хабар?–
Сахар желі ымдады ма–
Хақ құшағын ашқанда– Жар,
Айрылысқан құлдарына?
Бұл айрылу– мәңгі талап,
Дүния барды алды талап!
Хақтың нұры балды шарап,
Көзе ұсынар құлдарына.
Ол көзеге қанбайды адам,
Ішкен– жынды,
қан қайнаған.
Пірдің мүрид бел байлаған
Айналмаққа құрбанына!
Шәкірті көп
-ті тағдыры
– күн,
Қожамыздың алды нұрын.
Мүриді хақ
-ты әрбірінің,
–
Ұйымаймысың нұрларына?
Безсе нәпсі
– зайғы
-дұшпан,
Жылар,
жандай қайғы құшқан,
Сұм нәпсіден айрылысқан
–
Шом
ар кәусар суларына.
Кәусар суға енген жандар,
Өлмей тұрып, өлген жандар,
Нәпсі
– дұшпан.
–
Жеңген жандар
Қонар тәуба шынарына.
Тұтып тәуба бұтағынан,
Татып жәннат жұпарынан,
Сәрі шарабын жұтады һәм,
–
Көнбес жолдан бұрғанына.
Кім бұл сөзден үлгі алады?
–
Оңға баспай ырғалады.
Бұл дүнияда кім қалады?!
–
Келген қайтпақ құндағына.
Міскін Жүніс не қыла алсын,
Жан таба алмас шағынар шын.
Бір қарап ап, мағына алсын –
Дүнияның бұл халына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter