Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  145


Автор: Жалаладдин Руми

БҮЛІК ШЫҒАРДЫМ

Айға қабынғаны өкпемнің,
Осындай бір қап-қараңғы түн болдым деп;
Падишаға кектендім,
Қарағасқа кедей,
жалаңаяқ құл болдым деп.
Арулар сұлтаны сол шақта,
Үйіне шақырды мені.
Жолымды таптым мен әнсатта,
Басымды байладым,
кеудемнің аһ ұрды демі.
Шекерден тәтті досымның қалауы маған,
Қайғыға атсын ол – бал о да.
Қыңқ етпен, түссе азаптың талауына жан,
Қаһарланамын тәніме түскен жараға.
Қызыл-жасыл жалғанның жарқылына алаң,
Даңқ жолында өлгендер қанша ышқынып?! –
Тау қылып үйсең,
бермеймін алтыныңа мән,
Атақ-даңқ па? –
Қараман оған пысқырып.
Мен бір темірмін,
қолқасын бүрген
Магнитке деген махаббатын келген тежеп көп.
Темірдің шидей жаңқасымын мен,
Оның жанында жанұшырып тұрған безектеп.
Зәрре едім титтей, ие етті әлемге барлық,
Ауа,
топырақ,
отқа да суға қожамын.
Алты тарапқа берем мен жарлық,
Бес дүнияға бұйрық жазамын.
Ауа, топырақ, от пен су, мейлі, қарауыма көшсін,
Бес дүния мен алты тарапты қайтемін?! –
Ешбірің менің қалауым емессің,
Қалауым – Сенсің,
дертімнің, Досым, айт емін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу