Өлеңдер ✍️
КЕЛЕ ГӨР
Қандай ақыл қалды менде, не сенімім,
Қандай шешім, сабыр қалды?
–
Көшеді күн,
Кел, не болар, келе гөр.
Не жүректің ұлғайған дертін сұрашы,
Не жүзімнің сарғайған көркін сұрашы,
Не ішімнің жан
-майдан өртін сұрашы,
Кел, көзіңмен көр, келе гөр.
Ыстығыңа күйдім таба нан сықылды,
Ол қып
-қызыл, жүзім күрең қан сықылды.
Нандай кеуіп үгітіліп, шарасыздан
Төгілдім ғой жолдарға мен қар сықылды,
Кел, жина мені, келе гөр.
Бір кездері айнадай ем жарқыл атқан,
Жүзіңдегі із айдынымда малтып аққан,
Қазір гүлмін күздің желі қалтыратқан,
Кел, көр мені, келе гөр.
Бұлақ сынды оңға
-солға бұлқынамын,
Айрылысу тосқауыл ғып тұр тұманын,
Әр таң сайын жалбарынам, ұмтыламын,
Жел талаған жапырақтай жұлқынамын,
Кел, не болар, келе гөр.
Басыңды азап батпақтарға жалатса да,
Аяғыңды улы тікен қанатса да,
Хақ ғашыққа тез жетуді талап сана,
Құр дәмеден құтқар бізді!
Келе гөр.
Ей, ғашықтар пайғамбары, жебе мені,
Көп болды ғой жүрек оты бөлегелі,
Тұншықтырған көздің жасы
– терең еді,
Кел, хал не болар, келе гөр?!
Кет
– өзіңнен, сүйсең егер Аллаңды шын,
Сүйікті боп осы жолды таңдармысың,
Қандай шара табады деп, маңдайды сын,
Күні-түні еңіреймін, мен – байғұсың.
Кел, не де болса, келе гөр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter