Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  567


Автор: Иүгінеки Ахмед

АҚИҚАТ СЫЙЫ

(Үзінді)
Пайғамбар – оған Алланың нұры жаусын! – (Ол) Былай деген: «Алланың әміріне мойын ұсынып, оның жаратқан пенделеріне шапағатты болу керек».
Жауға да тигіз ауыз – таңғы дәмнен,
Тазармас қанша жуса қанды қанмен.
Тәттіңді аузына тос мұсылманның,
Бол жолдас – жәбір көрген зарлы жанмен.
Жамандар азар берсе, кешір оны,
Бір мысқал пайда келмес аңдығанмен.
Басы осы кісіліктің, ұқ осыны,
Сусын бер шөлдегенге, сол-ды жәрдем.
Жақсылық жасағанға еселеп қыл,
Ол жанға тілеу тіле әр дұғаңмен.
Тамырын дұшпандықтың терең қазып,
Аласта біржолата қалдыр әрмен!
Ашу, кек оты шалқып жалындаса,
Нұрын шаш ізгіліктің, сөндір әнмен!
Пайғамбар – оған Алланың нұры жаусын! – (Ол) Былай деген: «Алла
кішіпейілдінің абыройын асырады, тәкаппардың құтын қашырады».
Ұлықтық – Алланікі.
Ұлықсыған
Менменнің кеудесін бас – қылып шыдам.
Байлықтан, малдан саған қандай қайыр,
Жалаңаш өлді не бір бұлықсыған?!
Шіренбе: «Менің тегім асыл ед», – деп, –
Қай асыл мінезіңе жылыпты жан?
Тегіміз: Адам-ата, Хауа-анадан,
Жік салмас Хақтан қорқып сынықсыған.
Шынымен тегі асылдың мінезі асыл,
Хаққа да, көпке де ұнар қылықты жан.
 Бәріңнің бөркің бірдей, төркін бөлек,
Қашанда шын асыл ғой – білікті жан.
Соңғы сөз: Жақсының игі қылығы мен дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы
туралы:
Өлшенер жақсылықтың парқы өнермен,
Ешкімге опа бермес тәркі өлермен.
Адамдық кімде болса, ер! – деп соны айт,
Соны тап, іздесең де жарты әлемнен.
Жеміссіз тұл ағаш қой қайырсыз жан,
Ондайды кесіп отқа өртеген жөн.
Мархамы дүниенің – шапағатта,
Айрылма, мұсылмандық Мәртебеңнен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу