Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  281


Автор: Сүлеймен Бақырғани

ӨЛІМГЕ ЖОҚ-ДҮР ЕШ ҚАЙРАН

Пікірді ойға суар қанша,
Өлімге жоқ-дүр еш қайран.
Өлмек үшін туар барша,
Өлімге жоқ-дүр еш қайран.
Кедейің де сапардағы,
Бай-манап та шаһардағы,
Бәрі өледі жаһандағы, –
Өлімге жоқ дүр еш қайран.
Расулға Ғаршы мәлім,
Тұтып Хақтың бар сынағын,
Ол да өшіред жан шырағын,
Өлімге жоқ-дүр еш қайран.
Қат-қат темір қаптағаны,
Шар болаттан қақпалары
Тақтағы хан жоқ болады! –
Өлімге жоқ-дүр еш қайран.
Қанатыңнан қайырады,
Жақыныңнан айырады.
Топырағың жайылады,
Өлімге жоқ-дүр еш қайран.
Ей, Шамсаддин, заулар ғұмыр,
Ниетті Хаққа аудар, жүгір!
Белді байла!
Тәубаңды қыл! –
Өлімге жоқ-дүр еш қайран.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу