14.04.2023
  108


Автор: 365 күн

25 мамырда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін – Жоғалған балалардың халықаралық күні. Бұл мереке АҚШ-тан бастау алған. 1979 жылы 25 мамыр күні алты жасар америкалық оқушы Эвиан Пейтс жоғалып кетті. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, баланы барша әлем іздеді. Алайда Эвиан табылған жоқ. Төрт жылдан соң АҚШ президенті Рональд Рейган 25 мамыр күнін жоғалған балалар күні деп жариялады. 1997 жылы жоғалған балаларды іздеумен айналысатын халықаралық орталық ашылды. Орталықтың бастамасымен 2010 жылы осындай күн белгіленді.Тек ресми статистика бойынша жер жүзінде миллиондаған бала жоғалады. Олардың саны жыл сайын артып келеді.

Сондай-ақ, 25 мамыр - Дүниежүзілік қалқанша безі күні. 2009 жылы Еуропалық тиреоидологиялық қауымдастық бастамасымен құрылды. Ол қалқанша безіне байланысты мәселелерді зерттеумен айналысатын ұйым.

Бүгін Алматыда субұрқақтар мерекесі 2005 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Алматы қаласы әкімінің қаулысымен бекітілген.

Жыл сайын 25 мамыр күні Ресейде тіл саласы маманының күні аталып өтеді. Филология сөзі грекше "сөзге құмарлық" деген мағынаны білдіреді. Жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, палеография т. б. гуманитарлық пәндердің жиынтығы. Филология ғылымы Грекия мен Ежелгі Үндістанда пайда болды. Сондықтан грек, санскрит және латын тілдеріндегі филология классикалық филология саналады.

Сондай-ақ, Германияда құлпынай күні тойлануда. Жыл сайын мамыр айының соңында немістің Оберкирх қаласында тәтті әрі қызықты фестиваль ұйымдастырылады. Бұл қалада Германиядағы ең ірі құлпынайдың көтерме сауда базары бар. Мереке тарихы 1999 жылдан бастау алады. Мамырдың соңғы сенбісінде басталып, 2 күн бойы тойланады. Мереке қаланың басты көшесінің бойында өтеді. Ол жерде түрлі дәмханалар мен мейрамханалар бар. Олар келушілерге құлпынайдан жасалған дәмді тағамның түр-түрін ұсынады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу