Әңгімелер ✍️
24 мамырда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін – Еуропалық саябақтардың күні. Бұл мерекені тұңғыш рет 1999 жылы 24 мамырда Еуропаның 36 елінде табиғи аумақтарды біріктірген еуропалық ұйым бекітті. Сол кезден бері бүгін Еуропаның барша елінде аталып өтеді. Мерекеге бұл күннің таңдалуы тегін емес. Өйткені 1909 жылдың 24 мамырында Еуропада, Швецияда алғашқы тоғыз ұлттық парк құрылды. Сол кезден бері қорғалатын барлық табиғат аумағы Еуропаның құнды табиғи мұрасына айналды. Мерекенің мақсаты - Еуропаның қорықтарына қоғамның қолдауын арттыру. Қазір бұл мейрам табиғи аумақтарды қорғау кезіндегі халықаралық ынтымақтастықты білдіреді. Бұл күні Еуропада бірқатар шара ұйымдастырылады. Көрмелер ашылып, фильмдер көрсетіліп, дәріс оқылады. Саябақтарға экскурсиялар өткізіледі.
Сондай-ақ, бүгін Дүниежүзілік видео ойындар күні. 24 мамыр күні үйде қолданылатын Magnavox Odyssey алғашқы ойын консолі таныстырылды. Теледидарға қосылу мүмкіндігі қарастырылған консолді 1972 жылы америкалық Ральф Баер шығарды.
Бүгін Ресейде кадр бөлімі қызметкерінің күні. Өмірінде кем дегенде бір рет ресми қызметке орналасқан адам кадр бөлімі қызметкерінің жұмысымен таныс. Ол адамдар барша ұжым үшін жауапты. 1918 жылы Ресей жаңа институттарды қалыптастыра бастаған. Әділеттің халық комиссариатының шешімі бойынша алғашқы кадрлық аппараттар пайда болған. Осылайша, азаматтарды жұмысқа қабылдап, олардың қызметінің заңнамаға сәйкес болуын қадағалайтын жаңа орган құрылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter