13.04.2023
  163


Автор: 365 күн

15 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар


1881 жылы орыс жазушысы, драматург, театр режиссері және актері Михаил Булгаков дүниеге келді;

1938 жылы француз актрисасы Мирей Дарк дүниеге келді. Көпшілікке "Высокий блондин в черном ботинке" фильмімен таныс. 15 жыл Ален Делонның азаматтық некедегі жары болды;

1940 жылы кеңестік және ресейлік актриса Светлана Светличная дүниеге келді: Фильмдері  – "Бриллиантовая рука", "17 мгновений весны" және "Место встречи изменить нельзя";

1980 жылы ресейлік әнші және актриса Анастасия Сланевская (Слава деген атпен белгілі) дүниеге келді. "Параграф 78" фильміне түскен.

15 мамырда Қазақстанда кім туды

1920 жылы белгілі қазақ жазушысы Сәуірбек Бақбергенов дүниеге келді;

1944 жылы ақын, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының иегері Жаркен Бөдешұлы дүниеге келді;

1947 жылы Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткер, дипломат Нұртай Әбіқаев дүниеге келді;

1959 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" кинокомпаниясының актері Ерік Жолжақсынов дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова дүниеге келді;

1984 жылы гимнаст, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолюттік чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, екі Олимпиада ойынының қатысушысы Әлия Юсупова дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу