13.04.2023
  154


Автор: 365 күн

15 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлемде Халықаралық климат күні тойланады. Осы бір бейресми экологиялық мейрам метеорологтардың климатты қорғау туралы үндеуіне жауап ретінде бекітілді. Климатты сақтау – адамзат алдындағы жаһандық мәселе. Жаһандық жылыну, атмосфера қабатындағы озонның көбеюі, табиғи катаклизмалар, планетадағы ауа райының өзгеруі – мұның бәрі Жердің климатын құртып, салдарынан азық-түлік, адамдардың өмірі мен мүлкіне теріс әсер етеді, табиғи ресурстар мен мемлекеттің тұрғылықты дамуына кедергі жасайды.

Бүгін - Халықаралық отбасы күні. БҰҰ 1993 жылы осындай шешім қабылдаған,  содан бері әлемнің көптеген елінде тойланып жүр. Отбасы – қоғам мен мемлекеттің негізі, даму мен тұрақтылықтың көзі. Сол себепті мемлекет оны қорғауға үлкен мән береді. Мерекенің мақсаты – қоғам назарын отбасы саласындағы проблемаға аудару. Отбасы – өте көпқырлы институт, қоршаған ортаға сай дамып отырады: елу жыл бұрынғы отбасылық қарым-қатынастағы қағидалар қазіргі заманда ешқандай маңызды рөл атқармайды.

Бүгін – Мәскеу метрополитенінің күні. 1935 жылы 15 мамырда Мәскеу халқы мен қонақтары үшін айтулы оқиға болды. Осы күні таңғы сағат жетіде Мәскеу метрополитенінің алғашқы желісі салтанатты түрде іске қосылды, ол қалалықтардың сүйікті орындарын өзара байланыстыратын – Сокольники мен Мәдениет саябағы. Желінің ұзындығы небәрі 11,2 км еді, он үш станциясы адамдарды ерекше көркемдігімен таңғалдырған. Ал қазір Мәскеу метросы 295 шақырымға созылып жатыр, он екі желіден тұрады. Оның құрамына монорельстік жол да кіреді, күніне 9 миллионнан астам адамды тасымалдай алады. Мәскеу метросы әлемдегі ең әдемі метро болып танылған, әрі қарай кеңейіп, дамып жатыр. Ал оның құрылысына қатысы бар барлық адам бүгін Мәскеу метрополитені күнін атап өтеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу