Әңгімелер ✍️
9 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар
1837 жылы неміс кәсіпкері, Opel компаниясының негізін қалаушы Адам Опель дүниеге келді;
1873 жылы ағылшын археологы, Мысырдағы Тутанхамон перғауынның мәйітін ашқан ғалым Говард Картер дүниеге келді;
1906 жылы кеңес театр және кино актері Аполлон Ячницкий дүниеге келді. "Суворов" фильмінде Ресейдің I Павл патшасының рөлін сомдаған;
1924 жылы ақын, композитор, жазушы, сценарист Булат Окуджава дүниеге келді;
1962 жылы ресейлік режиссер және продюсер Валерий Тодоровский дүниеге келді. Ол "Подмосковные вечера", "Стиляги", "Большой" фильмдеріне түскен;
1962 жылы Ұлыбританияның аты аңызға айналған Depeche Mode тобының вокалисі Дэвид Гаан дүниеге келді;
1967 жылы ресейлік әртіс және режиссер Федор Бондарчук дүниеге келді. Ол - танымал режиссер Сергей Бондарчуктың ұлы.
9 мамырда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1946 жылы Қазақстанның құрметті журналисі, "Мысль" журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам дүниеге келді;
1947 жылы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының режиссері, Күләш Байсейітова атындағы вокалистер конкурсының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Ғафиз Есімов дүниеге келді;
1954 жылы Қазақстан Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми дүниеге келді;
1962 жылы Қазақстан парламенті сенатының депутаты Жеңіс Нұрғалиев дүниеге келді;
1965 жылы Қазақстанның Лихтенштейн Князьдігі, Ватикан, Иерусалим, Родос және Мальта, әрі Швейцариядағы төтенше және өкілетті елшісі Жанар Айтжанова дүниеге келді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter