Әңгімелер ✍️
Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 10 бөлім
Әйгерімді ақтық сапарға шығарып салдық. Оның ешқандай туысы жоқ. Жаныма бататыны сол. Біреу міреу іздеп келеме деп, біраз күттік. Бірақ ешкім келмеді. Қырқынан дейін күттік. Амал жоқ. Тағдырға не өкпе айтамыз. Бізден де әжемнен басқасының бәрі алыстап кеткен. Әкемді көрсе жұрт шошиды. Неге тағдырдың сыны бітпейді екен деп, бір күрсініп аламыз.
Жылай жылай көзден де жас тоқтап құрғап қалғандай, менің де әл дырманым қалмады. Тағдырға, Алла тағалаға айтар сырымыз жоқ. Мүмкін болайын деп тұрған нәрсе осы шығар. Қанша әкемді жақсы жаққа өзгертуге тырысқаным мен ешбір мән болмады. Қайта мен олай талпынған сайын әкемнің мінезі одан сайын өзгертіп, ішуін көбейтпесе азайтар емес.
Әжем бізге біраз уақыт қолғабыс жасап жанымызда жүрген. Бірақ күндердің күнінде ажалы ма екен, бірден қан қысымы төмендеп, құлап қалды. Әжем сол кеткеннен бізді тастап алысқа кете барды. Бізге қатты қиын болды. Жанымыздың бір бөлшегін суырып алғандай күй кештік. Әпкем де, ағам да бізден алыстап кетті. Екеуінің де бөлек отбасы бар. Оларға барып көмек те сұрай алмадық. Ара қатынасымызды мүлдем үздік. Әкемді дұрыс әңгіме шақырайын десем, қызым қойшы деп, басын ала қашады. Әжемнің қара жерге тапсырған соң өміріміз күндегіше жалғаса берді. Әкеме үйлен деп айтуға қорқып қалдым. Мүмкін маңдайына жазылған жалғыздық шығар. Әкемнің өзі де оны түсінгендей, " мен әйелдердің ажалымын. Маған бір адам мен бір жастықта қартаю жазылмаған" деді... Ол сөзінен қатты қорықтым. Біздер төртеуміз осылайша әлі де өмір сүріп келеміз. Бізге осындай тағдыр жазылыпты.
Соңы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter