ЖАҢА АЙДЫ КӨРГЕНДЕ АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА
Жаңа ай көргенде Алла Тағалаға мақтау-мадақ айтып, және Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтылады, және алдағы күндерде жақсылық, тыныштық болсын деп. Яғни, барлық жақсылықты тілеу керек. Талха ибн Ъубайдуллаһ (р.л.ғ.) айтады: “Нәби (с.а.с.) жаңадан туған Айды көрсе: “Я, Алла Тағала! Бүл Айды төбемізге көтеріп, бізге қауіпсіздік, имандылық, амандық пен Ислам дінін нәсіп ете гөр! Менің және сенің Раббың Алла Тағала”,-деп айтатын” (Имам Термизи).
“Аллаһу әкбәру, Аллаһуммә әһилләһу ъаләйнә бил-әмни уәл-имәни, уәс-сәләмәти уәл-Исләми уәт-тәуфиқи лимә тухиббу раббәнә уә тәрда, раббунә уә раббукәл-лаһ”. Мағынасы: Алла ұлы. Ей, Алла! Бұл жаңа айды бізге есен амандық, иман -саулық, сондай-ақ, Ислам айы еткейсің. Және Өзің жақсы ұнататын әрі Өзің разы болатын істерге жолдайтын сәтті ай еткейсің (Ей, Ай!) Біздің Раббымыз да, сенің Раббың да Алла.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter