08.04.2023
  425


Автор: Бодо Шефер

ЖОРАЛҒЫ

Карл,       Анна,        Марк       үшеуі ауруханаға     кірісімен,   Михаэльдің палатасына қарай жүгірді. Жолда олар медбикенің бірін кездестіріп, бірнәрсе болғанын түсінді. Жаман бірдеме ...


Медбикенің көздері жасқа толы еді. Медбикелер әдет-те жылай бермейтіні белгілі. Ол қолын екі жаққа жайып, оларға бөгет жасады:


– Михаэль... келмеске кетті...


Бұл сөздердің мәнін олар бірден ұқпаған секілді. Жүректері түсініп тұрғанымен, саналары қабылдаудан бас тартып тұр еді. Михаэль қайтыс болды. Ол енді жоқ. Олар енді онымен ешқашан сөйлесе алмайды, оның күлкісін көре алмайды... Үшеуі де тұрған орындарында сілейіп қатып қалды. Олардың әрқайсысының Михаэльге деген қарым-қатынасы ерекше болатын.


Карл болған оқиғаны әлі де мойындай алмай тұр еді: «Соңын керемет етіп аяқтаса болмас па еді? Өмір сцена-рийін қандай ақымақ жазады екен?». Ол ойын жинақтай алмады. Жүрегі қайғыдан сыздап тұрды.


Анна оның иығына басын қойып ақырын жылап тұр еді. Карл бұл жерде қайғырып тұрған бір өзі ғана емес екенін түсінді. Ол Аннаны мейіріммен құшағына қысты.


Медбике де әдеп сақтап күтіп тұр екен. Ол:


– Михаэль бақытты боп кетті. Ол смартфонынан бір хабар көріп жатты. Қуаныштан қатты айқайлап жіберді. Мен қорқып кеттім де, не болғанын білу үшін жүгіріп келдім. Мен де онымен бірге сенің ойыныңды тамашала-дым. Керемет ойнадың.


Ал Карл болса: «Оның енді қандай маңызы бар, Михаэль енді жоқ қой! деп ойлады.


Медбике сөзін жалғастырды:


– Михаэль саған хат жазып қалдырды. – Ол халаты-ның қалтасынан конверт алды да, Карлға берді. Сонан соң Карлдың қолынан аянышпен сипады да, кетіп қалды. Карл конвертті ұстап тұрып қалды. Онда бала


қолымен былай деп жазылыпты:


 


 


Жұлдыз актер, досым Карлға Йода магистрден


 


 


Карлдың жүрегі сыздап кетті. Оның бойын қалың қайғымен қатар бір жылы сезім жайлады. Ол конвертті ашты да хатты алып, ақырын оқи бастады:


 


Досым менің, мен сенің қайғырып тұрғаныңды көріп тұрмын. Мен сенің ондай түріңді көргім келмейді. Тыңдап тұрсың ба мені? Сен қайғырмауың керек. Менің келген жерім – кере-мет жер.


«Қайғырған адам өзін эгоист ретінде ұстайды, ол тек өзі туралы ойлайды» деп Марк дұрыс айтады. Әңгіме менің өлімім жайлы болып тұр, сондықтан оны тек мен ғана шешемін. Сен қазір мен туралы ойлауың керек және мен үшін қуанғаның дұрыс.


Мен сені жақсы білемін. Сенің не ойлап тұрғаныңды біліп тұрмын. «Мен бәрібір қайғырамын. Ештеме өзгерте алмай-мын» деп тұрсың ғой.


Бұл былжырақ әңгіме, бла-бла-бла. Сен бәрін өзгерте аласың. Сен әртіссің ғой! Және өмірімде көрген ең жақсы әртіссің. Соны қазір дәлелдеші. Және біліп қой, мен сені көріп тұрмын.


Иә, сен мен үшін қуан:


Мен қазір галактикалық құрамада ойнайтын боламын. Мен бұл сәтті ұзақ күттім. Менің саған бірнеше сурет жіберем деген үмітім бар. Менімен мақтанатын боласың әлі. Мен де сенімен мақтанамын!


Мен ұзақ ойнайтын боламын. Және оны рақаттана жасай-мын. Менің қуанышымды елестете аласың ба?


Сосын, біліп қой, мен қайтып ораламын.


Қазір сен ол мүмкін емес деп тұрған шығарсың. Бірақ мен оны анық білемін, өйткені мен ол туралы жиі армандаған-мын. Тап солай болады! Мен қайтып ораламын.


Мен қайтып оралуым қажет, өйткені сен қорқыныштарыңнан толық арылған жоқсың және оларды басқара алмайсың. Сонымен қатар маған сенімен, Аннамен және Маркпен бірге болған ұнайды.


Менен сәлем айт оларға.


Кездескенше. Күш-жігерің көмекшің болсын. Магистр Йода.


P.S. Мен бұл хатты екі күн бұрын жазып қойғанмын. Не бола-рын кім білсін ...


Тағы бір нәрсе: мен смартфоннан сенің жанды ойыныңды көрдім. АҚЫЛҒА СЫЙЫМСЫЗ! Бұл тамаша болды! Мен қатты қуандым! Сен менің батырымсың! Мен өмірімде дәл бұлай қуанған емеспін.


 


Бірнеше уақыттан кейін медбике келді де:


– Мен сіздерге тағы бір нәрсе айтуым керек. Михаэльдің тас жетім екенін көп адам біле бермейді. Сіздердің оның өмірінде орын алғандарыңыз ол үшін өте маңызды болды. Ол кейде Анна мен Карл сияқты ата-анам, Марк сияқты атам болса деп армандайтын, – деді.


Үшеуі Михаэльдің палатасына кірді. Марк абды-ратқан сезімнен тез арылып алған сияқты. Карл оған таңқала қарады.


– Михаэль бәрін дұрыс айтқан тәрізді. Біз өлім тура-лы жаман ойлаймыз. Біздің қайғымыз бізге қорқыныш болып келеді. Бәлкім, өлім жарық дүниеге ашылған жол шығар, – деді Марк.


– Хатты қолыма алғанға дейін мен ашулы едім: «Михаэль қайтыс болды, енді басты рольдің не маңызы бар? Өмір сценарийін қандай ақымақ жазады екен?» деп ойлағанмын, – деді Карл ойланған кейіпте.


– Психологтар бұл жағдайды болжамды иррацио-налдық деп атайды, – деп жауап қатты Марк. – Біз өмір туралы ...


– Сен робот сияқтысың, – деп сөзін бөліп жіберді Карл. – Қазір басыңа дана ойлардан басқа ештеме келіп тұрған жоқ па? Сен түк те уайымдап тұрған жоқсың ба?


– Мен Михаэльдің қайтыс болатынын бірнеше ай бұрын білгем. Сондықтан уайымым бірнеше ай бұрын басталған. Және бірнеше уақытқа дейін одан арыла алма-сым рас. Мен Михаэльді өте жақсы көрдім, – деп жауап қатты Марк.


– Кешір, – деді Карл. – Мен көңіл-күйім болмағанда елді осылай ренжітетінім бар. Сен болжамды иррацио-налдық туралы түсіндіріп жатқан едің. – Карл Марктің қатты қайғырмас үшін рационалдық ойлау туралы сөз қозғап тұрғанын болжады.


– Ештеңе етпейді. Болжалды иррационалдық тұжырымының астарында бір тұрмыстық даналық жасырынып жатыр. Көп адам барлығы керемет болғанда ғана бақытты бола аламын деп есептейді. Олар өмірінің барлық сала-сында жетістікке жеткенде ғана толыққанды табысқа ие болам деп ойлайды, – деді Марк.


– Бұл солай ғой. Басқаша қалай табысқа жетеміз? Торттың бір ингредиенті дұрыс болмаса торт та дұрыс шықпайды деген сөз, – деді Карл.


– Торт туралы мысалың жақсы шықты. Алайда өмір деген иррационалдық нәрсе екенін ұмытпайық. Мүлде проблемасыз өмір сүретіндер сирек кездеседі. Егер кімде-кім өмірде барлығы керемет болғанда ғана бақытты бола-мын деп ойласа, ол ешқашан бақытты бола алмайды.


– Алайда, өмірдің мәні де сол бақытқа ұмтылу емес пе? – деді Карл. Осындай әңгімені өрбітуге ықпал етіп отырғанына өзі таңқалды.


– Иә, кейбіреулер солай деп ойлайтыны рас. Бірақ мен бақытты өмір сүрем деп ұмтылған адамдардың соңын-да депрессияға түскенін талай көрдім. Меніңше, өмірдің мәнін іздегеніміз дұрыс. Өмірімізге мән бере бастағанда, біз өзіндік санамызды көтере түсеміз. Біз ұдайы бақытты болғымыз келеді, бірақ ол қолымыздан келмей жатады, сондықтан өзіндік сана төмендеп кетеді де, өзімізді жолы болмайтын адамдардың қатарына қосамыз.


– Ал мен өзіндік санам көтерілген сайын өмірім бақыт пен әсемдікке толы болады деп ойласам, – деді Карл таңқалып.


– Әрине, өзіндік санасыз бақытты да тамаша өмір-ге қол жеткізуіміз екіталай. Дегенмен, ол жеңіл өмірге кепілдік береді деген сөз емес, ол тек өмірімізді мәнді етеді, – деп түсіндірді Марк.


Карл әлі де болса сенімсіз еді:


– Дегенмен бұл жерде жеңіл өмір туралы сөз болып тұрған жоқ қой. Михаэльдің өлімі – үлкен қайғы.


 


– Мәселе сен оның өліміне қандай баға беретініңде. Әрине, оны үлкен қайғы деп қарауыңа да болады, алай-да басқа да нұсқалары бар ғой. Қазір саған түсіну қиын болып тұрған шығар, дегенмен мен бір тұжырымды айтып өткім келіп тұр, ол маған жақсы көмектеседі. Өлім деген – өмірдің бір бөлігі. Өлім мен өмірді бөліп қарай алмаймыз. Өзіндік сана бұл фактіге саналы түрде қарау керектігін айтады. Ең құрығанда өмірдің бәрі өліммен аяқталатынын мойындауымыз қажет. Алайда өлім біздің жақсы кеңесшіміз болуы мүмкін.


– Кеңесшіміз?


– Иә. Біз өлетінімізді білсек, өмірімізді саналы түрде сүруге ұмтыламыз. Осылайша өмірімізге мән бере бастаймыз.


– Мән деп нені меңзеп тұрсың? – деп сұрады Карл.


– Егер бірнәрсені саналы түрде жасайтын болсақ, ол мәнге ие болады. Екінші жағынан өлімге де мән бере қарағанымыз дұрыс. Оны кеңесші ретінде көрсек, оған апат деп қараудан аулақ боламыз.


Бұл жағдайда біз мынау шектеулі өмірімізге қандай мән беретініміз туралы ойлана бастаймыз. Біз дарыны-мызды айқындап, оған мән беруіміз керек. Мысал ретін-де айтайын, Михаэльдің дарыны – оның қорқынышты сезінбеуі еді. Мен оған келген сайын менің өзімнің қорқыныштарым жоқ болып кететін. Бұл мен үшін өте маңызды еді.


– Иә, – деп келісті Карл. – Менде де солай болған еді. Егер ол болмаса, мен ешқашан көрсетілімге келіспес едім. Мен қатты қорықтым. Бірақ мен оған уәде бердім ғой... – Біраз үнсіздіктен кейін ол:


– Десе де, Михаэльдің өлімі дұрыс емес сияқты... Мен өзіме үнемі: «неге?» деген сұрақ қоямын.


– Мен оған жауап бере алмаймын, – деді Марк Карл-ды аяп. – Мен тек сен Михаэльдің емес, өзіңнің өмірің қойған сұраққа ғана жауап бере аласың дегенді айта аламын. Меніңше, ол өз өмірінің сұрағына жауап бере алды деп ойлаймын.


 


 


Олардың әрқайсысы өзінше қайғыға берілді. Ал өмір болса жалғасып жатқан еді. Оқиғалар бірінен кейін бірі өтіп жатты. Карл бірінші фильміне түсті, ол өте сәтті шыққан еді. БАҚ-та Карлдың атағы жер жарып жатты. Оның ойлануға мұршасы жоқ болатын.


Анна мен Карл бірге тұра бастады. Алғашында олар үнемі Михаэль туралы ойлайтын, дегенмен үй жағдайы-на алаңдау бұл ойларын шамалы сейілткендей болды.


Бірнеше ай бойы Карл күлгін күнделігі туралы ұмытып кеткен еді. Бір күні ол бірнәрсе іздеп жатып, күнделікті тауып алды. Оны оқып отырып, кәрі кемпірдің де, сиқырлы жазбалардың да ұмытыла бастағанын түсінді. Ол Аннаға автотұрақтағы қызыл свитерлі әйелмен кездескені туралы және күлгін күнделік жайлы айтып берді. Әйелге қатысты, өзі сенбесе де, әйтеуір бір түсіні-гінің бар екенін біледі. Бұның түпсанасы көмек беру үшін елес ретінде жіберсе керек. Мұндай оқиғалар болып тұратыны белгілі. Ол Маркпен осы туралы сөйлескен-де, оның да осындай жағдайды басынан кешкені белгілі


болды. Өзінің әңгімесін Карл былай аяқтады:


– Бірақ күнделік туралы тіпті не ойларымды да білмеймін.


– Оны көруге бола ма? – деп өтінді Анна.


– Әрине. – Карл оған күлгін күнделікті ұсынды. Анна оған үңіліп, ұзақ оқыды.


– Мұнда көп ақылды ойлар жазылған екен, – деп қорытындылады ол. Сосын оның басына бір ой келді:


– Сен мына фразаны басқа бетке көшіре аласың ба? Карл таңқала отырып, оның өтінішін орындады.


 


Анна алғашқы жазуға қарады, сосын кейінгі жазбаға қарады да, күліп жіберді, басында ақырын күлген ол, кейін ішек-сілесі қата күлді. Карл оған таңқалып қарады.


– Карл, бұл сенің жазуың ғой.


– Әрине, оны қазір жазған жоқпын ба, – деді түк түсінбеген Карл.


– Екі жазуды да сен жазғансың. – Ол күнделікті асығыс ақтара бастады.


– Барлығы сенің жазуың. Барлығын өзің жазғансың. Карл Аннаның айтқанын енді түсіне бастағандай.


Бірақ қалай болғанын түсіне алар емес. Көп нәрсе оған да, оның құрбысына да түсініксіз еді. Бірақ мына ойдың бәрі бұның ойына қайдан келуі мүмкін екенін түсіне алар емес.


Соңында олар бұған жүз пайыз түсініктеме жоқ деген қорытындыға келді. Кейде адамдарға шын мәнінде көмек қажет болғанда ғажайыптардың болатыны аян, бұл жерде сиқыр туралы емес, ешкім түсіндіріп бере алмай-тын жағдайлар туралы айтылып отыр.


 


 


Карл мен Марк бір-біріне бұрыннан да жақын бола түсті. Карл өзінің егде досын әкесіндей көре бастады. Олар жиі кездесіп тұрды. Марк бұрынғы ұстаз ролінен бас тарта бастады, олар шынайы дос еді.


Марк бұрынғыдай Карлге хабарлама жіберетін, ал Карл болса оны күлгін күнделігіне жазып қоятын еді. Бірде ол мынадай жазуды оқыды:


 


Бір кездері сен жағдайым тым нашар, оны өзгер-те алмаймын деп ойлап па едің? Ал бүгінде сен ризасың, өйткені сен өз-өзіңді мақтан тұтасың.


 


Карл жымиып, басын изеді. Ол осыншама өзгерем деп ойламапты да: ол армандаған әйелімен өмір сүріп жатыр, олар бір-бірін риясыз сүйеді, оның өзі арман-даған керемет жұмысы және кез келген уақытта маңызды сұрақтарды талқылай алатын Марк сияқты тамаша доста-ры бар.


Уақыт өткен сайын маңызды сұрақтар да таусылмай-ды екен. Сондықтан да дана досы оған жіберілген үлкен сый еді, оны Ми деп босқа атамаса керек. Карл сонымен қатар Марктің жүрегі миынан да үлкен екеніне сенімді еді. Ол Маркке қызыл свитерлі кемпір жайлы айтып берді.


– Бұған дейін оны ешкім және ешқашан көрмеген.


– Қателесесің. Көп жылдар бұрын мен де оны кездес-тіргенмін. Менің сол кезден бері келе жатқан күнделігім де бар. Сол кезден бері өзімді күнделіксіз тіпті елестете де алмаймын. Менің таным күнделігім бар, мен онда барлық білген-түйгенімді жазып жүремін. Табыс күнделігім де бар.


– Біз бір-бірімізге қатты ұқсаймыз, – деді Карл. – Бірақ алғашында мен сені өте ақылды деп ойладым, тіпті екеумізге ортақ не болуы мүмкін деп ойлаушы едім.


– Ортақ нәрсеміз көп. Мысалы біз екеуіміз де сезімталмыз.


– Кейде тым сезімтал болып кетем бе деп ойлаймын. – Бұған басқаша қара. Сенің басқа адамдарға қараған-


да антенналарың көп. Сондықтан да сен осындай тамаша актерсің.


Мен де сезімталмын. Бірақ менде ол басқаша көрі-неді. Мен нашар актер болуым мүмкін, бірақ мен жақсы ғалыммын. Менің антенналарым қандай ғылыми жұмыс-тарға мән беру керек екенін және одан қандай пайда табуға болатынын айтып отырады. Мен мұны өзім де түсіндіре алмаймын.


– Ол үшін Анна бар емес пе? – деп күліп жіберді


 


Карл.


– Дұрыс. Бұл өте маңызды. Біз үшеуміз бір-бірімізді керемет толықтырамыз. Мен екеуіңді де жақсы көремін.


Карл қуанып кетті, ол ойлана:


– Сенімен кездеспегенде, мен не істер едім?


– Мен кездейсоқтыққа сенбеймін. Біз кездестік қой. Сенің танысу тәсілің ерекше болды. – Марк әлгі жол апатын еске түсірді. – Дегенмен, сен «кездеспесек не болар еді?» деп сұрадың ғой. Мүмкін сен дана ойлар мен ақылды пікірлер іздеп Instagram-ға кірер ме едің. Сосын оларды айтқан адамдарды іздей бастар едің, сосын олар-дың YouTube каналы мен әлеуметтік желідегі парақшала-рына жазылар едің. Оның семинарлары мен дәрістеріне қатыса бастар едің. Сонан соң оның өзімен танысар едің. Меніңше біз дамуымызға ықпал ететін қажетті адамы-мызбен танысып, онымен араласа аламыз. Тек қарым-қа-тынастың бір жақты болмайтынын түсінуіміз керек. Бір


нәрсе алу үшін, біз алдымен бірнәрсе беруіміз керек. – Мен саған не бере алдым?


– Сен маған бір көргеннен ұнадың, сенімен сөйлес-кен маған ұнайды – мұның өзі үлкен сый. Оның үстіне сен менің өмірімді құтқардың, ұмытып қалғанбысың?


Карл оны шынымен де ұмытып кеткен еді. Ол бұл таныстықтан Марктен гөрі өзінің алары көп деп ойлай-тын еді. Иә, ол Марктің өмірін құтқарды, ал мұны майда-шүйде деп айта алмас едік.


Марк сөзін жалғастырды:


– Бүгінде байлық пен кедейліктің арасы тым алшақ және ол күннен күнге өсуде дегенді жиі естиміз.


– Онсыз да солай емес пе?


– Солайы солай ғой. Бірақ ешкім ол айырмашылықтың мәні неде және оның қандай маңызы бар деп сұрамайды. Мен мынаны айтар едім: байлық пен кедейлік арасындағы айырмашылық тек салдар ғана, себебі өзіндік санада. Кей адамдар өмір бойы өзіне-өзі: «Менің қолымнан келмей-ді, мен бұған лайық емеспін» дегенді мантра сияқты қайталай береді. Бұл адамдар қошқыл түсті ағашқа құлақ түретіндер. Олар өздерін жақсы көрмейді және мақтан тұтпайды, сондықтан да көп нәрсеге батылы бара бермей-ді, оларды қорқыныш билеп алады.


Дегенмен, «Менің қолымнан келеді». «Мен лайықты-мын». «Мен кім екенімді білемін» дейтін адамдар да бар. Олар махаббат жолын таңдайды. Олардың алдында барлық есік ашық.


– Мен үнемі бай мен кедейдің айырмашылығы білімінде деп ойлайтынмын. Кейбіреулер өмір бойы оқиды, енді біреулер оқымайды... – деді Карл.


– Бұл да тек салдары, себебі емес. Егер адамның өзін-дік санасы болса, оған оқып не керек? Ол өзі үшін оқудың ешқандай маңызы жоқ, ол ештемені өзгерте алмайды деп шешіп қойған жоқ па. Сондай-ақ, ол ештеңе түсінбеймін деп қорқады да, өзіне ләззат сыйлайтын істермен айна-лысады.


– Өмірден ләззат алғанның несі жаман? – деп таңдан-ды Карл.


– Біртекті ләззаттан тұратын өмір бос. Оны толты-ру үшін құмарлық керек. Өзіндік сана бізге шын мәнінде не ұнайтынын ұғынуға көмектеседі. Ал сүйікті ісіңмен айналысқанда ғана сен кім екеніңді түсінесің.


Карл айтылған сөздерді түсіну үшін үнсіз қалды. Соңында ол:


– Мен соңғы айларда көп жаңалық аштым өзіме. Сен басында-ақ дұрыс айтыпсың, өзіндік санасыз бақытты да толыққанды өмір сүру мүмкін емес.


– «Қолымнан келеді» деп ойласаң – ойың дұрыс, «бұл қолымнан келмейді» деп ойласаң – ол ойың да дұрыс, -деп Марк бір даналықты қайталады. – Өйткені тартылыс заңына сәйкес сенің ойыңның дұрыстығын дәлелдеу үшін сенің ойларың жүзеге асады. Карл құптап басын изеді де:


– Есіңде ме, сен басында менен өзіңе ұнайсың ба және өзіңді мақтан тұтасың ба деп сұраған едің. Сол кезде бұл сұрақтар менің ашуыма тиген еді. Дегенмен бүгін мен: «Иә, мен өзіме ұнаймын және мақтан тұтамын» деп барынша сеніммен айта аламын.


Марк күлімсіреп, шын жүректен оны құттықтады.


– Ал сен өзіңе ұнайсың ба? – деп сұрады Карл өзінің тәжірибелі досынан.


– Әрине. Мен өзіндік сана саласындағы әлем мойын-даған сарапшы емеспін бе, – деп күлді Марк.


– Өзіңнің көптеген дарынды қабілеттеріңнің ішінен қайсысын мақтан тұтасың?


– Егер адамдар маған кездеспегенде, ешқашан жасай алмайтын нәрселерді жасауға итермелейтін қасиетім бар менің.


– Дәл солай, ондай қасиетің бар. Дегенмен, сен өзіңді «әлем мойындаған сарапшы» деп таныстырғанда, сені өзімшіл біреу ме деп ойлап қалғанмын.


– Өзімшілдік     өзіндік санасы дамымаған адамдар-да болады. Менмендіктің артында қорқыныш жатыр. Менмендік өзіндік сананың қарама-қарсы жағы. Мен мынадай маңызды нәрселерді ұқтым:


 


Адамдарға иіліп көмек көрсету қиын болмас үшін, тым асқақтап кетпе.


 


Өзіңді үйреткен адамды ұмытатындай ақылды болып кетпе.


 


Жеңілістің не екенін ұмытып қалатындай ұлы жеңістерге ұмтылма.


 


 


Карл өзіне ұнаған бұл сөздерді дәптеріне жазып алды. Ол да өзімшілдікке берілмей өзіндік санасын көтергісі келді.


 


 


Келесі айлар Карл мен Анна үшін зулап өтіп жатты. Олар бір-бірінен ләззат алып, отбасылық өмірлерін кешіп жатты.


Бұрынғыдай олар дәстүрге айналған жоралғыларын жасап, оның нәтижесін де көріп жатты. Карл өз мінезін-дегі сабырлылықты байқады, енді оны ешкім оңайлықпен ашуландыра алмас еді. Карл бұрынғыдай сезімтал бола-тын, сондай-ақ кейде оның бойын қорқыныш билейтіні де рас еді. Алайда онымен бірге өз-өзіне деген сенімділік те артып келе жатқан болатын. Карлдың өз өмірін басқара бастағанына көзі жете бастады.


Және ол жалғыз емес еді. Оның қасында кере-мет жары және досы Марк бар болатын. Бұл сезім оған тыныштық сыйлады.


Анна мен Карл үйленді. Олар өздері армандаған теңіз жағалауына саяхатқа кетті. Тілектері бір жерден шыққанына одан сайын қуанды.


Саяхаттары керемет болды. Олар бір-бірін шексіз махаббатқа бөледі.


Бір күні романтикалық кеште Карл:


– Бәрі керемет. Менің өмірім сенімен түрлене түсті. Басқа не тілеуге болатынын тіпті білмеймін де, – деді.


– Иә, бәрі керемет, – деді Анна оған үзіле қарап. Карл оның жүзінен бір айтылмаған ойды ұқты.


Бірақ Анна үнсіз қалды. Карл оған құрметпен қарады да сұрақтың астына алмады. Әйтсе де, оның ойынан: «өмірімізді түрлендіре түсу үшін тағы не істеуге болады?» деген сұрақ кетпей қойды. Ол көп ойланса да, ешқандай жауап келмеді басына. Келесі күні жағалауда отырғанда,олар екі кішкентай баласы бар ерлі-зайыптыларға назар аударды: төртеуі бір-бірімен шуылдап, ойнап жатқан еді. Сонда ғана Карл түсінді: «Не деген есекпін, біз бала туралы ешқашан сөйлеспеппіз ғой!».


Жұбайының балаларға қарап отырғанына қарап, оның тағы бір арманы бар екенін түсінді.


Карл жалғыз серуендеуге кетті. Ол Аннаға мұны маңызды бір шешім қабылдау керекпін деп түсіндірді. Пальманың астына жайғасқан ол өзімен тастамай алып жүретін Михаэльдің хатын қолына алды.


Ол ойша өзінің кішкентай досына: «Саған ол жақ ұнап жатқан болар деп үміттенемін. Мен сенің галакти-калық құрамада ойнап жүргеніңе сенімдімін» деді.


Оның көзі бір фразаға түсіп кетті: «Мен ұзақ ойнай-тын боламын ... сонан соң мен қайтып ораламын».


 


 


Сол кеште Карл керемет романтикалық кешкі ас ұйымдастырды. Ол өмірдің кереметі таусылмайтынына Аннаның көзін жеткізгісі келді.


Кешкі астан соң ол:


– Мен бүгін Михаэль туралы көп ойладым. Сен армандардың орындалатынына сенесің бе? – деді.


– Әрине. Қазір оны басымыздан кешіп жатқан жоқпыз ба, – деді Анна.


– Егер адам өлсе, қайтып оралатынына сенесің бе? – Қалай екенін білмесем де, сенемін.


– Менің бір идеям бар. Мен позитивті жоралғыларға сенемін.


– Қандай жоралғылар? – деп сұрады Анна.


– Бір ерекше жоралғы бар... – деп Карл Аннаға үздіге қарады.


Анна оның жүзіне ұзақ қарады да бәрін түсінді. – Менің қолымнан келеді, - деп сыбырлады Карл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу