08.04.2023
  674


Автор: Бодо Шефер

ШЕШУШІ СӘТ

Түнде шешуші көрсетілім алдын-да Карл тағы сол түсті көрді. Бірақ бұл жолы Карл ұйықтап жатқанын білді. Бәрі әдеттегідей басталған еді: бұны әкесі қоңырқай түсті ағашқа қарай жіберді және Карл бірден оның


жағымсыз ықпалын сезінді.


Алайда, бұл жолы Карл қарсылық көрсетуге тырыс-ты. Ол: «Үнемі бір нәрсені қайталай беруге болмайды. Мен түсімді өзгертуім керек» деп ойлады. Қиын болса да, түсін өзгертуге тырысты, ол түбінде Анна тұрған ақшыл түсті ағаш жаққа қарағысы келген. Алайда оны қошқыл түсті ағаш әлі де жібермей тұр еді.


Карлдың басына бір ой келді: қызыл свитерлі егде әйелден көмек сұрайын деп шешті. Ол бірден жеңіл-деп сала берді. Кемпір мұның қолынан жетелеп, ақшыл түсті ағаш жаққа қарай алып барды. Ағаш өзгере бастады, алдымен ол Анна болып кетті, сосын оның достарының бейнелері көріне бастады да, соңында өзіне айналды.


Бір кезде ақшыл түсті ағаш барынша жарқырай баста-ды, жарқырағаны соншалық күндей болып кетті. Карл бойынан шексіз махаббат сезінді. Ол мына көріністен көзін ала алар емес және мүмкіндігінше бұл көріністің аяқталмағын қалады. Ол бұл сәттің мәңгілік жалғасқанын қалап тұрды.


Карл оянып кетті. Көзін ашқанда Аннаның өзіне төніп тұрғанын көрді.


– Сен мені бақылап тұрсың ба? – деді.


– Сен керемет бақытқа бөленіп жаттың! Ішкі әлеміңнің бәрі жарқырап тұрғандай сезілді маған. Бұл керемет еді.


– Мен сені сүйемін. – Карл бақытты еді. – Ал актерлікті ше?


– Оны өзің де білесің!


– Онда бүгінгі көрсетілімің туралы уайымдамасам да болады екен. Махаббат деген кемелдіктің жоғары сатысы ғой.


– Менің кішкентай философым...


– Жоқ, шын айтып тұрмын. Сен оларға өз ісіңді қалай жақсы көретініңді көрсет. Ешкімге жағымпаздану-дың қажеті жоқ. Шынайы бол, сонда жарқ ете қаласың. Оларға да, маған да ештеме дәлелдеудің қажеті жоқ. Бүгін қандай жағдай болса да мен сені жақсы көрем. Репетиция жасап жатқандай ойна. Өзіңді барынша көрсетуге тырыс. – Мен оларға жойқын дауылды көрсетемін. – Карл-


ды бір белгісіз күш билеп тұрған еді. Ол төсегінен атып тұрды да, ваннаға қарай жүгірді. Алайда орта жолға келгенде, сілейіп қатып қалды.


– Менің тізем, тізем! – деп айқай салды.


– Не болды, ауырып кетті ме? – деп Анна абыржып қалды.


– Жоға, мүлдем ауырып тұрған жоқ. Түсінсем бұйыр-масын! Қалай жүгіріп кеткенімді сен де көрдің ғой, иә?


Ол Аннаға өзінің түсін айтып берді, түсін Марктің кеңесі бойынша өзгерткенін де жеткізді.


– Бұл жолы мен ағаштан құлаған және тіземді жара-лаған жоқпын.


– Таңғажайып екен, – деді қобалжыған Анна.


– Мен де ештеңе түсінер емеспін. Қалай болғанда да бүгін маған балдақ керек болмайтын сияқты.


 


Олар таңғы ас ішіп отырғанда Марктен хабарлама келді. Карл оны күтіп отырған еді.


 


Кейде сен жылауың, айқайлауың, өзіңе күмән келтіруің мүмкін.


Алайда, одан кейін қажет әрекетіңді ары қарай жасай бер.


 


«Дәл солай» деп басын изеді Карл. Кенет таңғы дәстүрлі жаттығуларын істемегені есіне түсіп кетті. Тез айна алдындағы жаттығуын жасады да, бірнеше жетісті-гін табыс күнделігіне жазып қойды. Ол бүгінгі күннің маңызды екенін түсінді. Анна екеуі киностудияға жол тартты.


 


 


Грим жасайтын бөлмеде оны тосынсый күтіп тұрған еді. Ол жерде Рихард отыр еді. Карл бірден өзін кінәлі сезінді.


– Мен мұнда сенің роліңді ойнамақшы болып әлек болып жүрмін, сенің қалай қарайтыныңды тіпті сұрамап-пын да ғой, – деді.


– Мен өзімді жақсы сезінемін, – деді күлімсіреген Рихард. – Мен сені қолдауға келдім. Мұндай маңызды байқаулардың қиын екенін білемін ғой.


Білесің бе, мен өзіме ұсынылған рольдердің бәрін ойнай беріппін. Енді міне жаным мен тәнім демалыс-ты қалап тұр. Сондықтан сенің мені жоқтатпағаныңа қуанып тұрмын. Енді алаңдамай демалсам болады. Мен кем дегенде бір жыл жұмыс істемеймін деп шештім. Қалауымша өмір сүрем.


Сенің мынаны білгеніңді қалаймын: мен сен үшін өте қуаныштымын. Көкке самғау үшін бәрімізге мүмкіндік керек. Мүмкіндік келгенде оған жармасу керек. Инвесторлар сен туралы менің пікірімді сұрады. Мен сенің жетістігіңе сенетінімді айттым. Мен оны анық білемін. Біз бірге репетиция жасадық емес пе, сондықтан мен мұны жақсы білемін. Сен керемет ойнайсың, мен бәрі-нен де қатты шапалақ ұратын боламын.


Карлдың иығынан ауыр жүк түскендей болды. Ол Рихардтан оны құшақтауға бола ма деп сұрады.


– Қарсы емеспін, – деді Рихард.


Олар мейіріммен құшақтасты да Рихард оны грим жасайтын бөлмеге жалғыз қалдырып, шығып кетті. Карл жан-жағына бағдарлап қарай бастады, қазір мұнда грим жасайтын адам келеді, ал сонан соң шешуші сәт те келіп жетер.


Карл дауысын байқап көрді: шамалы әлсіздеу, деген-мен ойнауға әбден болады. Сосын оң аяғына салмақ түсіріп көрді. Бұл да жаман емес сияқты. Уақыт жылжы-май қалғандай. Мәтін есінде ме екен? Ойша бірнеше диалогты ойнап шықты да, бір сөйлемді ойына түсіре алсайшы! «Сайтан алғыр!».


Жүрегі дүрсілдеп, қобалжи бастады. Еске түсіру керек. Бірақ қанша талпынғанмен есіне ештеңе түсер емес. Карл қобалжудың қорқынышқа ұласып бара жатқа-нын байқады. Оның үрейі ұшып кетті. Оның көз алдына тағы қоңырқай түсті ағаш елестей бастады.


– Жетпегені осы еді, – деп дауыстап жіберді Карл.


– О, біз кедергі болған сияқтымыз ғой, – деген таныс дауыс естілді артынан. Карл қонақтардың кіргенін байқа-мапты да. Бұл Михаэльдің даусы еді. Оның артынан дон Хосе және Марк кірді.


– Сендерді айтып тұрған жоқпын, – деп міңгірледі Карл.


Михаэль артына қарады да театрлық ишара жасады: – Достым, шынымды айтсам, мен басқа ешкімді көріп


тұрған жоқпын.


 


– Мен өз қорқынышыммен сөйлесіп тұрғанмын...


– Сен елес көре бастағансың ба? Шыныңды айтшы, енді неден қорқып отырсың?


– Бір қара бұлт аяқ-қолымды бұғаулап тастаған сияқты. Неден қорқып отырғанымды өзім де білмеймін. Мүмкін, мәтінді ұмытып қалармын деп отырған болар-мын. Бір сөйлемді есіме түсіре алар емеспін ...


– Олай болса бірнәрсе құрастыра салсаңшы, – деп кеңес берді Михаэль. – Мен сенің көрермендеріңді көріп келе жатырмын. Олардың бәрі банкир екен. Олар сенің сценарийіңді білмейді ғой. Ішінде біреуі бірнәрсе түсі-нетін сияқты. Сондықтан қобалжыма.


Михаэль Карлға сынай қарады. Ол сөздерінің далаға кетпегеніне көз жеткізгісі келген еді, алайда нәтижесі көңіл көншітердей емес еді. Михаэль:


– Достым, сен ең кереметсің! Ең жақсы әртіссің! Роліңді де жақсы білесің. Барлық сөзді жатқа білу қажет емес қой мұнда. Тек роліңе кіре біл, сол кезде кез келген адамды сендіре аласың, – деді.


– Алайда аяқ астынан не болып қалатынын ешкім білмейді ғой. Оған қоса Догги деген пәле де жүр осында, – деп қарсыласа түсті Карл.


Дон Хосе Карлға жақындап келді де:


– Не болатынын басқа ешкім емес, сен ғана анықтай аласың. Ешқандай жағдай саған кедергі бола алмайды. Не болса да оған қалай жауап қайтаруды тек сен өзің шешесің, – деді.


– Алайда мұндай жағдайды бұрын бастан кешкен емеспін, барлық жағдай осыған байланысты болғалы тұр ғой.


– Біз жағдайды бақылауда ұстай алмаймыз. Оның жаңа немесе бұрынғы екені маңызды емес. Біз өзіміздің оған көзқарасымызды ғана бақылай аламыз. Сен қай ағашқа құлақ түретініңді өзің ғана шешесің. Ақшыл түсті ағашқа құлақ түр, сонда ұлы актер боласың. Жұлдыз боласың.


– Бүгін неге қобалжып отырғанымды түсіне алар емеспін. Кеше кешке бәрі жақсы болатын. Бүгін таңертең де. Мен қорқынышымнан арылдым деп ойласам..., – деді сасқалақтаған Карл.


– Психологтар оны «жеңімпаз синдромы» деп атай-ды. Оның негізінде «мен ешқашан жеңімпаз бола алмай-мын» деген ой жатыр, – деп түсіндірді Марк.


– Бұл нағыз трумфтың алдында әлгі қошқыл түсті ағаш тағы келеді деген сөз, – деп қостады дон Хосе. – Алайда бұл қорқынышты емес, табиғи нәрсе. Бұл арам күштер атой салып жатыр деген сөз. Қоңырқай түсті ағаш сенен жеңілгенін және саған билік жүргізе алмайтынын мойындап жатыр. Ол оның соңғы әрекеті, жетегінде кетпе оның.


Десе де Карлдың түрі абыржулы еді. Осы кезде Михаэль дон Хосе мен Маркке қарап:


– Онымен басқаша сөйлесу керек. Бізді оңаша қалды-рыңыздаршы, – деді.


Данагөй мексикандық пен Марк Карлды құшақтады да, оған сәттілік тілеп шығып кетті. Михаэль олар шыққа-сын, есікті жапты да, орындыққа қинала отырды. Оның түрі көңіл көншітерлік емес еді. Ол бірден іске көшті:


– Мен жақында өлемін.


– Не болса соны айтпа, сен менен ұзақ өмір сүретін боласың, – деп баланы сенімсіздеу жұбатуға кіріскен Карлдың көзі Михаэльге түскенде шошып кетті: баланы бүгін ауру меңдеп тұрған еді.


– Дәрігерлердің жақында менің рахат күйге енетінім туралы айтып жатқанын естідім.


– Дәрігерлер де қателеседі.


– Карл, мен өлгелі жатырмын. Және мен одан қорқып отырған жоқпын. Өйткені мен жақында галактикалық құрамада ойнайтын боламын. Сен өзің де білесің, жаттықтырушы мені күтіп отыр.


Карл не деп жауап қатарын білмеді, Михаэль жалғас-тыра берді:


– Алайда мен сенің керемет қойылымыңды көргім келеді. Дәрігерлер бүгін мені жібергісі келмеді. Олар менің саған қажет екенімді түсінбейді. Сондықтан да мен келдім.


– Мен қолымнан келгенді жасап көремін ...


– Достым, сен сандырақтап тұрғаннан саусың ба? Мен сенің барыңды салып ойнағаныңды қалаймын. Қолым-нан келгенше дейді ғой... Адамның күлкісін келтірмеші, тіпті. Сен мықты актерсің ғой. Сондықтан да сен сахнаға шығасың да, осыны дәлелдейсің.


Карл баланы құшақтады да, сахнаға кете барды. Жолда ол Доггиді кезіктірді. Ол оны әдейі тосып тұрған сияқты. Қортықтың қолында бірнеше қағаз бар екен, ол оларды желбіретіп:


– Инвесторлардың қолында сценарий жоқ екен, олар сенің мәтінді жатқа білмейтініңді білмеуі мүмкін. Сондықтан мен бірнеше данасын шығарып, оларға тара-тып бердім, – деді.


Карл оның қасынан тез өтіп кетуге тырысқанмен, әлгі ысылдауын тоқтатар емес:


– Сен мәтінді ұмытып қаласың. Жаман болады... Догги Карлдың артынан түсіп алып, тоқтамай сөйлеп


келеді:


– Өтіп кетем деп ойладың ба? Ұмыт! Бітті шаруаң! Сен бейшара, түкке тұрғысыз адамсың! Қазір сенің тіпті мәтінді білмейтініңе бәрінің көзі жетеді.


«Не деген оңбаған адам едің» деп ойлады Карл. – «Мен мәтінді ұмытпаймын».


Осы кезде ол өзіне: «Мәтінді ұмытпаймын» деп айтқанын түсінді. «Ұмытпаймын» және «мәтін» деген сөздерді бірге қолдануға болмайды деп ойлады ол. Бұл ұмытуға нағыз сигнал екенін ұқты. Ол: «Мен көрермен-дерімді таңқалдыратын боламын» деп тез түзету енгізді.


Ол Доггиге бұрылды да:


– Сен маған кедергі бола алмайсың. Сен маған күш бересің қайта. Тап солай, сенің әрбір сөзің маған күш береді. Мен қазір серіктесіммен ұрсып жатқан көріністі ойнаймын, ол жерде сен туралы ойлап тұрамын. Менің ойнағаным өмірдегідей шынайы болып шығады.


Доггидің басы салбырап, түсіп кетті. Карл қарсыла-сының жеңілгенін, енді бұған кедергі болуға тырыспай-тынын ұқты. Ол сенімді түрде залға кірді.


Ол жерде бірінші бұны инвесторлармен таныстыр-ды. Олар бір-біріне мүлде ұқсамайтын сегіз адам еді. Олардың бірі Карлға бірден ұнады. Пошымы ақсүйектік-ке бейім келбетті егде кісі өзін таныстырды:


– Гольдштейн. Сіздің ойыныңызды асыға күтемін, – деді.


«Аса бай және өміріне риза жан сияқты» деп ойла-ды Карл және оның жанынан он екі жас шамасындағы қызды байқап таңырқады.


Карлдың көзқарасын байқаған ол бірден түсіндіре жөнелді:


– Бұл – Кира. Менің жақсы құрбым. Ол менің итіме қарайды.* Кираның түйсігі керемет. Сені балалардың қалай қабылдайтынын айтатын болады. – Қыз жымиып, басын изеді. Карлдың басына бір ой келді де:


– Осында менің досым Михаэль келген еді. Оның жасы он екіде. Ол айықпас ісік ауыруымен ауырады. Оған ауруханадан кетуге рұхсат етпепті. Бірақ ол менің қойылымымды тамашалуға келді. Сен оған көз қырыңды салып отыра аласың ба?


– Жақсы, мен оның қасына отырамын, уайымдама, – деп келісті Кира.


 


Шешуші сәт те таяп қалды. Карл сахнада тұр. Бірінші эпизодта өзін сенімсіз ұстаған ол, барлық ойынын Анна мен Михаэль үшін ойнаймын деп шешті. Қараңғы залдан олардың ым-ишарасын толық байқамаса да, бастарын изеп отырғанын анық көрді.


Бірінші көріністі аяқтаған Карл көрермендердің әсерін байқау үшін біршама уақыт үнсіз қалды. Осы кезде Гольштейн:


– Маған қатты ұнады. Жалғастыра беріңіз, – деді. Қалғандары да риза кейіпте сыбырласа бастады.


Карл енді өз болмысына ене бастады. Көріністерді бірінен соң бірін, біресе жалғыз, біресе серіктестерімен бірге орындай берді. Ол өзін өте сенімді ұстады.


 


 


Кенет көрермендер арасынан қобалжыған дауыстар естіле бастады. Карл не болып жатқанын түсіне алмады.


– Баланың жағдайы нашарлап кетті, – деген дауыс естілді залдан.


Карл репликаның ортасында тоқтап қалды. Оның қандай жағдай болмасын көріністі жалғастыра беру керек екені есінде, әрине. Алайда, оның кішкентай досының жағдайы нашарлағанда да емес қой!


Әлдекім залға толық жарық берді. Енді Карл не болып жатқанын анық көрді: Михаэль орындықта дірмәнсыз отыр еді. Бірақ ол есін жоғалтпаған екен. Кира оның бетінен сипап, ақырын бірдеңелер айтып жатты.


Марк, дәрігер және екі санитар Михаэльдің қасы-на жетіп барды. Кейінірек Карл Марктің Михаэльдің жайына алаңдағаннан жедел жәрдем мен медперсоналды


 


Гольдштейн және Кира – Бодо Шефердің «Мани атты ит», «Кира және дөңгелек тоқаш құпиясы» кітаптарындағы кейіпкерлер. – аудар-машы ескерпелері. 


Дәрігер баланы мұқият тексеріп шықты. Қалғандары дәрігердің әрекетін бақылап тұрған еді. Бірнеше уақыттан кейін дәрігер жөткірініп:


–     Науқастың       ұстамасы    шамалы    ұстап     тұр. Михаэль бүгін қобалжып, ештеме жемеді. Оның қанты түсіп кетіпті, мен оған глюкоза ектім. Бұл оған көмек-тесуі керек, – деді. – Қазір жағдайы жақсарады. Бірақ Михаэльге ауруханаға оралу керек. Оған тыныштық қажет. Жақын арада келмей-ақ қойсаңыздар болады. Михаэльге бірер сағат оңаша қалу керек.


Бала әлсіз қарсыласып көргенімен, санитарлар оны земгілге салып, шығар есікке қарай алып жүрді.


Осы кезде Михаэль әлсіз дауыспен айқайлады: – Карл, саған маңызды бір нәрсе айтуым керек.


Карл науқас досының қасына жетіп барды. Ол Михаэльдің қолын ұстап, зембілмен қатарласа жүріп келе жатты. Ол өзін шарасыз сезінді. Ол балаға:


– Тамақ ішуің керек еді, – деді.


– Өзің ғана қобалжимын деп ойлайсың ба? – деді әлсіз жымиған Михаэль. Ол дәрігерге қарап:


– Бұлармен дауласа алмайсың. Бірақ мен сенің көрініс-теріңді аяғына дейін көргім келеді. Сен оны камераға түсіріп, сосын маған көрсете аласың ба? – деді.


– Менің басқа идеям бар, – деген Кираның дауысы естілді. – Мен стриминг жасап бере аламын, сен Карлдың ойынын бірден өз смартфоныңнан көре аласың.


– Тамаша идея! – деп қуанып кетті Михаэль. – Сен керемет жансың, рақмет!


Бала қалтасынан телефонын алды да:


– Мен дайынмын. Бұған дейін бәрі керемет болды, ары қарай да солай болады. Мен білемін, – деді.


Карл Михаэль үшін қорқып тұрған еді. Оны сезіп қойған бала:


 


– Магистр Йоданың айтқаны есіңде ме? «Қорқы-ныш – қараңғылыққа тікелей жол» деген. Сен қойылым-ды аяқтауың қажет. Мен сенің триумфыңды көруім керек. Мен үшін қазір бұдан маңызды нәрсе жоқ. Менің көңілімді қалдырма, - деді телефонына үңіліп, сосын:


– Енді бар да ойыныңды жалғастыр, – деді.


Карл мына он екі жасар баланың ерік-жігерін жан-тәнімен сезінді. Ол оған тамсанып тұр еді: мынадай жағдайда да өзгенің қамын жеп жатқанына таңданбасқа шара жоқ еді.


Баланың сөздері оған күш берді. Бұрын да оның әрбір сөзінен жаңа мән табатын еді, оның мағынасын түсіне салысымен санасының бір саты жоғары көтерілетінін жақсы білетін.


Осы кезде санитарлар Михаэльді жедел жәрдем машинасына алып келді. Ол Карлға әлсіз қол бұлғады да:


– Карл, саған ерік-жігер тілеймін, – деді. – Саған да, дана Йода, – деді Карл.


 


 


Жедел жәрдем кетіп қалды. Кира стриминг жасау үшін залға оралды. Карл автотұрақта жалғыз тұрып қалды. Бір кезде ол өзін жайсыз сезінді де, жүрегі айнып кетті.


Енді ол бәрін тастап, тұра қашқысы келді. Бір жерге барып жасырынып қалса ғой! Мүмкін Михаэльге бару керек пе?


Бала үшін қорыққаны сонша, оның қасында болғы-сы келді. Әрине ол өзінің ештемеге қауқарсыз екенін мойындады. Дәрігер Михаэльге тыныштық керек деді емес пе? Оның үстіне оның ондағы күтімі де жаман емес.


Алайда ойынды жалғастыруға да Карл қауқарсыз еді. Мұның бәрінің енді маңызы болмай қалғандай көрінді. Оның досы нашарлап жатқанда қайдағы роль туралы айтуға болады?


Қашу туралы ойы күшейе түсті. Киностудиядан алыстап кетіп бара жатқанын өзі де байқамады. Кенет арт жағынан қатты шыққан дауысты естіді:


– Сенің қашуға құқың жоқ!


Ол бұған дейін бұл дауысты естімесе де кімнің дауы-сы екенін бірден білді. Бұны қайдан біліп тұрғанын түсіндіру де Карлға қиынға соғар еді. Сонда да артына бұрылғанда, қорқып кетті. Ол түсіндегі ақ шашты әйел еді. Оның үстінде сол баяғы ашық қызыл свитер болатын. Ол қайталады:


– Сенің қашуға құқың жоқ.


– Оның қатысы қанша? Мұның бәрі дұрыс емес. Осындай жағдайда қалай ойнауға болады? Михаэльдің халі нашар, мен болсам қайдағы бір қойылымдарда ойнап тұрмақпын.


– Сен актерсің. Сен эмоцияларыңды өзгерте білуің керек. Ол сенің қолыңнан жақсы келеді.


– Алайда мен қазір ештемені өзгерткім келмейді. Менің ойымда тек Михаэль.


Кемпір жақын келді де, оған:


– Михаэльге қазір еш көмек бере алмайсың. Бірақ сахнаға шықсаң үлкен қуаныш сыйлар едің. Ал қашып кетсең, оның көңілін қалдырасың. Сен қазір қашып кетер болсаң, әлемге ештеңе дәлелдей алмайсың.


– Мен қашып бара жатқан жоқпын.


– Қашып барасың. Мен сенен тағы сұраймын: оған қандай қақың бар? сенің түрің, дарының, денсау-лығың және мүмкіндіктерің талай адамның арманы. Сен өз-өзіңді аяғаннан соқыр болғансың, көзің ештемені көрер емес.


– Михаэльге бірдеңе болып қалса ше?


– Сөзімнің бәрінің далаға кетіп жатқанын қарашы! Қорқынышыңның артына тығылма! Болар іс болады.


 


Оған сен ештеме істей алмайсың. Бірақ сен саған сенетін Михаэль мен достарыңа қуаныш сыйлай аласың. Және маған да, соңғы айларда сен мені тіпті шаршаттың.


– Не істеп қойдым мен?


– Мен саған көмектестім. Сен зор дарынға иесің. Сен актерлік өнерді жақсы көресің, бірақ арманыңа құлақ аспайсың, өйткені қорқасың қатты. Махаббат қорқы-ныштан да күшті екенін біл. Шыңға шығаратын жалғыз құпия осы.


Карл үнсіз қалды да, біраздан соң: – Сен кімсің? – деді.


– Оны өзің де білесің. Мен сені ақшыл түсті ағашқа алып баратын жол сілтеушіңмін. Оған қоса мен сендегі ақшыл түсті ағаштың өзімін. Мен сенің бөлшегіңмін. Сен бір істі бастап, бірақ қолымнан келмейді деп бас тартқанда шыға келетін бөлшегіңмін сенің.


Мен – «менің қолымнан келеді» дейтін бөлшегіңмін. Сен неге осыншама сенімдісің деп сұрауың мүмкін. Сенің бар өмірің мені осыған алып келген. Соңғы айлар-да сен барыңды салып репетиция жасадың. Мұның бәрі бір мақсатты орындау үшін – өзіңді жақсы жағынан таны-


ту және қолыңнан келетінін дәлелдеу.


Карл оған мұқият қарады, мына әйел жынды ма, әлде өзі жындана бастады ма екен? Иә, ол елес сияқты еді, өйткені көлеңкесін түсірмеді. Бірақ өзін мұның бөлше-гімін дегені миына қонар емес.


Дегенмен кемпірдің өзіне жақсылық ойлап тұрға-ны аян еді, оның сөздеріне құлақ салу керек деп ойлады. Сондықтан да:


– Енді не істеуім керек? – деп сұрады.


– Сен әртіссің. Сондықтан қажеттінің бәрін жаса. Сахна мен камераның алдында ғана ойнама, өз өміріңнің режиссері мен актері бол. Әлем саған мүмкіндік беріп тұр. Залға қайта орал да, достарыңа, бүкіл әлемге және өзіңе көрсет өнеріңді.


Шын ұлы актер көңіл-күйі болмай тұрғанда да кере-мет ойнап береді. Сен шынымен ұлы актерсің. Сондықтан бар да ойна.


– Маған тағы шамалы уақыт керек, – деп ұяла тіл қатты Карл.


– Біз ұзақ әңгімелестік, уақытымыз тығыз. Оның үстіне біз тілдесетін түстерің мен күлгін күнделікке тіпті уақыт жоқ. Әзірше жетеді. Бар да өзіңнің керемет актер екеніңді көрсет бәріне, – деді де, кемпір машиналардың арасына барып, жоқ болды.


 


 


Карл залға қайтып келді. Ол көрермендерге дайындық үшін бес минут керек екенін, сонан соң келіп қойылы-мын жалғастыратынын айтты. Ол көрермендерден бес минуттық үзіліс сұрау қалыпты нәрседей сезінді өзін.


Бұл тап солай әсер қалдырды, көрермендер де бұны осылай қабылдады.


Ол грим жасайтын бөлмеге келді де, айна алдында жаттығу жасады, өзіндік санасы мен батылдығы күшее түскендей сезінді.


Жаттығу соңында ол:


– Карл, сен шын мәнінде кереметсің! Мен сені жақсы көремін. Енді бар да, даңқыңды сезін, – деді.


Сахнаға келгенде ол барын салып ойнады. Роліне еніп кетті. Залдан алғашында бірен-саран, сонан соң қатты шапалақ дауысы естіле бастады.


Карл одан ары барын сала ойнады. Ол уақытты жоғалтып алғандай еді. Ол осы сәтте ролімен, көрермен-дерімен, серіктестерімен біртұтас дүниеге айналған еді. Ол баршаны өзіне тарта білді.


Оның әсерлі ойыны сахнадағы әріптестерінің де керемет ойнауына ықпал етті. Сахнада шынайы драма ойналып жатты және бәрі оны сезінді.


Соңғы эпизодтың да кезегі келіп жетті. Ол ұзақ та қиын монолог еді. Карл бұл көріністі әдейі таңдап алған еді, себебі бұл сценарийдегі ең қиын эпизод болатын.


Монолог оқиғаның кейіпкерге айналуын трансфор-малайтын еді. Карл бұл жерде іштей де өзгеріске түсуі тиіс еді. Тыңдаушылардың алдында дауыс пен ым-ишара-ның көмегімен өзгеріске ене бастаған жаңа бейне тұр еді. Бұл трансформация баяу болып жатқанымен, көрермен-дердің барлығы оны сезінді. Ол бұның әрбір қимылын қалт жібермей бақылап отырған көрермендерді өзіне тартып алған еді. Бұл тамаша ойын болды.


Монолог бітті. Залда өлі тыныштық орнады.


Кенет көрермендер біреу бұйырғандай орындарынан атып тұрып, құлақ жаңғырта қол шапалақтай баста-ды. Анна, Марк, дон Хосе, инвесторлар, Кира, Антон, Густаво – барша түсірілім командасы сүйсіне қол соқты.


Карл жүрек тұсына қолын қойды да, басын иді. Ол шексіз бақытқа бөленіп тұрған еді. Әрине ол бұрын да, әсіресе Аннамен, достарымен танысқалы бері ондай сезімді бастан кешкені рас, бірақ бүгінгі сезімі ерекше еді. Тап қазір оның дарыны ашылды. Ол оны өзі ашты. Бұрындары жүрегінің түкпірінде тығылып жатқан дарыны бүгін жарыққа шықты, оған бүкіл әлем қуанып жатқандай еді.


Ол ұзақ та күнделікті репетиция жасады және оның жемісін жеп отыр, міне.


Бүгінгі күн көп күнгі еңбектің нәтижесі еді, бұл жеңісті ол барлық командамен бөлісті. Аннасыз, Марк, Михаэльсіз, дон Хосесіз, Антон мен Густавосыз ол мұндай нәтижеге жетпес еді.


Ол көрермендердің әр қайсысына алғыспен, сонымен қатар мақтанышпен бас иді. Шапалақ толассыз соғылып жатты, Карл да ешқайда асықпады.


 


 Карлдың езуіне күлкі үйіріліп: «Негізі кемпірге алғыс айту керек» деп ойлады.


Осы кезде сахнаға Кира жүгіріп шығып, өзінің смарт-фонын Карлға беріп жатты. Экраннан Карл Михаэльден келген хабарламаны көрді:


 


Мен бәрін көрдім.


Достым, бұл керемет болды!


Мен тек МЕГАДЕҢГЕЙ деп айтар едім!!! Мен сені шексіз мақтан тұтамын.


 


– Рақмет, достым, – тез жауап жазды Карл. Анна жүгіріп келіп, Карлдың құшағына құлады.


– Мен сені сүйемін және сен үшін қуаныштымын, – деп сыбырлады ол.


Қуанышты Марк те Карлды құшақтай алды.


– Бұл тамаша сәт! Өмірде мұндай сәттер жиі бола бермейді. Мен мұны ұмытпаймын. Рақмет! – деді Марк.


– Барлығы үшін саған рақмет. – Карл бақыттан жары-лардай болып тұр еді.


Режиссер Антон мен түсірілім тобының басқа мүше-лері Карлдың арқасынан, иығынан қаға бастады. «Браво» деген дауыстар біразға дейін жалғасты.


Осы кезде Карлдың қасына Гольштейн келіп:


– Негізі біз көрсетілімнен кейін бәрін жақсылап талқылаймыз деп ойлағанбыз. Алайда әріптестеріме қарап, оның қажеті болмай қалғанын түсініп тұрмын. Жігітім, мен үшін бұл көрсетілімге қатысу зор қуаныш болып тұр. Сіз дарынды адамсыз.


– Біз студияда әдетте бір бірімізге «сен» деп сөйлей-міз, – деп оның сөзін бөлді Карл, – менің атым Карл.


Бай инвестор жымиып қойды:


– Менің атым Вальтер. Мен қуаныштымын және сүйсініп тұрмын өнеріңізге.


Бірнеше минуттан кейін Вальтер Гольштейн:


– Мен тағы бірнәрсе айтқым келіп тұр. Біз сенің кішкентай досыңның жағдайы нашарлағанын және ол үшін қатты алаңдағаныңды білеміз. Осындай жағдай-да көрсетілімді жалғастыру және оны тамаша аяқтау тек кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді, бұдан сенің ерекше қабілетке ие екеніңді көріп тұрмыз.


Бизнесмен ретінде біздің салымшылардың ақшасы пайдалы жерге жұмсалғанын қалаймыз. Қазір оған толық көзіміз жетіп тұр. Ал адам ретінде сен кішкентай досыңа бұдан артық қуаныш сыйлай алмас едің деп айтар едім. Мен оған сенімдімін. Сен керемет ойнадың. Құттық-тауымды қабыл ал!


Мынау келісімшарт, біз оны алдын-ала дайындап қойғанбыз. Бос уақытың болғанда асықпай қарап шығар-сың.


 


 


Карл осы сәтті ұзаққа созғысы келіп, рақатқа бөленіп тұра бергісі келгенімен, уақыттың тығыз екенін түсінді. Ол Михаэльге ауруханаға барғысы келді. Анна мен Марк те онымен бірге барғанды жөн санады.


Марк машина роліне отырды. Анна мен Карл артқы орындықта құшақтасып отырды. Олар үнсіз келе жатты. Бір жағынан жаңа ғана бастан кешкен табыстың әсері-нен айыға алмай отырса, екінші жағынан Михаэль үшін алаңдаулы еді. Осы кезде Карлдың есіне келісімшарт түсіп кетті. Ол өзін басты рольге бекіткен құжатты өмірінде бірінші рет ұстап отыр еді.


Келісімшарт жан-жақты жазылған екен, ол назарын шоғырландыра алмай келе жатты. Алайда оның көзі сандарға түсіп кетті... Оның гонорары...


– Мынау мүмкін емес! – деп айқайлап жіберді Карл.


 


– Ақылға сыйымсыз. Бірнеше жыл жұмыс істесем де мынадай ақша таппас едім мен.


– Біз қанша ақша қабылдауға дайынбыз, сонша ақша келеді өмірімізге. Өзіңе керемет актер болуға рұқсат берген сияқты бай болуға рұқсат бер, – деді Марк.


– Онда өзіндік санам ақталды деген сөз ғой, – деп жымиып қойды Карл.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу