08.04.2023
  418


Автор: Бодо Шефер

ДАҒДАРЫС

Карл               Маркке                 берген              уәдесін орындады: соңғы айларда Жетістік-тер күнделігіне жазған жазбаларын мұқият оқып шықты, олардың ішінен маңызды деген он жетістігін іріктеп алды. Шынында да оның көңіл-күйі


көтеріліп, өзіне сенімі арта түсті.


Әйтсе де, оны әлі қорқыныш сезімі билеп тұр еді. Ол тұйыққа тірелді: оған не керемет актер болу, не көптің бірі болып қалу деген екі шешімнің бірін таңдау керек болатын.


Қобалжулы күйде Карл ұйықыға жатты. Егде әйел оқта-текте оның түсіне енетін еді. Ол түс үнемі қайтала-на беретін. Түсінде қошқыл түсті және ақшыл түсті – екі ағашты көретін. Өкінішке орай, ақшыл түсті ағашқа ол жете алмайтын, ал қошқыл түсті ағаштан үнемі жойқын қауіп төніп тұратын.


Осындай түстерден кейін өзінің күлгін күнделігінен өзіне көмектесетін жазбалар табатын. Әсіресе, қорқыныш туралы ойлар оған ерекше әсер еткен еді. Ол жазбаға Карл қайта-қайта орала беретін.


 


Егер сен қорқатын болсаң, онда сенің өміріңді басқа адамдар бақылайды деген сөз. Қорқыныштан қашатын болсаң, ол ұлғая береді, ал сен кішірейе бересің. Қорқыныш ақталу жолы емес, жол көрсетуші қызметін атқаруы керек.


 


 


Карлдың ойына Марктің қорқынышты өз пайдаңа жаратуға болады деген сөздері түсті. Алайда ол қолынан келетініне сенімді емес еді. Ол қандай да бір маңызды жауаптың, оның ішінде түсімен байланысты жауаптың жетпей тұрғанын сезді. Осыны ойлап жатып, ұйықтап кетті.


Сол түні ол барынша анық түс көрді. Ата-анасы оны қошқыл түсті ағашқа қарай жұмсап жатыр екен. Бұл жолы ағаш қап-қара болып көрінді. Карл оған шыққысы келме-се де, тырбаңдап шығуға тырысып жатты. Ақыры құлап түсті.


Карл ағашқа алғаш рет мұқият зер салып қарады. Оның діңгегінен әкесінің бейнесін көргендей болды. Басында бейне солғын болғанымен, кейінірек қошқыл ағаштың өз әкесі екені анық көрінді. Карл қашып кеткісі келді. Алайда тізесі ауырғандықтан, ол орнынан тұра алмады. Сонымен қатар ол қорқыныштан қозғала алмай қалғандай еді. Карл әкесінің бейнесіндегі қошқыл түсті ағаштан көзін ала алмай қарап тұрды. Сәл жоғарырақ Доггидің бейнесін көрді. Бір кезде әкесінің бейнесі өзгере бастады да, басқа адамға айналып бара жатты. Ол анығырақ бола бастағанда, бұл бейнеден Карл өзін таны-ды. Шындығына келгенде қошқыл түсті ағаш Карлдың өзі екен. Сұмдық қорқыныштан жүрегі айнып кетті.


Осы кезде ол ақшыл түсті ағаштың түбінде өзін күтіп тұрған Аннаны көрді. Оған барғысы келгенімен, бір нәрсе жібермей тұр. Оны шақырайын десе дауысы жоқ.


Осы кезде ашық қызыл свитер киген ақ шашты әйел қасына келіп, оның қолынан ұстады. Тізесі ауырып тұрға-нымен әрең жүріп келеді. Ақырын болса да сөйлеуге шамасы келетін сияқты. Кемпір оны жетектеп, Аннаға қарай әкелді. Аннаның қасына келгенде, ол ақшыл түсті ағашты нұсқады. Карл ағашқа таңқала қарап тұрды. Ақшыл ағаш та өзгере бакстады да, оның діңгегінен әлсіз бейнелер көріне бастады. Бір ғана емес, бірнеше адам-ның бейнесі. Бірінші ол Аннаны көрді, сосын дон Хосені, Маркті, Михаэльді көрді, соңында Антон мен Густавоны да байқады. Барлығы бұған күліп қарап тұр екен.


Дегенмен ағаш өзгеруін тоқтатпады. Бейнелер жоға-лып, артынша жаңа бейне пайда болып жатты. Бұл өзінің бейнесі еді. Сөйтсе, ақшыл түсті ағаш та бұның өзі екен.


Карл оянса, қара терге түсіп жатыр екен. Түсі анық есінде қалыпты. Ол мұның қорқынышты түс емес, өзіне жолданған жолдау екенін түсінді. «Маған бір маңызды нәрсе айтқысы келіп тұр. Бірақ ол не болғаны?» деп ойла-ды. Ол телефонына қарады. Бұл жолы Марк Стив Джобс-тың сөздерін жіберіпті:


 


Бір ұлы іс істеу керек болса – жұмысыңды жақсы көр.


 


«Мен актерлік жұмысты жақсы көремін. Алай-да, қазіргі жағдайда ол менің қолымнан келер ме екен, білмеймін» деп ойлады Карл. Ол бәрі бұдан оңайлау болады деп ойлаған.


Бұл күні ол өзінің әдетке айналған дәстүрлі жаттығу-ларын өзін күштеп отырып жасады. Айнамен жасаған жаттығуы сенімсіздеу шықты, ал бес жетістігін әрең іздеп тапты.


Ең болмағанда денесін ширақ ұстау үшін, ол жүгіру-ге шықты. Алайда, саябақтағы тас баспалдақтан жүгіріп өтем дегенде, су жапырақты басқан аяғы тайып кетіп, бір-екі баспалдақ төмен сырғанай, құлап түсті. Тұруға әрекет жасағанда, оң жақ аяғының тізесі солқылдап, қатты ауырып кетті де, ол аяғын әзер басты. Оның инвестор-лардың алдында ойнайтын бір эпизодта жүгіретіні есіне түсіп кетті. Ал көрсетілім он күннен кейін.


Жетпегені осы еді! Батылдықтың соңғы қалдығы оның бойынан ұшып бара жатқанын сезді. Құдайға шүкір, әйтеуір телефонын алуды ұмытпапты! Карл такси шақырды да, дәрігерге барды. Қабылдау бөлмесінде адам көп екен. Оның кезегі келгенде тізесі ісіп, қатты ауырып тұрған еді. Бақытына орай, сынбаған екен, дегенмен сіңірлері қатты созылса керек. Дәрігер кем дегенде бір апта жүре алмайтынын айтты. Медбике оған тізесіне салмақ түсірмес үшін балдақ берді.


«Балдақпен жүгіру – бұдан кереметті ойлап таба алмассың. Инвесторлар алдындағы көрсетілімді естен шығарса да болады енді» деп ойлады Карл.


Ол Маркке телефон соқты да жайсыз жаңалықты жеткізді. Ол бірден:


– Таксиге мін де, бірден менің жұмысыма кел, сөйле-су керек. Бұл өте шұғыл. Мен кездесулерімді кейінге қалдырамын, – деді.


 


 


Карл Маркке көңіл-күйсіз келді. Не айтуға болады? Бар мүмкіндіктен айырылғалы тұр.


Марк бірден іске көшті.


– Сен жаттығудың табыс кепілі екеніне сенесің бе? – Әрине.


– Сен әдетте жай бүлкілдеп қана жүгіресің ғой. Осы жылдамдықпен қанша жүгіресің?


– Бір қалыпты қарқынмен қырық минут.


– Бұл саған өте жайлы, әрине, сен мүмкіндігіңді барынша пайдаланбайсың. Мен бұны дұрыс емес дегім келіп тұрған жоқ: сен денсаулығыңды нығайту үшін жасап жүрсің, іштей ширыққаныңды басады және денеңді де ширақ ұстауға көмектеседі. Алайда осылай жүгіру арқылы рекорд жасай аласың ба, әлемдік санаттағы спорт-шы бола аласың ба?


– Бола алмайтын шығармын. – Карл Марктің не айтқысы келіп отырғанын түсініп келе жатқан сияқты.


– Енді өзіңе ұнамайтын бір іспен айналысып жатыр-мын деп ойла. Сен шаршағаныңа, қызықпайтыныңа, қолыңды бір сілтегің келгеніне қарамастан, өзіңді барын-ша күштеп, соны жасауға тырысасың. Осындай жағдайда сен ары қарай әрекет етсең, онда бұл іс саған қызықты деген сөз. Сен оны ұнағаннан емес, оны жақсы көрген-нен жалғастырасың, «Бұл менің өмірім. Бұл менің қызығушылығым. Мүмкін қазір бұны түсініп тұрған жоқ шығармын, бірақ мен бұл істі жақсы көрем және кедер-гіден шығар жолды табамын. Менің қолымнан келеді» дегенді түсінесің.


– Алайда, тізем расында жараланған ғой. Мен оны ойдан шығарған жоқпын. Және ол қатты ауырып тұр. Мен қолайлы жағдайда келісуге қорқып отыр едім, енді тіпті не боларын білмеймін. Мен бәрі оңай болар деп ойлағанмын, - деп қарсыласты Карл.


– Ұлы істер оңай жасалмайды. Қиындықты жеңу үшін өз ісіңді жақсы көруің керек, – деді Марк сабырлы қалпында.


– Мен сенің не айтқың келіп отырғанын түсініп отырмын, алайда бұл өте қиын. Мен қай жағынан шыға-рымды да білмей отырмын.


– Ол солай болуы керек! – Марктің жүзінен батыл-дықты байқауға болар еді. – Егер бұл жеңіл болса, оны кез келген істей алар еді. Шыңға шығу үшін қиындықтардан өтуге тура келеді. Махатма Ганди: «Бейнет көрген адам ғана бақытты шын сезіне алады» деген екен.


Карл біраз ойланып қалды. Ол жетістікке осылай жету керек екеніне сенімді емес еді. Ол:


– Әрбір адам жоғары жетістіктер туралы ойлауы керек пе сонда? Мен Ганди емеспін ғой. Сен сонда дүкен-дегі кассир де өз мамандығында ең жақсы болуды ойлай-ды деп ойлайсың ба? – деп сұрады.


 


– Әрине, тап солай. Жақсы кассирдің қалай жұмыс істейтінін бақылап көрші. Тағы бір маңызды нәрсе бар: біреудің, әсіресе танымайтын адамдның арты-на тығылғанды қою керек. Дұрыс, сен – Ганди емессің. Сен – Карлсың. Актерсің. Олай болса, сәйкесінше әрекеттен. Тек күн шығып тұрғанда ғана емес, қолайсыз ауа райында да.


Марк нақты түсіндіретін еді, ол кейде қаталдау естілетін:


– Өзіңе сұрақ қой: саған бұл маңызды ма және оны басқа тағы кім істей алады?


– Жоқ, бұл маған маңызды. Бұл қолымнан келе ме?


– Дәл солай, – деді Марк, – қолыңнан келе ме? Мен қазір барша адаммен емес, сенімен ғана сөйлесіп отыр-мын. Егер мен бір іске кіріссем, басқа адамның оны жасай алатындығы маған қызықты емес, бастысы ол менің қолымнан келе ме және оны жүзеге асыра аламын ба, сол маңызды. Қазір әңгіме сен туралы және сенің қолыңнан келетіндігі туралы болып отыр. Менің қазіргі айтқанда-рым баршаға емес, тек өзгергісі келгендерге арналады. Талап етіліп отырған бағаны төлей алатындарға арнала-ды. Бұл кез келгеннің қолынан келе бермейді.


Марктің Карлға батылдық ұялатам деп айтқан сөздері өтпеген сияқты. Карл одан сайын тұнжырап кетті.


– Мен жоғары жетістіктерге арналмаған адаммын. Менің мінезім тым жұмсақ. Менің үнемі жолым болмай-ды. Үмітіңді ақтамағаным өкінішті, – деді ол.


– Жетер! – деп айқайлап жіберді Марк. - Өзіңді жерге тыға берме. Өзіңе осылай деу арқылы өзіңді өзің төмен түсіресің. Сенің әлемің бір уыс болып қалады. Өз өміріңнің билігін біреудің қолына бере саласың.


– Есімде, сен «Мен қарапайым адаммын» деген ең үлкен өтірік дегенсің. Алайда мен осыдан арыла алмай келемін. Әкем мені үнемі былжырақсың дейтін. Бірнеше күн бұрын ол осы ойын қайталады, – деп міңгірледі Карл. – Сен неге біреудің сөздерін қайталайсың? Ол адамдар саған жақсылық ойлайтын адамдар емес. Оның немен аяқталатынын білемісің? Сен туралы жаман пікір-лер шындыққа айналады, ал адамдар саған аянышпен


қарайтын болады.


– Алайда мен шын мәнінде қолымнан келетініне сенімді емеспін.


– Не істеп, не қоятының туралы үкім шығарма. Бұл бағаның бәрі – сенің өткенің. Ол кезде сенің өзіндік санаң мүлде басқа болатын. Мүмкін, бүгінге дейін сенің қолыңнан келмеген шығар, алайда тап қазіргі сәттен бастап өзің шешім қабылдасаң, ол қолыңнан келеді. Сенің өзіндік санаң өзгерді.


– Алайда тізем әлі ауырып тұр ғой.


– Оған күмәным жоқ. Бұның эмоцоионалдық тұрғы-да нені білдіретінін, сенің өзіндік санаңа қалай әсер ететінін және одан қандай қорытынды шығаруға бола-тынын тек өзің ғана шеше аласың. Сен өміріңнің мәні болып саналатын үлкен мүмкіндіктен тек тізең ауырып тұрғандықтан ғана бас тарта алмайсың ғой.


Бұл сөздер Карлға әсер етті де, ол: «Мен беріспей-мін» деп шешті.


Бұдан жаман нәрсе болуы мүмкін емес деген Карл-дың ойы ақталмады, үйде оны одан да сорақысы күтіп тұр еді: әкесі онымен барлық байланысты үзетінін, енді оның ұлы жоқ екенін, оны барлық мұрадан алып тастай-тынын айтып хат жіберіпті.


Кешке ол хатты Аннаға көрсетті. Ол:


– Ең болмағанда енді ол саған кедергі болмайды. Бұл тіпті жақсы. Ол сенің энергияңды ұрлап жатқан еді.


– Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Дегенмен мен біртүрлі сезімде тұрмын. Неге ол сондай адам? – деді Карл.


– Бұл маған тотықұс оқиғасын есіме түсіріп тұр, – деді Анна.


«Тотықұс жалғыздан жалғыз торда отырғанда, көзі айнаға түсіп кетіпті. Айнадағы бейнеден қауіптенген ол оны қуып жіберу үшін оған тарпа бас салады. Айнаның ар жағындағы бейне де ызалы болса керек. Тотықұс айна-дағы бейнеге шабуылдаған сайын ар жағындағы бейне де агрессивті болып көрінеді оған. Осылайша ол өзімен-өзі күресіп жатқанын білмей, шайқаса береді».


Сонан кейін Анна:


– Менің ойымша, бұл сен үшін жақсы мысал. Ол саған жақсылық ойлап тұрған жоқ. Оны босат, – деп қайталады. Оның дұрыс айтып тұрғанын сезінгенімен, Карл


одан жеңілдеген жоқ.


 


Келесі күндері Карл басқа актерлердің қолдауына сүйенді. Ол тізесінің ауырғанына қарамастан, репети-ция жасады. Ал жүгіретін эпизодқа келгенде, ол бірдеме ойлап табармын деп үміттенді.


Догги бар мүмкіндігін пайдаланып, мұның артынан өсек таратуды тоқтатқан жоқ. Бұл кішкентай сақалды пәленің ойлау қабілетіне таңқалмау мүмкін емес еді.


Жататығулардың бірінде ол сүрініп қалғандай болып Карлдан ұстай алды да, бетіне түшкіріп жіберді және менмендікпен:


– Ой, кешір. Маған қатты суық тиіп қалды. Саған жұқпайтын шығар, қазір грипптің зиянды түрі жүрсе керек, – деді. Және кетіп бара жатып, ызалы дауыспен:


– Тап солай болғалы тұр. Сенде де бар бұл вирус. Мен ол вирустың сенің барлық денеңді жайлап бара жатқанын көріп тұрмын. Бр-р-р, – деді.


Үш күннен кейін Карл өзін жайсыз сезініп, денесін әлсіздік басып тұрғанын сезінді. Догги шынымен де оған жұқтырған сияқты. Масқарасы да сол, оның даусы шықпай, қырылдап қалды. Карл қолдан келгеннің бәрін жасады, тұмау мен буындағы ауырулары кеткенмен, тамағы ашылар емес.


Іштей Карл жеңіліске дайын болды. Дауыссыз көрсетілім болмайтын еді. Ол не істерін білмей дал болды, достарының көмегімен енді аяғына тұрғанда, тағы бір пәлеге ұрынды.


Марк өзінің фониатр дәрігері Свеяға баруға кеңес берді. Онымен кездесуді келісіп қоятынын айтты, өйткені Свеяға бір апта бұрын жазылу керек екен.


Свея Карлға бірден ұнады. Ол оған сыбырлап отырып, өзінің басты роль ойнағысы келетіні тура-лы, оны мұрагерліктен айырған әкесі туралы, оған ауру жіберген Догги туралы айтып берді.


– Сөздің құдіреті шексіз, – деп жымиды Свея. – Сенің жауың Догги немесе әкең емес, сен – өзің. Саған біреудің айтқан сөзінің маңызы жоқ. Одан кейін өзіңе не айтасың, осы маңызды.


– Ойпырмай-ә, мен сонда вирусты өзіме өзім жұқтыр-дым ба – деп қарсыласты Карл.


– Біз өзімізге ауыруды сөзбен жұқтырамыз. Менталь-дық вирустармен. – Свеяны шатастыру мүмкін емес еді.


– Сен Марктің егізі болар едің, – деп сыбырлады Карл. – Енді не істеймін? Мұндай дауыспен мен ойнай алмаймын. Небары екі күн ғана уақыт қалды.


– Мұндай жағдайды мен жиі ұшырастырамын. Маңызды жағдайдың алдында дауыс жоғалтатын адамдар бар, сен жалғыз емессің. Сен мұндай жағдайға тап болған көптеген атақты адамдардың барын білсең ғой. Мен олар-дың бәріне көмектестім. Қарсыласпайтын болсаң, саған да көмектесемін.


– Менің даусым мүлде шықпайды...


– Дауыс көңіл-күймен тығыз байланысты. Дауыстан эмоционалдық күйді анықтайтынымыз бекер емес қой.


 


Егер эмоцияңды өзгертсең, даусың да орнына келеді.


– Яғни тағы өзіндік сана ма? – деді Карл. – Барлығы соған байланысты ма?


– Дауыс соған байланысты, – деп растады Свея. Карлға мұқият қарап тұрып, ол:


– Мен тағы бір маңызды кеңес берсем бола ма? – деді. Карл басын изеді.


– Жақсы. Есіңде ұста: не болса да қайырымен болады. Карлға бұл күтпеген жағдай еді. Ол күмәнмен:


– Тіземнің ауырғаны, даусымды жоғалтқаным – бұл қайырлы ма? Мен кейбір эпизодтарда бар даусыммен ақыруым керек, мен болсам сыбырлап отырмын. Қайыр-лы ештеме көріп тұрған жоқпын.


– Бір көргенге солай әрине. Бірақ не болса да қайы-рымен болатынын анық білемін. Тіпті біз оны бірден түсінбесек те. Ал әлгі эпизодтарға келер болсақ, менде бір идея бар: мәселе дауыстың қаттылығында емес, әрекеттің белсенділігінде болып тұрған жоқ па? Егер осы эпизодта сыбырлап сөйлесең қалай болады? Бұл тиімдірек болып шығатын сияқты. Егер бәрін дұрыс жасасаң, сен тіпті күшті әсер қалдырасың. Ақыру бәрінің қолынан келеді, ал соны сыбырлап жеткізу ...


Карл ойланып қалды. Ол ойша көріністі шолып өтті, сөйтуге де болатын сияқты.


Свея оны жігерлендіргісі келіп:


– Басқа жағдайда қалыпты дауысыңмен айтасың – оны бір-екі күнде түзетуге тырысамыз. Айқайлаудың қажеті шамалы, көрермендердің көзін басқаша да жеткізу-ге болады. Бірге жаттығамыз оған.


Олар жаттығуды бастап кетті. Карл бірден жақсы нәтиже байқады. Свея оған тонусты көтеретін және кеңірдекті босаңсытатын бірнеше жаттығу үйретті, сонымен қатар практикалық кеңестер берді.


 


Карлдың көңіл-күйі құбылмалы еді. Свеядан шыққан-да өзін жақсы сезінді, алайда кешке қарай көңілі қайта қобалжыған: әкесі, инвесторлар алдында ойнау, Догги, тізесі, енді міне, дауысы жоғалды – осының бәрін ол көте-ре алмайтындай көрді. Бүкіл әлем өзіне қарсы тұрғандай. Жазмыш шығар.


Маңдайыма жазылмаған шығар деген ой оның ойынан шықпады. Жұлдыз болам дегенді қайдан шығар-ды десейші! Бойын қорқыныш билеген қарапайым адам емес пе? Үлкен қорқынышы бар.


Кешке қарай оған Анна келді, алайда тұңғиыққа батқан ол Аннаға назар аудармады. Күмәны қалыңдап, көңіл-күйі тіпті түсіп кетті. Ол Марк пен Михаэльге берген әртіс болам деген уәдесін бұзуға дайын екенін сезді.


Ол өзіне: «Мен бас тартып тұрған жоқпын, тек мен қолымнан келмейтін іске ұмтылып жатырмын. Олар менің бойымда жоқ нәрсені көріп отыр. Мен өзімді жақсы білем ғой. Мен актер емеспін, бұл менің қолымнан келмейді» деді.


Енді Карл бәріне күмәнданды. Бір кезде ол Марк-ке де күмәндана бастағанын сезді: «Мүмкін бұл Ми өзін гурумын деп жариялап алған біреу шығар. Басымды қатырып жүрген болар. Ал Михаэль ше? Өлім аузында жатқан балалар өздерін бұлай ұстамаса керек».


Өз ойымен өзі болып отырып Аннаның бұны бақы-лап отырғанын да сезбепті. Кенет ол:


– Біздің де қарым-қатынасымыз біртүрлі. Менің қай жеріме ғашық болдың? Мен туралы ойларыңды растау үшін ғана менің жетістікке жеткенімді қалайсың ба? Әйтпеген күнде мен саған лайық емеспін ғой? Сен: «Мен оның осындай болатынын білгенмін» деп айтуың үшін атақты әртіс болуым керек пе?


Бұл сөздер Аннаның көңіліне қатты тиді, оның көздері жасқа толып кетті. Аннаның мұндай күйін Карл бұрын көрмеген еді. Ойын жинақтау үшін оған біраз уақыт қажет болды.


– Сенің сөздерің менің жанымды ауыртып тұр. Сен проблемаңды мен арқылы үлкейтіп көрсеткің келіп тұрға-нын түсініп отырмын. Мені ренжіткің келмегенін де біліп отырмын, өйткені мен саған тек жақсылық тілеймін. Және мен сені шын мәнінде жақсы көремін. Сондықтан мені итермегенің дұрыс, – деді Анна.


Карл үндемеді. Аннаның дауысы миында жаңғырып естіліп тұрды. Ол жай сөйлегенімен, әрбір сөзі зілді еді. Карл айтылған сөздерді ой елегінен өткізуі керек болды. Ол жай ғана:


– Анна, сен дұрыс айтасың. Мен сені ренжіткім келген жоқ. Мен ақымақпын, сенің бұған қатысың жоқ. Мен өзімдегі проблеманы шешіп алуым қажет. Маған ойлану керек сияқты. Таза ауаға барып серуендеп қайтайын, – деді.


– Бәрі жақсы, – деді Анна.


Карл түнгі көшемен келе жатты. Ол: «бәрі жақсы» деді ме? Тап осылай деді ме? Қалай жақсы көретінімді білсе ғой! Ол Аннаға деген махаббатын ойлады. Бұл ештеме-мен салыстыруға келмейтін сезім еді: ол жан-жағы жарқы-рап кеткендей сезінді, оның мейірім мен жылылыққа толы дауысын естіді.


Қорқыныш сейіле бастады, онымен бірге торыққан көңіл де жоқ болғандай. «Бәрі жақсы болатынын» енді оның өзі де сезіп келе жатқан еді.


Кенет оның ойлары айқындала бастады: «Шынын-да да бәрі жақсы емес пе!». Былай қарағанда ешқандай проблема болған да жоқ. Кейбір жағдайларға жағымсыз бояу жағып проблема қылып қойған өзі ғой. Барлығы-ның басын ашып алу керек, сонда бәрі жақсы болады.


Егер салмақтап қарайтын болса, оған өміріндегі ең үлкен мүмкіндік беріліп тұр. Иә, оның тізесі жаралы, дауысы әлі әлсіз. Бірақ бәрін шешуге болады ғой! Пробле-маның бәрі мұның басында. Бәрі жақсы!


Мұндай айқын ойлардың қайдан келгенін өзі де білмеді. Карл өзінің тұңғиыққа түсіп кеткенін, ал төмен-де тұрып өзінің таңдауы бар екенін анық түсінді.


Ең төменгі нүктеде тұрып, өзінің таңдауы бар екенін түсінген адам –жоғары қадам басқан адам. Иә, Марк қиын болады деп ескертпеп пе еді? Карл күліп қойды.


Бұған дейінгі болғандардың бәрі дайындық болды. Енді бұған ең бастысы – өзінің таңдауын жасауы қажет. Ол өзінің кім екенін: қиындыққа беріле салатын адам ба, әлде уәдеде тұратын адам ба – шешу қажеттігі туындады. Қатардағы адам ба, әлде жоғары санаттағы адам ба?


Ол кекесінмен күлді: «Айтары жоқ, керемет сұрақтар. МЕН МАХАББАТҚА ЛАЙЫҚПЫН БА? Арма-нымдағы әйелге лайықтымын ба? Ол үшін жақсы болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын ба?»


Шынында да бәрі осы үш сұраққа тіреліп тұрғандай. МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕ МЕ? Теория жүзінде бәрі оңай сияқты көрінген. Ол жаңашылдыққа қызыққа-нымен, түпкі мәнін түсінбеген екен. Енді оған: не тап қазіргі сәттен бастап күшім жетпейтінін мойындаймын, не қолымнан келетінін мойындаймын деген шешім қабылдау қажет.


Егер қазір берілмесе, онда жоғары кетеді. Тек шешім қабылдау керек ... Кенет Карлдың басына: «тіпті шешім қабылдаудың да қажеті жоқ» деген ой сарт ете қалды. Ол шешім қабылдап қойған еді, тек оны өзі түсінбеген екен. Қорқыныш ақылын бұғаулап тастапты. Енді бәрі түсінікті.


Ол бәрін ұқты. Ол қараңғы саябақта даусын шыға-рып: «Мен ешқашан берілмеймін. Мен сөзімде тұра-мын. Мен махаббат жолымен жүремін, өйткені мен оған лайықтымын. Иә, кейде қорқыныш бойымды билеуі мүмкін, алайда ол мені тоқтата алмайды.


Мен актермін. Мен рөлде ойнағанды және фильмге түскенді жақсы көремін. Және мен онымен айналысатын боламын. Тіпті мені сахнаға көтеріп алып шығу керек болса да, ойнауды тоқтатпаймын. Мен қолымнан келген-нің бәрін жасаймын. Мен көрсетілім немен аяқталса да, өзіме тағайындалған жолмен жүруге әзірмін» деп айқай-лады.


 


 


Карл үйге келгенде Анна ұйықтап жатқан еді. Ол ақырын қасына жатты да құлағына сыбырлады:


– Бәрі жақсы.


– Білемін, – деді Анна ұйқылы-ояу.


Ол баяғы түсін көретін шығармын деп ойлады. Ойлағанындай болды, сол түсті қайта көрді: ол тағы қошқыл ағашқа шығып жатыр екен, одан құлап, тізесіп жаралады, қорқынышты ағаштың әкесіне, сонан соң өзіне айналғанын көрді. Сонан соң кемпір оны ақшыл ағашқа алып барды. Ол ағаш әуелі оның достарына, сонан соң өзіне айнала бастады.


Оянған кезде, ол алғаш рет қобалжуды сезінген жоқ. Ол бұл түстің маңызды бір нәрсені айтқысы келіп отырғанын сезді және оны жақында түсінетінін де білді. Карл өзінің күлгін күнделігіне ұмтылды. Онда шынында да ұзақ жазба тұрған еді:


Проблемалар әдетте бейтарап болады. Бәрі біздің оларға қандай мән беретінімізде. Олай болса оларды өз жетістігімізге жетелейтін өнім ретінде қолдансақ болады. Жағымсыз жағдай проблема болып табылмайды. Егер біз оған солай қарасақ қана проблемаға айнала-ды. Нағыз проблема ол біздің проблеманы сырт жақтан


іздеуімізде.


 


Проблемамен бетпе-бет келгенде өзіңе: «Сен қаншалықты ұлысың, Карл? Егер проблемадан үлкен болсаң, онда сәйкесінше әрекет жаса. Егер проблемадан кіші болсаң, оның деңгейіне жетуге әрекеттен», деген сұрақ қой.


Кейде біз өзіміз қалаған адам болуға қажетті нәрселерді жасағымыз келмейді. Алайда, адам өзін әрекетке итерме-лейтін жағдайлар арқылы өседі.


Әрекет нәтижеге жетелейді. Егер сен проблеманы шешудің шебері болсаң, сені ештеңе тоқтата алмайды. Ештеңе! Олай болса сенде үнемі таңдау болады деген сөз. Сен қалаған нәрсеге қол жеткізесің, өйткені сен мұның қолыңнан келетініңе анық сенімдісің. Мұндай сенімділік еркіндік деп аталады.


Сен өз проблемаларыңнан үлкен болғанда ғана еркін бола аласың. Егер проблемаларың сенен үлкен болып кетсе, сен оның тұтқыны болғаның.


Сенің өзіндік санаң өскен сайын проблемаларың да кішірее береді. Өйткені сен өзіңді проблемадан жоғары қоясың. Қандай жағдайда өзіңді ұлы санайсың? Өзіңнің кім екеніңді білгенде, махаббатқа лайық екеніңді білгенде және әрекет-ке қабілетті екеніңді білгенде, өзіңді ұлы санайсың. Егер өзіңді ұлы санасаң, онда сондай болғаның. Барлығы өзіндік санаға байланысты. Тек осы сезім ғана сені бақытты және табысты ете алады.


Өмір саған соңында проблемаларды шешу қабілетіңе қарай сый дайындайды. Бақыт, достық және ақша осыған байла-нысты келеді. Өзіндік санаң жоғары болған сайын қиын проблемаларды шеше алатын боласың.


 


«Осы сөздерді кеше оқуым керек еді» деп ойлады Карл. Сол сәтте ол кеше бұл сөздердің мәнін толық түсіне алмасын мойындады.


 


Таңертең ол айна алдындағы жаттығуды толық сенімділікпен орындады. «Мен сені жақсы көрем, Карл. Сен керемет актерсің. Сен махаббатқа лайықсың. Сен өзің ойлағаннан да мықтысың. Сен ең жақсы болам деп шештің, бұл тамаша. Өйткені сен дарындысың, енді оны бүкіл әлемге паш ететін уақыт жетті».


Табыс күнделігін де ол бүгін қуана толтырды. Оған жазатын нәрселері көп еді.


 


 


Карл Маркпен бірге таңғы ас ішемін деп уәделесті. Достық сәлемін алғаннан кейін Карл Маркке кешегі дағдарысы туралы айтып берді. Өзінің есебін ол мынада-дай сөздермен аяқтады:


– Мен бәріне күмәндандым, тіпті Аннаға да, саған да, соңында ештеңе қолымнан келмейді деп шештім.


Марк түсінгендей күлімсіреп қарады да:


– Оны бәріміз басымыздан өткергенбіз. Мен беріл-гісі келмей, бірден күресіп кеткен бірде бір ұлы адамды білмеймін. Маңыздысы біздің мойындауымызда. Көп адам махаббаттан, ләззаттан бас тартып, өз таңдауын жасап жатады. Олар қорқыныштарының жетегінде кетеді. Сондықтан да адамдардың көпшілігі: «Менің қолым-нан келе ме?», «Мен лайықтымын ба?», «Мен кіммін?» деген үш сұраққа жауап бере алмайды. Мен саған бір сұрақ қояйыншы: кеше бәрінен бас тартқан болсаң, бүгін бақытты болар ма едің? – деді Марк.


– Әрине, жоқ. Мүмкін мен өзіме еркінірек бол деп айтар ма едім. Тек өзімді мақтан тұтып, бақытты бола алмасым анық еді. Және өзімді жақсы көрмес едім. Тіпті жек көріп кетер едім, – деді Карл.


– Сондықтан да ең басында мен саған айтпап па едім, табысты да бақыты өмірге өзіңе сенімді болғанда ғана жетесің деп.


 


– Есімде. Ол кезде сен асыра сілтеп отыр деп ойлағанмын.


Марк өзінің жас досына сабырлы қалыпта қарады да. – Егер сен берілгеніңде, сен өтірікші болар едің.


– Бұл енді тіпті артық.


– Жоқ. Сен маған және Михаэльге берілмеймін деп уәде бергенсің. Өтірікші ғана өз уәдесін орындамайды.


Карл ойланып қалды.


– Мен уәдені жеңіл-желпі бере салған жоқпын. Бірақ «өтірікші» дегенің тым қатты айтылған сияқты.


– Маңызды сұрақ: онда неге уәде бердің? Сол кезде саған жетпей тұрған күшке ие болу үшін бердің. Күш жинаған соң, сен белгілі бір жолды жүріп өттің. Ол жол болса кеше сені дағдарысқа алып келді. Уәдең «Былай қарай қозғал» деп көрсетіп тұрған жол белгісі сияқты еді. Бәрімізге осындай нұсқау қажет. Қиын сәт туындағанда сен күшіңді жинап алдың.


Айтпақшы, өтірік туралы айтар болсақ, көп адам «бұл қолымнан келмейді» дегенде өтірік айтады.


– Білмеймін. Бұл сәтте олар шын айтып тұрмын деп ойлайды ғой. Мен де кеше солай ойлағанмын.


– Алайда бұл шындық емес, өтірік. Оң қолыңды мейілінше жоғары созшы, – Карл оның өтінішін орын-дады. – Өте жақсы. Енді тағы үш пайыз жоғары көтеруге тырыс.


Карл бұл жаттығуды да орындады.


– Енді тағы бір пайызға жоғары көтер. – Карл тағы орындады.


– Ғылыми зерттеулер керемет нәрселерді дәлелдеп берді: адам өз мүмкіндін тек қырық пайызға ғана пайда-ланады екен. Олар өздерінің нәтижелерін екі есе немесе одан да көп есе өсіре алатындарын білмейді, – деді Марк. – Алайда мен қырық пайыздан асырып көтердім ғой қолымды. Жарайды мен оны тағы бір-екі пайызға артық көтердім дейік, сонда да ол жүз пайыз емес қой. Бұлай жасау мүмкін емес.


– Сенімдісің бе? Сен орындықтың не үстелдің үстіне шығуыңа болушы еді ғой. Не бір қабат жоғары көтерілуіңе болушы еді. Егер ойлансаң тағы да жолдарын табуға болар еді. Алайда сен олай жасамадың, өйткені сен «мен жүз пайыз орындадым» деп ойладың.


– Мұның мәні неде? – деп сұрады Карл.


– «Мұны жасай алмаймын» немесе «қолымнан келмейді» деп ешқашан айтпа. Ол жағдайда сен басты назарды проблемаңа аударасың. Одан да: «Мұны қалай-ша істеуге болады?» деп сұра өзіңнен. Осы кезде сенің миың оның шешімін табу жолдарын қарастыра бастайды, саған көптеген мүмкіндіктер келе бастайды.


Карл бірнеше секунд үнсіз қалды да, былай деп сұрады:


– Мен оның қолымнан келетінін білмей жатып, уәде бергенім ақылға сыйымды ма?


– Әрине. Берген уәдең арқылы сен белгілі бір жолды жүріп өттің ғой. Сенде бір ғана таңдау болды: не өтірікші болу, не уәдеде тұру. Мен саған WhatsApp-қа тағы бір даналық ой жіберейін.


 


Сен күшті болам деген жалғыз таңдауды таңдап алмайынша, қандай күшке ие екеніңді ешқашан біле алмайсың.


 


 


Карл Марктің осы әдетіне риза болып күліп қойды. Және сондай-ақ, ол даналық ойлардың бұған тигізер пайдасы зор екенін де мойындап қойды.


Осы кезде даяшы Карл мен Маркке таңғы астарын әкеліп берді. Олар астарын рахаттана жей бастады.


 


Таңғы астан кейін Карл Маркке өзінің түсі туралы айтып берді. Ол оны барынша анық суреттеп берді де, түсінің не мағына беретінін түсінгісі келетінін жеткізді.


Марк Карлды мұқият тыңдады да біраз уақыттан кейін:


– Бұл түстің мәнін өзің айтып бердің деп ойлаймын. Қошқыл түсті ағаш сені өзінің уымен улағысы келеді. Алайда ол саған зиянын тигізе алмайды, тек сен өзің өзіңе зиян жасағанға итермелейді.


Карл ойлана басын изеді. Оның бүгінгі күлгін күнделігіндегі жазба есіне түсті де, оны Маркке оқып берді: «Нағыз проблема ол біздің проблеманы сырт жақтан іздеуімізде».


– Өте жақсы айтылған, – деп мақтады Марк. – Мұны мен жазған жоқпын ...


– Түсінікті, – деп күліп жіберді Марк. – Меніңше сенің түсің саған маңызды шындықты айтқысы келіп тұрған сияқты: ешкім саған билік жүргізе алмайды, әсіре-се сен кім екеніңді білгенде, ол тіпті де мүмкін емес.


Карл Марктің кідіре тұруын өтінді де, дәптеріне жазып қойды:


 


Менің кім екенім өзіме түсінікті болса, маған бір де бір адам билік жүргізе алмайды.


 


Марк жалғастырды:


– Сен өзіңнің қоңырқай түсті ағаш па, әлде ашық түсті ағаш па, яғни, кім болатыныңды шешуің керек. Және сені қорқыныш пен күмән билегенін қалайсың ба, әлде махаб-бат пен ләззат билегенін қалайсың ба, өзің үшін анықтап алуың қажет.


Өзіндік сананың мәні өз жолыңды таңдай білуің-де. Бәрі ойдан басталады. Сен қаласаң да, қаламасаң да, көңіліңде кім болғың келеді – сол боласың. Былайша айтқанда, сен өзіңді өз ойың арқылы жаттықтырасың. Өзіңді де, өзге адамдарды да өзіңмен қарым-қатынас жасауға үйретесің: егер өзің туралы жаман ойласаң, жұрт та саған сондай қарым-қатынас жасайды.


Дон Хосенің де осыған ұқсас пікір айтқаны Карлдың есіне түсті. Ол оның сөздерін ойша қайталап шықты: «Егер сен өзіңді жақсы көріп, құрметтесең, басқалардың өзіңе дөрекі қарым-қатынас жасағанына жол бермейсің». – Тап солай, – деп растады Марк. – Ал өзіңді жақсы


білсең ғана өзіңді жақсы көре аласың.


Карл өзінің түсі туралы ұзақ ойланып тұрды да:


– Мен түсінген сияқтымын. Мен қошқыл түсті ағаш та, ақшыл түсті ағаш та бола аламын. Менің келісімімсіз мені ешкім басқара алмайды. Ақшыл түсті ағашқа құлақ түрген сайын, сол ағашқа айнала берем, – деді.


– Өте жақсы, – деп мақтап қойды оны Марк. – Деген-мен, тағы бір нәрсені білгенің жөн: көрген түстерің де қарапайым және саналы болып бөлінеді.


– Саналы түрде түс көру дегеніміз не? – деп сұрады Карл.


– Сен түс көріп жатқаныңды түсініп жатасың. Олай болса сен түстің мазмұнына әсер ете аласың.


– Сонда түсімде не болатынын өзім шеше аламын деп айтқың келіп тұр ма? Мұндай ой бұрын басыма келмепті. – Ал сен қолданып көр. Уәде бере алмаймын, бірақ


сен бұл жерде де мүмкіндігіңнен тыс нәселерге қолжет-кізуің мүмкін. Келесі жолы түс көргенде оны өзгертуге тырысып көр.


Карл тағы таңқалмасқа шарасы болмады. Өмірде не болмайды десеңші! Түсті өзгерту деген... бұрында-ры мұндайды естімепті. Ол Маркке таңдана қарады. Не деген ақылды адам мынау!


Қоштаспас бұрын Марк:


– Соңғы айларда сен көп нәрсеге қол жеткіздің.


 


 


Оған өз құрметімді білдіремін. Сенің әрекеттеріңе қарап отырып, қажет болғанда сен ашық түсті ағашқа көбірек құлақ түрдің деген қорытындыға келуге әбден болады. Көп адам ештеңеге әрекеттенбей, ғажайыпты күтіп жүре береді. Бірақ өзін тәрбиелеп жүрген адам өзі ғажайып екенін ұғынуы керек. Үш күннен кейін сенің көрсетілімің болмақшы. Репетиция жасап тұрғандай ойна, өзіңді еркін ұста. Сонда ашық түсті ағашқа айналасың.


Карл оның әрбір сөзін мұқият тыңдап, бойына сіңіріп тұр еді. Кенет өзінің ештемеден қорықпайтынын, осы сәтті асыға күтіп тұрғанын сезінді. Ол Маркке өзінің ашқан жаңалығын айтып берді.


– Біз: Анна, Михаэль және мен, тіпті дон Хосе де – бәріміз сенің көрсетіліміңді қуана тамашалаймыз. Дон Хосе қазір Европада саяхаттап жүр екен, – деді Марк.


– Бәрі жақсы болады, – деді Карл өзінің сенімділігіне таңдана. Осыған өзі қуанып та тұр еді. Қоштасар кезде Марк оны мейіріммен құшақтады.


Бірнеше минуттан кейін Карлдың ұялы телефонына хабарлама келді. Бұл жолы Мартин Лютер Кингтің дана-лық сөздері екен:


 


Егер ұша алмасаң – жүгір, Жүгіре алмасаң – жүр, Жүре алмасаң – еңбекте, Тек қозғалуды тоқтатпа.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу