08.04.2023
  348


Автор: Бодо Шефер

МҮМКІНДІК

Келесі айларда Карл қалыптастыр-ған дәстүрі бойынша өмір сүрді. Күнделікті таңертең айна алдын-да жаттығу жасап, кем дегенде бес жетістігін күнделікке жазуды әдет-ке айналдырды. Күн өткен сайын


жаттығуларды орындау да жеңілдей түсті.


Ол кез келген мүмкіндікті пайдаланып, репетиция жасап жүрді, ал қойылым әбден піскен кезде оны бірнеше адамға көрсететін еді. Көп жағдайда ол бұл көріністерді ауруханада Михаэльге қойып беретін. Кейде басқа да сырқат балалар мен медбикелер көрермендер қатарынан табылатын. Осылайша Карл кездейсоқ жағдайларға дайын еді.


Фильм жұлдызы Рихард жиі сырқаттанып қала бергендіктен студиядағы жұмыс ұзап кетті. Дегенмен түсірілім аяқталды. Карл бір жағынан бұған қуанса, екін-ші жағынан енді немен айналысатынын білмеді.


Түсірілім аяқталуына орай ұйымдастырылған кеште Рихард оны былайырақ алып шығып:


– Маған тағы бір фильмнен ұсыныс түсті. Мафия туралы. Мен онда кіндік әкенің ролін ойнаймын. Маған көмектескің келмей ме? – деді.


– Дублер болып па? – деп сұрады Карл.


– Жоқ, жеке көмек туралы айтып тұрмын. Мен сенімен бірге репетиция жасағым келеді. Сен маған ұнайсың, саған көп нәрсе үйретер едім. Маған сенімен бірге рольді жаттап, репетиция жасаған ұнайды.


– Бір минут та ойланбаймын, – деп жанып кетті Карл. – Фильм мафия туралы болса тіпті керемет!


Кейінірек Рихардтың ұсынысы қаржы жағынан да жақсы ұсыныс екенін білді.


 


 


Жаңа фильмді тусіру үшін командаға сол адамдар жинақталды. Карл олардың көпшілігімен тіл табысып үлгергендіктен, бұған қатты қуанды. Алайда, өкінішке қарай, олардың арасында Догги де бар болатын. Режис-сердің көмекшісі неге екені белгісіз барынша әріптестерін Карлға қарсы қоюға тырысты, ол туралы өсек таратты.


Жарық түсіру бригадасындағы әріптестері, сондай-ақ досы Герхард та, Карлдан бойларын аулақ салды. Үзілі-стердің бірінде Карл бұның себебін Герхардтан тікелей сұрады.


– Сен өзіңді бәрінен артықпын деп санайсың ба? – деді Герхард.


– Оны қайдан шығардың?


– Сені актер болғысы келіп жүр деп естідім.


– Иә, болғым келеді. Сендер олай армандаған жоқсыңдар ма?


– Барын салып репетиция жасайды дейді ғой сені. Атаққұмар болып кетіпсің ғой.


– Әрине репетиция жасаймын, әйтпесе, мен роль-ді қайдан табамын, – деп түсіндірді Карл. – Мен жақсы актер болатынымды сеземін.


Герхард оған жақтырмай қарады да:


– Мен саған: «Аяз би әліңді біл, құмырысқа жолыңды біл» деген ақыл айтар едім, – деді де Карлдың жауабын күтпестен бұрылып, кетіп қалды.


Кешке Карл бұл жағдай туралы Аннаға айтты.


 


– Кейбір адамдармен өзің дамығанға дейін ғана сөйлесе аласың. Сен өзгеріп, күшті бола бастағанда олар жан тыныштығынан айырылады. Олар мұндай жағдайды «сендер әрекетсіз не істеп жатырсыңдар?» деп жатқан-дай қабылдайды. Олар әрекет еткенді ұнатпайды және тыныштығын бұзғанды жақтырмайды. Ал сен болсаң оларға кедергі болып тұрсың. Сондықтан да олар сені ұнатпай отыр.


Бұл Карлға тосын жайт еді.


– Олар менен қауіптенетін сияқты. Мен репетиция жасасам, олар өздерін кінәлап отыр деп ойлайды екен ғой онда. Олай болса, біздің жолдарымыз екіге айырылғаны ма сонда?


– Менің бұрынғы құрбыларым да солай қабылдады. Сондықтан да мен кейбір адамдардың саған деген көзқа-расы өзгеруі мүмкін екенін білемін. Кейбіреулерімен дос болып қалдым, кейбірімен әлі күнге дейін араласпай-мын. Сен жұлдыз боласың, мен оны сеземін. Бүгін сенен бойын аулақ салып жүргендер: «Мен оның карьерасының қалай басталғанын білемін» деп мақатанатын болады әлі. Маған сен, олар сені дәріптейтін болады, – деді Анна.


– Ал мен сені дәріптеймін, – деді Карл. Оның шексіз сенімі Карлға керемет қолдау еді.


 


 


Келесі күні Карл Марктен хабарлама алды:


 


Адамдарды жоғалтудан қорықпа. Басқалардың көңілін табам деп жүріп, өзіңді жоғалтып алма.


 


 


Сонда да бұл жәйт Карлдың көңілін алаңдатты. Михаэльге бір келгенде осы туралы айтты. Михаэль:


– Білесің бе, сен үлкен жетістікке жеткен кезде ол әпенділер туралы ойлауға уақытың да болмайды. Осыны ескерерсің, – деді.


Карл Михаэльдің даналығына тағы да қайран қалды. Алайда, ол баланың ауыруын ойлап, мұңайып қалды. Михаэль оны сезіп қалды да, жымиып:


– Мен өз әлеміме кетем, онда атақты футболшы бола-мын. Сонан соң сенің кезегің келеді.


– Қандай кезек?


– Маған қызыға қарайсың. Маған қол шапалақтап отырасың. Менің басымда ісік пайда болғанға дейін мен әжептеуір жетістікке жеткен едім. Дегенмен мен баратын жақта ісіктің маңызы болмай қалады.


Карл көз жасын әрең тыйып:


– Сен командада қандай позицияда ойнап едің? – деді.


– Жартылай қорғаушы болдым, әрине. Қандай пастарды бергенімді көрсең ғой! – осы кезде ол Карлдың жасаураған көздерін көрді де:


– Қандай әртіссің сен? Өз көзіме өзім сенбей тұрмын! Тыңда, қарағым, бұл жерде ауру – мен, сен менің көңілімді аулауың керек, керісінше емес. Марк: «Өлімнің не екенін ешкім білмейді. Бірақ біреу қайтыс болғанда бәрі қайғырады. Осылайша олардың бойында менмендік пайда болады» дейді.


Менмендік туралы ол дұрыс айтып тұр. Мен өлімнің не екенін білемін, ол жаққа бір-екі рет барып қайттым. Ол жақ жап-жарық. Ол жақта мен футбол ойнай аламын, мен оны армандаймын. Ол жақта мені галактикалық тренер байқап қалды, мен онымен бірнеше рет сөйлесіп те үлгердім, ол мені күтем деді, мені өз командасына алады.


 


 


Келесі аптада Рихард төсек тартып жатты. Оның қашан жазылатынын ешкім айта алмады. Бұл нағыз апат еді, оның ішінде қаржылық қиыншылық тағы бар: коман-даға ақша төлеу қажет еді, фильм түсірілімінде әр минут алтыннан қымбат болатын. Егер жұлдыз келмесе, жоба жабылатынын бәрі түсінді.


Бір кезде түсірілім алаңында бригада немен айналы-сатынын білмей тұрғанда Карлдың қасына қайдан келгені белгісіз Догги келе қалды да, құлағына тістене:


– Егер Рихард келмейтін болса, сен бұл жерге керек емессің, ешқашан! – деді.


Карл бірдеңе деп аузын ашам дегенше, Догги зым-зия жоқ болды. «Не деген жексұрын адам» деп ойлады Карл.


Осы кезде оператор Густавоның ойына бір идея келді:


– Уақытты босқа жоғалтпау үшін не істеу керек екенін білемін ... – барлығы оған жалт қарады. Густаво көп сөйле-мейтін адам еді. Егер бір нәрсе айтар болса, барлығы оған мән беретін. – Қолымыздан келмейтін нәрсеміз туралы айтып отыра бергеннен түк шықпайды. Рихард сырқат, түсірілімге қатыса алмасы анық. Алайда бір нәрсе қолы-мыздан келеді.


Барлығы оған қызыға құлақ түрді. Тіпті режиссер Антон Густавоның ұсынысын тыңдау үшін бері жақын-дады.


– Әзірге басқа актерлер қатысатын эпизодтарды түсіре берейік. Ал Рихард бар жерлерді кадрдың артында Карл ойнасын, ол сценарийді жатқа біледі, – деді Густаво. – «Кадрдың артында» деген не пәле тағы? – деген Доггидің дауысы шықты. Ол эпизодты кадрға түспей ойнайды. Бұл әрине шығынды тәсіл, дегенмен жүзеге асыруға болады. Осының арқасында біршама материал


түсіріп тастар едік.


– Істеп көруге болады, – деді Антон.


 


 


– Далбаса! – деген Доггидің жан даусы шықты. Бұл дублердің басқаларды шатастырғаннан басқа ештеме қолынан келмейді. Сценарийді де дұрыс білмейді. Бәрін шатастырады. Маған сенсеңіздер болады, мен жақсы білемін. Бұл нағыз масқара болады.


Карл өз құлағына өзі сенбеді. Ол Марк ескерткен шешуші сәттің туғанын сезді. «Не қазір, не ешқашан» деген ой басында жылт ете қалды.


Ал Доггидің жеңілетін түрі жоқ:


– Мен әрине ырымшыл емеспін, алайда Карл бізге тек сәтсіздік әкеледі. Ол Рихардпен сөйлескелі бері Рихард ауырудан көз ашпады. Бұл кездейсоқ емес.


Карл Доггидің сөздері кейбір адамдарға әсер етіп тұрғанын байқады. Түйсігіне сеніп, ол Доггидің қарсы алдына жетіп барды да, бар даусымен ақырды:


– Ей, оңбаған семіз шошқа! Сасық көртышқан! Тап қазір күліңді көкке ұшырам! Сен мен үшін ешкім емессің, сені ешкім де құтқара алмайды!


Доггидің беті ызадан булығып, қып-қызыл болды. Ол Карлға қарай жүрді. Қазір төбелес басталып кететін сияқты. Алайда, Карл оны зілді дауыспен тоқтатты да:


– Жап аузыңды, көртышқан! Сен не туралы айтып тұрғанымды жақсы білесің. Менің артымнан өсек таратқансың. Мен оны білмейді ғой деймісің? Сен бір нәрсені ұмытқан сияқтысың: бұл жерде босс менмін! Сен мен рұқсат берген мерзімге ғана өмір сүресің.


Айнала құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Тек шыбынның ызыңы естілердей. Барлығы демдерін іштері-не тартып тұрғандай.


Осы кезде Карл байыпты дауыспен сөйлей бастады: – Шамамен осылай ойнар едім. Доггиге рақмет


көмектескеніне.


Барлығы ештеме түсінбей, бір-біріне қарады. Алай-да режиссер Антон қатты қол шапалақтады. Ол осыншалықты риза болғанын көрсете бермейтін.


Догги ештеме түсінбей жан-жағына жалтақтап тұр еді.


– Тамаша! – деп айқайлап жіберді Антон. – Мен де дәл осылай елестеткенмін. Бұдан жақсы болуы мүмкін емес. Карл, сен бәрін керемет орындадың!


– Ол мені қорлады! Бұған дейін маған ешкім бұлай сөйлеген емес! – деп ақырды Догги. Түрі қып-қызыл боп, самайындағы тамырлары одырайып шығып кетіпті.


– Сіз әлі түсінген жоқсыз ба? Карл жаңа ғана фильмнен үзінді орындап берді. Айтып тұрмын ғой, керемет! – деді күліп Антон.


Осы кезде Густаво, оның артынан қалғандары да қол соға бастады. Әлдекім осы көріністі сценарийден қолы дірілдеп іздеп жатты. Бәрі дұрыс: Карл кіндік әке көмекшісіне сатқындығы үшін ұрысып жатқан эпизодты ойнаған екен. Бәрі қарқылдап күліп жіберді.


Кейінірек      киностудия      басшылығы      Густавоның ұсынысын қабыл алды, олар басқа актерлер қатысатын көріністерді түсіре бастады. Карл кадрдан тыс Рихардтың ролін ойнауы керек болды. Алайда, Густаво керек болып қалар деп Карлды түсіріп алды.


 


 


Түсірілім екі аптаға созылды. Бұдан Карл керемет ләззат алды. Ол бұрынғыдан да көбірек реппетиция жасай бастады. Сондай-ақ таңғы дәстүрлерін де ұмытқан жоқ. Ол күн сайын Марктен хабарлама алып тұрды. Бір күні ол былай деп жазыпты:


 


 


Біз армандарымызға қарай жүруге батыл шешім қабылдағанда ғана арманымыз орындалады.


 


 


 


Тап сол күні Рихардтың алты ай бойы жұмысқа шыға алмайтыны туралы хабар келді. Болжаған сұмдықтары айдай келді. Студия басшылығы ақылдасу үшін жина-лысқа кетті. Шамамен бір сағаттан кейін олар Карлды шақырды.


– Біз Густаво түсірген сенің бірнеше көрінісіңді қарап шықтық. Біз оның түсіріп жүргенін де білмеппіз. Енді оған қуанып отырмыз. Сен ойнаған эпизодттарды мұқият қарауға мүмкіндік туындады. Өте жақсы және тағы да өте жақсы деп айтар едім мен. Тіпті фантастика! – деді Антон.


Карл оның не айтқысы келіп отырғанын тіпті түсін-ген де жоқ, өйткені жоба жойылғалы тұр еді.


– Біз саған ұсыныс айтқалы отырмыз. Саған басты рольді берсек пе деп отырмыз. Кіндік әкенің ролін ойнай-сың. Бұл қолыңнан жақсы келеді екен. Сенің қолыңнан келеді, ал біз осылайша фильмді құтқарамыз. «Құтқа-рамыз» деген жай сөз. Сен ойнаған роль тіпті керемет болып шығайын деп тұр, – деді Антон.


Карлдың аяқтары дірілдеп кетті. Ол не деп жауап берерін де білмеді. «Мен оған соншалықты дайын емеспін ғой» деген ой жүгіріп өтті басында. Ол қатты қорқып кетті. Ол иығынан ауыр жүк басып, сал болып қалғандай сезінді өзін.


– Тағы бір мәселе туындап тұр, – деп жалқады сөзін Антон: – біз өздігімізден шешім қабылдай алмаймыз. Фильм бір фондтың ақшасына түсіріліп жатыр, сондықтан соңғы сөзді инвесторлар айтады. Мен оларға сенің бірне-ше көрінісіңді көруді ұсынатын боламын. Олар сенің жанды ойыныңды көріп, өз пікірлерін айтады. Егер олар келіссе, сені басты рольге бекітеміз.


Барлығы үмітпен Карлға қарады. Олар Карл қатты қуанады деп ойласа, мұнысы бекер еді. Карлдың бойын сұмдық үрей биледі. Дегенмен бас тартуға да батылы жетпеді. Сондықтан ол инвесторлар үшін бірнеше маңыз-ды эпизодты ойнап беруге келісті.


 


 


Кешке Карл әкесімен кездесті, оның сөйлескісі келсе керек. Карл Құдайдан әкесімен ұрсып қалмауды тіле-се де, кездесу одан да жаман аяқталды, әкесі бас салып, оны жазғыра бастады. Сарыны бұрынғыдай еді: Карл – жақсылықты білмейтін адам, қиялмен өмір сүреді, қайдағы актер, тек елге күлкі болады, ол оған мүлде жара-майды деген сияқты кінә артты әкесі.


Карл өзіне ұсынылған басты роль туралы айтты, алайда әкесі кекесінмен күлді оған. Карл өзіне ұнамай-тын осы кекесін күлкіні бұрын да жиі көретін. Әкесі:


– Мен сені жақсы білемін. Сенің бойыңда сені табысқа жетелейтін қабілет жоқ, ешқашан болған емес және болмайды да. Сенің қолыңнан келмейді. Сенің келісімің – сенің үлкен қателігің. Сен тек өзіңді және мені ұятқа қалдырасың.


Ес білгелі Карл әкесінің өзіне сенбейтінін сезініп келеді, тіпті бір күні әкесі өзінің досына: «Өкінішке орай біз баламыздың бесігін қабырғаға тым жақында-тып қойсақ керек, ха-ха-ха» деп қарқылдап күліп, айтып жатқан сөздерін естігені бар. Сол кезде де осы жексұрын күлкі құлағында қалып қойып еді.


Бірнеше ай бұрын Карл әке-шешесіне: «Сендердің маған жақсылық тілейтіндеріңді білемін» деген еді. Енді ол сөзіне өзі күмәнданып қалды. Ол біршама уақыт үнсіз қалды, мұны әкесі әлсіздік деп ұқты, әрине. Сонан соң сабырлы қалпында:


– Мен мұны енді естігім келмейді. Ес білгелі сен мені бір рет те құшақтап көрмепсің. Маған ешқашан сенген емессің. Мен қазір керемет мүмкіндікке ие болғалы тұрмын, сонымен қатар бойымды үрей де билеп тұр. Мен өзіме күш жинағанша сенімен сөйлескім келмейді. Сенің пікірің маған зиян тигізбейтіндей күш жинауым керек.


Әкесі өз ойын таңа бастады:


– Сен университетке қайта оралуың керек. Бұл аса қажет. Әйтпеген күнде осылай жолың болмай жүре бересің.


Карл әкесіне екі ағаш және өзіңді ешқандай шарт-сыз қабылдайтын адамдар туралы айтқысы келді. Айна-лаңдағылар сенің өміріңді түсінбесе, бұл қалыпты жағдай екенін, себебі бұл сенің өмірің екенін айтқысы келді. Бірақ оны әкесінің түсінбейтінін сезді.


Карл енді олардың ұзақ көріспейтінін, бірақ кейінірек сөйлесуге мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Әкесі оған көз қырын да салмастан шығып кетті.


Карлдың есіне Марктің бір кездері жіберген хабарла-масы түсті:


 


Өзіңді кінәламастан «жоқ» деп айтып үйрен. Өзіңе ұнамайтын істермен айналысып жүру-ге өмірің жетпейді, өмір қысқа. Олардың көзін жой.


 


Ол бұл сөздердің түбінде үлкен даналық жатқанын және өзінің дұрыс жасағанын сезінді. Алайда жаны ауыр-сынып тұрған еді. Басты рольді ойнаудан одан сайын қорқа түсті.


 


 


Карл Маркпен түскі аста кездесуге уәделесті, оған кеңес керек еді. Ол ұсыныс туралы, өзінің қорқынышы туралы, әкесімен арадағы әңгіме және ол әңгімеден кейін қорқынышының күшейгені туралы айтып берді.


– Мен саған қорқыныш туралы бірнеше мысал айтып берейін. Бастысы, сен осы әңгімеден кейін қандай шешім қабылдайтыныңда. Тап осы сәтте сен өзіңнің жетістікке жететініңе сенбей тұрсың. Ал бұл негізгі үш сұрақтың біреуіне келіп тіреледі: «Менің қолымнан келе ме?» деген. Сен оған жауап бере алмай тұрсың. Сен басты рольді жақсы ойнап шыға аласың ба? Бұл сенің кейде әке махаб-батын сезінбегеніңе және сеніміне ие бола алмағаныңа да көп байланысты.


– Кейде емес, үнемі!


– Өкінішті. Алайда, өзіндік сана дегеніміз сезім екенін, оны өзгертуге болатынын естен шығарма. Сен бағдарлама емессің, бағдарламашысың. Қорқыныш пен махаббат арасын таңдай аласың. Егер қорқынышты таңда-саң, онда өзіңді тар қапасқа тыққаның. Алхимик дегеннің кім екенін білесің бе?


– Иә, олар кез келген қоқысытан алтын жасағысы келгендер ғой.


– Дұрыс. Ал бізге қорқынышымызды алтынға айнал-дыру қажет, оны пайдаға асыруымыз керек. Сонда ол бізге алға жылжуға кедергі бола алмайды, тіпті мақсаты-мызға жетуге көмектеседі.


– Қорқыныштың пайдасы бар ма сонда? – деп таңқал-ды Карл. – Ол мені күшімнен айырып, өлтіріп жатыр.


– Сен қорқынышты өз мүддеңе қолдана аласың. Саған бірнеше сұрақ қойсам бола ма?


– Әрине болады – Карлдың Марктен жасыратыны жоқ еді.


– Жақсы. Сен Аннаның көңілінен шықпасаң өзіңді қалай сезінер едің? Ол саған сенеді. Ол сені керемет актер деп санайды. Егер сен қазір рольден бас тартсаң...


– Не айтқың келгенін түсінген сияқтымын. Иә, мен Аннаның сенімін ақтамаудан қорқамын. Ол – менің өмірімдегі ең керемет жан.


– Тағы бір сұрақ. Өміріңде мұндай мүмкіндік енді болмаса ше? Қазір шешім қабылдамасаң, ертең өкініп қалмайсың ба?


– Иә, ол жағын шынында да ойламаппын.


– Енді сен ұсынысты қабыл алдың және артынша бірнеше рольге ие болдың делік. Алайда қазір сен бас тартсаң, басқа роль болмайды.


– Бұл менің үлкен қателігім болар еді онда. Өмірім-дегі зор мүмкіндікті жіберіп алар едім.


– Солай десе де болады. Ментальдық алхимия осын-дай нәрселерді зерттейді: қорқынышыңды өз мүддеңе жұмса. Егер сен қорқыныштан қашар болсаң, ол тек ұлғая береді, ал өзіндік сана кішіре береді. Сондықтан қорқынышты одақтасың ет. Егер сен ұсынысты қабылда-масаң, қаншама қорқынышты нәрсе болатынын елестет. Ол жағдайда не жоғалтатыныңды, жұрттың көңілін қалдыратыныңды, өзіңді құрметтеуден қалатыныңды әдемілеп суретте. Осы жағдайда қорқынышың саған шешім қабылдауға көмектеседі.


– Алайда қорқыныш ешқайда кетіп қалмайды ғой, – деп күмәнмен сұрады Карл.


– Әрине жоқ. Тек сен оны басқа – өз мүмкіндігіңді жіберіп алу және өміріңде барлығынан айырылу деген қорқынышпен алмастырасың. Бұл сенің бастапқы қорқы-нышыңнан да күштірек.


Марк пиджагінің қалтасынан кішкентай карточка алды да, оны Карлға ұсынды:


– Ал, бұл саған. Мен қорыққан кезде өзім пайдала-намын. Ол менің бірнеше жағдайда құтқарған, саған да көмектесері даусыз. Бойыңды қорқыныш билегенде, осындағы сұрақтарға жауап бер.


Карл оқып шықты:


– Мен оны істемесем, ең қорқынышты қандай жағдай болуы мүмкін?


– Ол менің өмірімнің соңы болуы мүмкін бе?


– Оның артының жаман жағдайға айналып кетпеуіне қалай жол бермеуге болады?


– Қайсысы жаман: мен оны істесем бе, әлде мүмкін-дікті жіберіп алсам ба?


– Мен оны жүзеге асыратын болсам, қандай жақсылық болар еді?


Сонан соң олар бірлесе отырып осы бес сұрақты талқылады. «Мен оны істемесем ең қорқынышты қандай жағдай болуы мүмкін?»


– Мен қобалжып, мәтінді ұмытып қалуым мүмкін. Масқара болғанның көкесі сонда, – деді Карл.


– Шын мәнінде неден қорқатыныңды түсініп алған маңызды. Сол кезде сен онымен күресе аласың. Қорқы-ныш белгісіз болған кезде қауіптірек, – деп түсіндірді Марк. – Енді «Ол менің өмірімнің соңы болуы мүмкін бе?» деген екінші сұрақты қарастырайық.


– Жоқ, – деп күлді Карл, – ондайды басыңнан өткіз-геннің өзі жақсы емес қой.


– Түсінікті. Жағымсыз жағдайдың қалай алдын аламыз?


– Мұқият репетиция жасау керек. Бастысы – кездей-соқ жағдайларға дайын болу.


– Дәл солай. Ал қайсысы жаман: сенің бәрін ұмытып масқара болғаның ба, әлде өміріңдегі басты мүмкіндікті жіберіп алғаның ба?


– Мен түсінген сияқтымын. Егер мен оны жасама-сам, өмір бойы өкініп, өзімді жазғырып өтем.


– Тамаша. Ал егер ұсынысты қабылдасаң, ең керемет нәрсе не болмақ?


– «Оскар» аламын, – деп әзілдеді Карл.


Марк күліп жіберді. Ол алдымен Карлдың сұрақтар мәнін түсінгеніне, екіншіден, қысқа уақыт ішінде Карл-ды мүмкіндікті жіберіп алу ұятқа қалғаннан әлдеқайда қорқынышты екеніне сендіргеніне қуанды.


Марк сабырлы қалпында:


 


– Бұл оқиға әйтеуір бір аяқталады. Бастысы, бұған дейін не істейтініңде. Бұл жердегі негізгі сөз – «істеу». Мақсатыңа тек әрекетің алып барады. Қорқынышың сен әрекетсіз жатқанда күштірек. Өзің де сезінесің: бір іспен айналысқанда сенімің де арта түседі.


Былай жаса: Жетістіктер күнделігіңдегі жазбаларың-ды көбірек оқы. Жетістігің көп болған сайын өзіңді жақсы сезінесің. Ал көңіл-күйің көтерілген сайын жетістік-теріңнің де мәні арта түседі. Сонан соң олардың ішінен маңызды он жетістігіңді іріктеп ал.


Карл уәде берді. Дегенмен оны тағы бір сұрақ маза-лап тұрған еді.


– Бұл жеткіліксіз болса ше? Тағы тұйыққа тірелсем не істеймін? – деді ол.


– Онда бір ғажайып болады, – деп жауап берді Марк. Карл досына таңқала қарады да:


– Мен ғажайыпқа сенуім керек пе? Олай деп айтуға қалай дәтің барды?


– Бұл шындық. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жаса-сақ та жеңе алмайтын кедергіге тап болсақ, берілмеуіміз керек, сол кезде ғажайып орын алады. Бұл үнемі осылай болады.


– Сен маған таңғажайыпқа «сен» деп тұрсың ба? Бұл менің қолымнан келе қоймас.


– Жоқ, мен таңғажайып деп өзіміз түсіне бермейтін жағдайларды айтып тұрмын. Біз болып жатқан жағдай-ларға негіз болатын табиғат заңдарын жеткілікті білмей-міз. Оларды білмегендіктен де, таңғажайып деп атаймыз. Сен ментальдық фитнеспен айналысып, өзіндік санаңды көтерген кезде ғажайып күйге түсесің. Сен ғажайыпқа лайық екеніңді сезінесің, ал бұл сенім саған күш береді. Маған сен – ғажайып үнемі болып тұрады.


– Сен де таңғажайып жағдайларды басыңнан кешірдің бе?


 


– Иә, – деп ойлана жауап берді Марк. – Көп жылдар бұрын маған бір егде әйел көмектескен еді. Таңданар-лық болып көрінуі мүмкін, бірақ ол өмірде жоқ адам. Дегенмен, қажет болған кезде ол кенеттен пайда бола кеткен.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу