Өлеңдер ✍️

  07.04.2023
  210


Автор: Аманжол Мақажанов

Шабытты түн...

Тілсіз ғана ұғынысып сырыммен,
Тағы жолдас бола қалдым жырыммен.
Шабыт-шырақ, жағылғанда бұл түнде
Сусындадым, өлең атты шырынмен.

Ұйқы құрбан, түнде шабыт келгенде,
Бір жындыға ұқсармын-ау көргенге.
Біреулерге түнді ұйықтасын деп, сыйлап
Ал, маған ше, өлең үшін берген бе?

Бар ойларым тынышытықпен үндесіп,
Ұйқысыз ақ, көрсем қайтер күн кешіп.
Тағы бір түн аспанымен сырласып
Жұлдыздармен отырғаным тілдесіп.

Керек емес, құрметі де ғаламның,
Түнге мәлім, барлық құны бағамның.
Мен өлеңнен үлкен бақыт таба алғам
Сондықтан да, жоламасын маған мұң.

Түнгі шабыт, жарық етіп санамды,
Қара түнге ай сәулесін жаға алды.
Бұл тіршілік түні қымбат мен үшін
Өлең сыйлар шабыт үшін жаралды.
Жырларымды гүл ғып ғажап әсемдеп
Толтырсам ба шабыт баққан жағамды....

Аманжол Мақажанов 4.04.2023




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу