Шығармалар ✍️
Ғарышкер Юрий Гагарин
1961 жылы 12-ші сәуірде «Байқоңыр» Ғарыш айлағында «Восток-1» атты ғарыш кемесімен тұңғыш Ғарышқа қадам басқан, Кеңес Одағының аға лейтенанты, ғарыш аймағында небәрі 108 минут болып тарих беттеріне аты алтын әріппен жазылған адамзат баласынан алғаш рет ғарышқа ұшып, «Тұңғыш Ғарышкер» атанған Юрий Алексеевич Гагарин болатын. Оның Ғарышқа ұшқан бұл сапары бүкіл әлемнің назарында болып, «Тұңғыш Ғарышкер» ретінде бар әлем таныды.
Біз Гагарин жайында не білеміз, аз кем таныстырып өтсек. Ол 1934 жылы 9 наурыда Смолинск облысы, Гжат ауданы (қазіргі Гагарин), Клушино ауылында дүниеге келген. КСРО ұшқыш-ғарышкері, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең алғашқы адам, полковник (1963) әрі Кеңес Одағының Батыры (1961).
34 жасында, яғни 1968 жылдың 27 наурызында жас қалпында өмірден өтеді. Жас болса да тарихтан өшпес із қалдырып, бүкіл әлемді өзіне қарата білді.
Гагарин жайында қысқа да нұсқа мәліметтер:
«1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.
1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген.
1955жылдан Кеңес армиясы катарында.
1-Чкалов әскери-авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етті.
1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды.
1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды.
1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей араласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды.
1968 ж. Әскери-әуе инженерлік академиясын бітірді.
1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты.
Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында).
Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған. (Мәліметтер ғаламтордан алынды)
Ия, ең алғашқы Ғарышкер атанған Гагариннің пешенесіне небәрі 34 жыл өмір сүру жазылып қойса, тағдырға қарсы тұратын кім бар дейсіз. Саналы ғұмырын Ұшқыш болуға, жас мамандарды жаттықтыруға арнаған Тұңғыш Ғарышкер — Юрий Гагарин артына өшпес мұра қалдырып кетті. «Жақсының аты өлмейді» демекші, оның аты ешқашанда өшпек емес...
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter