07.04.2023
  363


Автор: Ғарышкерлер күні

12 сәуір Ғарышкерлер күні

  12-ші сәуірде адамзат баласы ең алғаш рет Ғарышқа ұшады.  Ең алғаш рет ғарышқа ұшып,  ең алғашқы Ғарышкер атанып,  атағы тарих беттеріне алтын әріптермен жазылған ол Совет Ғарышкері Юрий Гагарин болатын.  Ол 1961 жылы 12 сәуір күні ғарышқа ұшып,  онда небәрі 108 минут тұрақтайды.  Гагариннің  осы 108 минутқа созылған кеңістіктегі шолуы жаңадан игі  бастаманың жаршысына айналғандай.  Ол «Байқоңыр»  Ғарыш айлағында «Восток-1» атты ғарыш кемесімен жердің орбитасын айнала ұшқан.  Гагариннің осы сапары оның «ең алғашқы ғарышкер»  атануына жол ашады. 
     Содан бері  12 сәуір – Халықаралық ғарышкерлер күні болып аталып келеді.  Адамзат баласының алғаш Жер орбитасын айналып өтіп, ғарышқа сапар шеккен уақыты тарих жадынан шықпайды, бұл күн ешқашанда ұмытылмақ емес. Бұл күн расында да ерекше күн болып саналады. Сонымен қатар дәл осы күні   – тек ғарышкерлер күні емес, қызметкерлері күні десек те болады. Себебі ғылымның да жаңа деңгейге көтерілген күні 1961 жылдың 12 сәуірі еді.  Әлемдік деңгейде қарастырар болсақ  ақыл-ойдың даму тарихында алтынмен апталып, күміспен күптелген сәттер аз емес. Сондай ерекше сәттердің  бірі де, бірегейі де – осы 12 сәуір Ғарышкерлер күні болып табылады. 
      Ғарышқа ұшып,  онда көптеген зерттеулер жүргізіп,  қазақстан еліміздің даңқын асырған біздің Ғарышкердеріміз де бар.  Олар Тоқтар Әубәкіров,  Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов.  Олар еліміздің мақтанышы. 
      Ғарышқа ұшу айлағы,  яғни «Байқоңыр»  Қазақстан жерінде орналасқандықтан Ғарышкерлер үшін еліміз үлкен мүмкіндік көрсетіп отыр деп айта аламыз.  Байқоңыры бар біздің еліміз расында да ғажайыптарға толы ел  деп айта аламыз. 
      12 сәуір күні тойланатын Ғарышкерлер күні құтты болсын,  қазақ елі!  Еліміздің мақтаныштары,  біздің сүйікті Ғарышкерлеріміздің ізін басатын мықты да батыл Ғарышкерлер елімізде көбейе берсін!  Ғарышкерлеріміз аман болып,  тың жаңа зерттеулерімен еліміздің абыройы үшін қызмет ете берсін!  Еліміз аман,  жұртымыз тыныш болсын!  Бейбіт күндер жалғасын тауып,  Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! 

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу