Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.04.2023
295
Анашым
Əнін шығарған Əсет Бейсеуов
Ардағым анашым,
Дарасың, данасың.
Маған бар керекті
Іздейсің, табасың.
Қайырмасы:
Жанашыр бауырға,
Жанашыр ауылға
Өзіңсің анашым,
Көп жаса, ауырма.
Түйілмей қабағың,
Жадырап жанарың,
Дейсің сен «айналдым»,
«Боташым», «қарағым».
Қайырмасы.
Шықсам да далаға,
Барсам да қалаға,
Қамқор боп «байқап жүр», –
Дейтін сен, жан ана.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter