Өлеңдер ✍️

  05.04.2023
  364


Автор: Серікбай Оспанов

Алматы

Əнін шығарған Əшірхан Телғозиев
Жырға аты айналған,
Айналған əнге аты,
Бақтары жайнаған,
Арайлы Алматы.
Қайырмасы:
Гүлге көз тұнады,
Көрген ел жырлайды.
Асыр сап бұлағы,
Жаз бойы тынбайды.
Сияқты мереке
Əр келген жай күні.
Бақтары береке,
Апорты əйгілі.
Қайырмасы.
 
Бұл аймақ бүгінде
Жерімнің жəннаты.
Шақырған білімге
Астана – Алматы.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу