03.04.2023
  363


Автор: Ғарышкерлер күні

«Адамға табын, Жер, енді!"

Адамның ғарышқа ұшқан сәтін жырға қосқан ақын – Олжас Сүлейменов. Публицист бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында сол айтулы күннің қалай өткенін баяндады.

"12 сәуір. 1961 жылдың 12 сәуірі. Бұл бүкіл адамзат үшін ғана емес, жас ақын, әдебиетші Сүлейменов үшін де жұлдызды күн болды. Оған дейін де бірлі-жарым өлең жаздым, алайда ол уақытта кітабым да жоқ еді. "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істеп жүрдім. Редактор шақырып, "Ертең адам ғарышқа ұшады" деді. Маған осындай құпияны айтты. Шамасы партияда осыған байланысты қандай да бір ақпарат айтылып жүрген, республикалық газеттің редакторы ретінде ол жоспардан хабардар еді.
Меніңше, Кеңес Одағының барлық редакторы сол тарихи оқиғаның болатынын білді. Алайда тек бір редактор ғана оны өзінің қызметкеріне айтып, өлең жазуын өтінді. Ол менің өлең жазатынымды білетін, себебі әдебиет институтында оқыдым. Әдеби газетте өлеңдерім жарияланған. Содан Федор Боярский осындай ұсыныс айтты. Ерекше редактор болатын.

"Ертең газетте жариялайтындай етіп жаз" деді. Тапсырмасын сол күні орындадым, баспаға тапсырдым", - деп еске алды Сүлейменов.

Ал ертеңі таңертең ақынның қарындастары өлеңі жазылған бір уыс парақты үйге алып келген. Сол күні Олжас Сүлейменовтің өлеңін ұшақпен жүріп таратқан.

"...Содан кейін Федор Боярский 12 сәуірде маған: "Жаз. Өлең аз болады, әрі қарай жаз. Көлемді өлең жаз. Көп. Ғарышқа ұшу туралы жаз. Сен инженерсің ғой, түсінесің..." деді. Себебі оған дейін геология факультетін бітірдім, геолог-инженер болдым. Шын мәнінде адамның ғарышқа ұшуы дегеннің не екенін түсіндім. Мұны бәзбіреулер балықтың құрлыққа шығуы секілді тарихи, биологиялық фактімен салыстыруға болатынын айтты. О, қалай! Авторы есімде жоқ, алайда бұл сәтті салыстыру болды. Содан кейін жаздым. Бір апта жазған болармын. Тоқтамастан жаздым, жаздым. Айғайладым! Себебі мұндай дүние үнсіз жазылмайды. Дауыстап айтып отырып жазылады. Бөлме ішінде ары-бері жүргенімнен үйдегілер де қорқып кететін. Нәтижесінде сәуірде "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасын өндіріске өткіздім", - деген Сүлейменов.








Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу