Әңгімелер ✍️
12 сәуір – ғарышкерлер күні
Бұл мереке – ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні
12 сәуір – адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан күні. Биыл бұл айтулы датаға 61 жыл толды.
1961 жылдың 12 сәуірінде Кеңес одағының аға лейтенанты Юрий Гагарин "Восток" кемесімен алғаш рет Жер орбитасын айналып ұшты.
Небәрі 108 минутқа созылған сапар ғарышты игеруде үлкен қадам болды. Юрий Гагариннің есімі әлемге әйгілі болып, өзі шұғыл майор және Кеңес одағының қаһарманы атағын алды.
Бұл мереке – ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні. Алғаш рет 1962 жылдың 9 сәуірінде КСРО жоғарғы кеңес президиумының өкімімен белгілі бір республикаларда ғана тойланып жүрді. Кейін 1968 жылы халықаралық авиация федерациясының конференциясында айтулы күнді әлемдік дәрежеде атап өту туралы шешім қабылданды.
2011 жылдан бастап бұл күн халықаралық адамның алғаш ғарышқа ұшқан күні (International Day of Human Space Flight) деп аталып жүр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter