Аңыздар ✍️
Аю мен ала тышқан жайындағы аңыз
Барлық аң, құс бір жүретін,
Тату еді Орман елі.
Бұлтсыз, ашық күн күлетін,
Бұл ертеде болған еді.
Аюлардың білесіңдер,
Қыста апаннан шықпайтынын.
Біліп кейде күлесіңдер
Қыс бойы тек ұйықтайтынын.
Естіді екен үнді ол қандай,
Шаңқ етті ме құстың бірі?
Дəл сол жылы бұл қорбаңбай
Ояныпты қыстың күні.
Тұра салып қорбаңбайым
Жан-жағына алақтады.
Ештеңе жоқ тұрған дайын,
Қар астында тамақтары.
Тамақтан ол шегінбейтін,
Байқады аю қарны ашқанын.
Ештеңе жоқ теріп жейтін
Басында да ағаштардың.
Тап болғандай алғаш мұнда,
Қысқы орманның қалың қары.
Шөптердің де, ағаштың да
Қатып қалған тамырлары.
Маңайдағы шарлап елді,
Ойға түсті,
Қырға шықты.
Барар жері қалмады енді,
Аю алты күн ашықты.
Талды талтақ аяғы да,
Барды аралап, достарды да.
Оны тышқан аяды да,
Тамақ əкеп, тосты алдына.
Тыным көрмей,
Бар азығын
Жазда ініне ол тасып алған.
Пысықайын қара мұның,
Сол болды Аюды асыраған.
Қар кеткенше дəн тасыған,
Жолдастыққа болған дайын,
Ақ тышқанның арқасынан
Сыйпап өтті қорбаңбайым.
Бұл көңілді көктем еді,
Жеткен Аю қорегіне.
Риза болып кеткен еді
Тышқанның ол көмегіне.
Қыр арқасын ақ тышқанның
Жыртты Аюдың тырнақтары.
Шиқ-шиқ етті,
Қатты ұстар кім?!
Байғұс құйрық бұлғап қалды.
Бойын ашу алды құрсап,
Ызақоры-ай, қара бұған!–
Ол Аюдың майлы, жүмсақ
Тістеп алды табанынан.
Риза болып көмегіне,
Сыйпағанын ол ұқпады.
Өйтіп сыйпап керегі не,
Тоны жолақ болып қалды?!
Жасқанады ол содан бері
Ормандағы бар аң, құстан.
Тимесе Аю болар ма еді
Дəл осындай ала тышқан?!
Екеуінің арасында
Сөйтіп керіс басталады.
Аю əлі, нанасың ба,
Тышқан көрсе, бас салады!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter